«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет90/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   160
Ключевые слова: ракета-носитель «Протон-М», космодром «Байконур», гептил,  
риск поражения организма, отказ от опасных технологий 


128 
 
 
Abdrazak P.H. 
Influence of starts of rockets - carriers from Baikonur Cosmodrome on environment 
and population health 
In article environmental problems connected with start of rockets - Proton-M carriers on 
environment are considered. 
Keywords: carrier rocket "Proton-M", Baikonur spaceport, heptyl, risk of defeat of an 
organism, refusal of dangerous technologies 
2007  жылы      қыркүйектің  алтысында    «Байқоңыр»  ғарыш  айлағында  «Протон-М» 
зымыран-тасығышы құлады. Бұл 1996 жылдан бергі жетіншісі, қалған алтауы да зымыран 
тасығышының құлауынан болды. 
2006 жылдан бастап «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон-М» зымыран тасығышы 
16  рет  ұшырылды.  Зымыран  ұшқанда,  зымыран  тасығышының  бірінші  бөлігі  Ұлытау 
ауданына  түседі.  Бұл  аймақтарда  темір  жол  және  автокөлік  жолдары,  электр  сымдары, 
Құмкөл  мұнайлы  ауданының  вахталы  ауылдары  орналасқан.  «Протон-М»  зымыран 
тасығышының  қалдықтары  түсетін  ең  қауіпті  аймақ  –  Қарағанды  облысының  Ұлытау 
және  Шет  аудандары  болып  саналады.  Ол  аймақта  Қызылорда  -  Павлодар  және 
Екатеринбург  -  Алматы  автожолының  аумағы,  Петропавл  -  Алматы  теміржолының 
аумағы,  Павлодар  -  Шымкент    жерасты  мұнай  құбырларының  аумағы,  электр  сымдары 
және  жайылымдар  орналасқан.  «Протон-М»  зымыран  тасығышының  қалдықтары  тек  
Қазақстан  аймағына  ғана  емес,  сондай-ақ  Ресей  Федерациясының  Алтай  өлкесі,  Алтай 
Республикасы,  Хакасия,  Тува  аймақтары,  Қытай,  Монғолия,  Солтүстік  және  Оңтүстік 
Корей Республикалары, Жапонияға да түседі /1/. 
«Протон» сериялы  зымыран тасығышы аса қауіпті түрге жатады. Ол Ресейдегі  М.В 
Хруничев  атындағы  мемлекеттік  ғылыми-өндірістік  орталықта  жасалады.  1965  жылдан 
бастап  320  зымыран  тасығышы  ұшырылды.  «Протон-М»  зымыран  тасығышының  3 
деңгейі бар. Бастапқы салмағы - 700 тонна, ұзындығы - 61,75 метр, диаметрі - 7,4 метрді 
құрайды.  Жаңа  қозғалтқыш  «Бриз-М»және  заманауи  цифрлы  басқарумен  жабдықталған. 
«Протон» геостатционарлы орбитаға жалпы салмағы 4,2 тоннаға дейін бірнеше спутникті 
шығара алады. 
Зымырандарды  жөнелткендегі  атмосфераға  енетін  токсинді  заттарға  көміртегі 
қышқылы жатады. РН «Протонды» жөнелту кезінде атмосфераға бұл заттың 17 тоннасы 
шығарылады.  Карбюраторлы  автомобильдер  жылына  1  т  бензин  қолдану  есесімен  орта 
есеппен  0,42  т  көміртегі  қышқылын  шығарады.  Осылайша,  бір  ғана  РН  “Протонның” 
жөнелтілуін  көміртегі  қышқылының  көлемі  бойынша  40,5  автомобильдің  жылдық 
эксплуатациясына  теңеуге  болады.  Көміртегі  қышқылының  негізгі  көзі  жанармайдың 
өндіріс  пештерінде,  котелді  және  автомобильді  двигательдерде  толымсыз  жануы  болып 
саналады /2/. 
Аймақтың ластануы зымыран тасығыштың ұшу траекториясына байланысты болып 
келеді. Қоршаған ортаға зиян зымыран тасығыштың өзінің бөліктерімен қатар, өндірілмей 
қалған  жанар-жағармайдың  қалдықтарымен  де  ластанады.  Ластанған  аймақтың  көлемі 
жергілікті  жердің  геометеорологиялық  және  географиялық  ерекшеліктеріне  байланысты 
бірнеше  гектарға  жетеді,  сонымен  қатар  сұйық  зымырандық  жанар-жағармайдың 
компоненттері және оның өнімдері су арқылы жүздеген километрге дейін тасымалданады 
/3/. 
Гептил (1,2 симетриялы емес диметилгидрозин, НДМГ) 1-ші дәрежелі қауіпті токсин 
бөледі. Ауада гептил 0,01 мг/л болған жағдайда бірнеше минуттан кейін ауыр улану пайда 
болады.  Атмосфералық  ауада    ШМК  көлемі  0,0001  мг/л  немесе  0,001  мг\м3  құрайды. 
КСРО қарулы күштерінде гептилді  ұзақ  уақыт пайдалану себебінен көптеген мәліметтер 
жинақталған.  Оның  дәлелі  ретінде  -  әскер  құрамындағы  адамдардың  денсаулығына 
гептилдің кері  әсері. Тағы да анықталғаны ашық ауада гептилдің ШМК 0,1 мөлшері ашық 
байланысқа  түскенде  2  жыл  көлемінде  адам  денсаулығына  кері  әсерін  тигізеді  /4/. 


129 
 
Негізінен  балалар  үшін  ШМК  мөлшері-  0,00001  мг/л,  екіқабат  әйелдер  үшін  –  0,000001 
мг/л немесе 0,00001 м
3
 болуы қажет. 
Адам  денсаулығының  бұзылуы  сәуле  әсерінен  пайда  болатын  аурулармен  сәйкес 
келеді  (рак,  лейкоз,  цитопения,  астерия  және  т.б),  соның  салдарынан  қате  диагноз 
қойылады.  Мұндай  аурудың  белгілері  ұқсастығы  соншалық,  дәрігерлер  ауыр  сәулелік 
диагнозын  қоюға  мәжбүрлейді.  Дегенмен  ионтектес  шағылудың  болмауынан  радиация 
әсерін  жоюға  мүмкіндік  береді.  Табыншылар,  шопандар,  мал  бағушылар  зымырандық 
жанар-жағармайдың әсерінен көп зиян шегеді және зейнеткер жасқа жетпей рак ауруынан 
қайтыс болады. Жас ерекшелігіне байланысты қауіп әртүрлі: жас мөлшері қанша аз болған 
сайын,  оларда  патологиялық  аурулар  көп  кездеседі  (қалтырау,  бауыр  аурулары,  қан 
аурулары  және  ларингостеноз).  Еркектерге  қарағанда  әйелдерде  қан  аурулары  көп 
кездеседі.  Ұрық  іште  жатып  зақымдануына  байланысты,  сәбилер  арасында  бұл  аурудың 
қаупі жоғары. РН фрагментімен байланысқа түскен адамдарда денсаулық нашарлау қаупі 
жоғары.  Оларға  жанар-жағармай  ыдысымен,  әртүрлі  ұсақ-түйек  сынықтармен  және 
өндірісте жұмыс жасайтын адамдар жатады. 
Улы  токсинді  жанар-жағармаймен  ұшатын  зымыран  тасығыштың  тұрғындар 
денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  зиянды  әрекетін  дәлелдейтін  көптеген  мәліметтер 
жинақталған. Гептил адам ағзасына, қоршаған ортаға аса зиянды. Ресей ғалымдарының өзі 
оның зияндық қуаты химиялық қарудан кем емес екенін жоққа шығармайды. Ол ауаға тез 
араласады,  әсіресе,  жел  жақтан  таралғанда  аса  қауіпті,  көп  аумақтың  ауасын  залалдауы 
мүмкін.  Гептил  топыраққа  да,  суға  да,  тіпті  металл  бетіне  де  сіңе  береді.  Болмайтын  аз 
мөлшерінің өзі ауа, су, топырақ арқылы адам ағзасына әсер етеді. Оның ағзаны «мүжуі» 
білінбейді,  ұзақ  жылдарға  созылады.  Яғни  гептилмен  залалданған  ағза  арада  бірнеше 
жылдар өткен соң да ауруға ұшырауы мүмкін. Ең қауіптісі – гептил ауада, суда, топырақта 
ыдырап,  одан  аса  улы  заттар  бөлініп,  таралып,  сіңеді.  Ағзада  жинақталып,  жасушалық 
деңгейге дейін ене алады /5/. 
Бак құлаған кезде, жанар-жағармай қалдықтары ауаға ұшып кетеді және улы бұлттар 
пайда болады. Дәл осылай зымыран ұшатын трасса бойында қоршаған ортаның ластануы 
жүреді.  Жаңа зымыран ұшқан сайын  ластанған аймақтың аумағы өсе береді /6/. 
Ғылыми еңбектерден улы отынмен ұшатын зымырантасығыштардың қоршаған орта 
мен  адам  денсаулығына  келтiретiн  зиянды  әсерiн  дәлелдейтiн  талай  деректi  табуға 
болады. Ең қорқыныштысы сол, гептилмен уланған адам қатерлi iсiкке шалдығуға бейiм 
келедi  немесе  мүгедек  болып  қалады.  Отын  ыдысы  (бак)  құлаған  кезде  жанармайдың 
қалдығы  ауаға  тарайды,  зымыранның  бiрiншi  және  екiншi  сатысындағы  қозғалыс 
траекториясымен жерге шөгедi. Сөйтiп, зымыранның ұшқан бағытына қарай барлық жер 
бүлiнедi. Гептил төгiлген жер ондаған жыл бойы адам өмiрiне қауiптi  орынға айналады. 
Ол  соншалықты  сiңгiштiгiмен  ерекшеленедi,  жерге  төгiлген  бетте  құрғақ  топыраққа  үш 
метрге  дейiнгi  тереңдiкке  кетедi,  дымқылға  жеткен  соң  сумен  араласады.  Бiр  ғажабы, 
жаңбыр  жауған  кезде  жоғары  қарай  көтерiледi.  Гептилдiң  өзiндiк  физика-химиялық 
қасиетi  оны  залалсыздандыруды  қиындатады.  Гептил  түскен  жеріне  жабысқыш  болып 
келеді. Ресей ғалымдары 34 жыл бойы гептилді бір орыннан қайта-қайта кездестірген /7/. 
Гептилдiң  улылығын  ескерген  Ресейдегi  ғарыш  әскерiнiң  басшылығы  ғарышқа 
шағын  нысандарды  алып  шығатын,  улы  отынмен  жұмыс  iстейтiн  “Циклон-3”,  “Космос-
3М”,  “Рокот”  үлгiсiндегi  зымыран  тасығыштарға  тапсырыс  берудi  тоқтату  туралы  2006 
жылы  шешiм  қабылдады.  Алайда  қысқартылған  бұл  зымыран  тасығыштар  негiзiнен 
Ресейдiң  “Плесецк”  және  “Свободный”  (бұл  таяуда  жабылды)  ғарыш  айлақтарынан 
ұшырылады.  Ал  қуатты  “Протон”  және  “Днепр”  зымыран  тасығыштарын  ұшырмау 
туралы мәселе қарастырылмады. 
Осыған орай бұл шара Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігін сақтау емес, ресейлік 
қауымның  пікірлерін  басуға  арналған.  Осы  ұшу  динамикасын  сақтаған  жағдайда,  соңғы 
бес  жыл  ішінде  80-100  рет  ұшырады.  Оның  15-20  жағдайында  апатқа  ұшырау  қаупі  бар 


130 
 
/8/.  Ескі  техниканы  жаңартып,    керосинмен  ұшатын  зымырандарды  ресейліктер  қаражат 
жағынан үнемдеп қолданбай отыр. 
 «Протон» 
РТ алғашқы ұшыру  құрылғысы  1965  жылы,  екіншісі —  1966 
жылы және тағы екеуі — 
1979 
жылы 
пайдалануға енгізілді. 
Ал 
2001 
жылы 
модернизацияланды.  Алайда  ғалымдардың  айтуынша    зымырандарды  модификациялау 
бағдарламалары  нәтижеге  алып  келмей  отыр.  Оған  дәлеле  1996  және  1997  жылдары  1 
апаттан, 1999 жылы екі апат, 2002 және  2006 жылдары бір-бір апаттан, 2007 жылы тағы 
бір апат болған. 
2013  жылдың  2  шілдесінде  "Байқоңыр"  ғарыш  айлағынан  көкке  көтеріле  бере  үш 
"Глоннас-М" байланыс жерсерігі бар  "Протон-М" зымыран-тасығышы құлап, үлкен апат 
орын  алған.  Осыған  байланысты  Қазақстан  Ресейге  экологияға  келтірген  зияны 
шығынының  өтеуі  ретінде  90  млн  доллар  талап  еткен.  Кейіннен  Ресей  бұл  соманы 
нақтылау үшін өзіндік сараптама жүргізетіндерін мәлімдеген болатын. Жуырда Премьер-
министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Байқоңыр" аймағына ҚР экология 
кодексінің  ықпал  ету  және  шығынды  өтеу  мәселесінің  сағыздай  созылып  кеткендігіне 
көңілі толмайтындығын білдірген еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет