Байланысты: ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ИГЕРУДЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ Кәдірұзақ Ә.Н., Нұрхан А., Оразова Д.Г., Батырбаева А.А – т.ғ.к. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті Алматы қ.
Жоғары оқу орындарында техникалық мамандықта білім алып жатқан студенттер
арасында экология және тұрақты даму пәні бойынша оқу материалын ұсынудың аса
тиімді формаларының бірі - мультимедиялық технология көмегімен пәнді өткізу
барысында жинақталынған тәжірибе жаңашыл компьютерлік технологияны кеңінен
қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі замануи уақытта, яғни оқу материалын берудің жаңашыл формаларын талап
ететін уақытта, практиктердің көзқарасы бойынша, білімді ақпараттандыру – қоғамды
ақпараттандырудың басым бағыты, ал ғылыми конференцияларда үйреншікті болған
мультимедиялық презентациялар жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде белсенді түрде
пайдаланылады [1].
«Жоғары оқу орындарына түскен студенттердің оқып-білу барысында қандай
қиыншылықтар туындайды?» – деген сауалға жауап ретінде студенттер біліктілігі мен
өзінің пікірінде тұра білу, қойылған сұрақтарға аргументті түрде жауап беруі, өз
жобасының презентациясымен қатыса білуі, тыңдалынған баяндаманы бағалау бойынша
дағдылардың жеткіліксіздігін көрсетті. Оның ішінен студенттерге экологиялық білімді
қалыптастыру үрдісінде олардың дамитын қабілеттері ғана қызықтырады. ЖОО-на түскен
студенттердің мәтінді оқуда және мағынасын түсінуде, аутентті сөзді дыбыспен
қабылдауда, сөйлеуде, еркін тақырыпта эссе жазуда, қорытындылай білуде,
баяндамалармен шығып сөйлеуде үлкен қиыншылықтарға тап болады. Осындай жағдайда
білім беру үрдісін кеңінен ақпараттандыру, яғни компьютерлендірілген заманда әсіресе,
жас буынның тіршілік саласында ақпараттық технология кеңінен қолданылатын жағдайда,
замануи білімнің көптеген өзекті мәселелерін шешуге қабілетті. Сондықтан, атап
көрсетілген мәселелерді шешу жолдарының біреуіне жаңашыл компьютерлік
технологияны - мультимедиялық презентациялар жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде
белсенді түрде пайдаланылады.
Ақпараттық технологиялар және телекомуникация институтының бірінші курс
студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша cтуденттердің 77 %-ның
мультимедиялық презентацияны дайындаудың мектепте алған тәжірибесі бар. Сауалнама
бойынша аудиовизуальды ақпаратты жеткізудің әдістерін ранжирлеу нәтижелері: бірінші
орында мәтін (98 %), келесі кезекте сурет (95 %), кесте (85 %), сызба-нұсқалар (80 %),
дыбыс (65 %), видео және анимация (60 %).