«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет92/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ 
Ақынбеков М 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
Аңдатпа 
Бұл мақалада Орталық Қазақстанның су ресурстары қарастырылған. Сонымен қатар 
Орталық  Қазақстанның  су  ресурстарының  көздері,  олардың  қоры,  сондай-ақ  олардың  су 
ресурстары бойынша басты мәселесі, яғни су тапшылығын жою шаралары берілген. 
 


131 
 
Аннотация 
В  статье  рассматривается  водные  ресурсы  Центрального  Казахстана.  Также 
приведены  источники  водных  ресурсов,  запас  воды  Центрального  Казахстана  и 
определены меры по решению основной проблемы водных ресурсов – дефицит воды. 
 
Abstract  
This  article  discusses  water  resources  of  Central  Kazakhstan.  Also  provides  sources  of 
water  resources,  water  supply  of  Central  Kazakhstan  and  determined  action  to  solve  the 
underlying problem of water - water shortages. 
 
Қазақстан  Республикасының  су  ресурстары  қолданылып  жүрген  немесе  болашақта 
қолданылатын су объектілеріне негізделген жер асты және жер бетіндегі  су қоры болып 
табылады.  
Орталық  Қазақстан  –  әрі  шағын,  әрі  тұйық,  Нұра  және  Сарысу  өзендерінің  алабын 
алып  жатқан  ортаңғы  бөлік.  Орталық  Қазақстан  –  республикамыздың  суы  жетіспейтін 
аймақтарының бірі болып табылады. Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш 
көлі, ал қалған аймағында (Қыпшақ, Қарасор, т.б.) ұсақ көлдер орналасқан. Олардың көбі 
ащы  көлдер  болып  табылады.  Сондықтан  да  Орталық  Қазақстанды  сумен  қамтамасыз 
етудің халық шаруашылығындағы маңызы зор. Судың жетіспеуі ауыл шаруашылық және 
өнеркәсіп салаларының дамуына әсерін тигізеді. Бұл ауданның сумен қамтамасыз етілуін 
жақсарту  үшін  көптеген  өзендерде  бөгеттер  және  Ертіс-Қарағанды  каналы  және  су 
қоймалары салынды [1, 6-8 б.].  
Су  ресурстарының  тапшылығы  Қазақстан  Республикасы  үшін  толғандыратын 
мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда су – ауыл шаруашылығы тұрақтылығын 
анықтайтын, сонымен қоса өнеркәсіп, энергетика, экономика салаларының ішіндегі басты 
фактор болып есептеледі. 
Су  ресурстары  тапшылығының  басты  себебі,  шекаралас  мемлекеттердің 
аймағындағы  ағынды  сулардың  қалыптастырылып,  оларды  экстенсивті  пайдалану  және 
тұтынушылардың  әдеттен  тыс  суландыру  және  судың  шығындары  болып  табылады. 
Елімізде  жер  бетінің  су  қабығы  біркелкі  орналаспаған  және  мезгіліне  қарай  өзгеріп 
отырады.  Сондықтан  Қазақстан  Республикасының  басты  міндеттерінің  бірі  суды  үнемді 
пайдалану деп тұжырымдауға болады. Себебі бұдан су қорының жүйесін сақтап қалумен 
қатар болашақта экологиялық апаттардың алдын алу болып табылады. 
Су тапшылығы халықтың өмір  сүру  деңгейіне, сонымен қатар экологиялық  жүйеге 
де өз әсерін тигізеді. Бірақ ең маңыздысы - елдің экономикалық өсуіне қауіп тудырады. Су 
ресурстарының  тапшылығы  жағдайында  судың  қауіпсіздік  мәселесі  мемлекеттің  ұлттық 
қауіпсіздік компоненті түрінде қарастырылады. 
Су ресурстарының тапшылығын жою үшін оларды пайдалану тиімділігі сияқты қол 
жететін  көлемдерін  өсіруді  қадағалау  қажет.  Бұл  екі  топтағы  шаралар  арқылы  іске 
асырылады.  Біріншісі  тұтынушылардың  санаттары  бойынша  суды  тұтынуды 
салыстырмалы  түрде  ұтымды  етіп,  төмендетуге  бағытталған.  Бұған  су  жинау  алаңының 
орманды  жерлерін  ұлғайтып,  инфрақұрылымның  барлық  түрлері  бойынша  суды  жеткізу 
кезінде  шығынның  деңгейін  төмендетуге  негізделген  шаралар  енгізілген.  Екіншісі,  
инфрақұрылым  жобаларын  іске  асырып,  жер  асты  су  ресурстарын  барлау,  халықаралық 
ынтымақтастықты күшейте отырып, су ресурстарына қол жеткізуге бағытталған.  
Егер  де  қол  жетімді  су  ресурстарын  және  суды  пайдалану  тиімділігін  арттыру 
бойынша жеткілікті шараларды қабылдамаса, судың тапшылығы келесі салдарға әкеледі:  
1.  Орталық  Қазақстанның  өзен  және  батпақты  жерлерінде,  Балқаш  көлінде  балық 
аулау кәсібі, өзен және көл экожүйесін әрі қарай шектеу арқылы қоршаған ортаны қорғау 
мақсатында жіберілетін су көлемін төмендету және т.б.; 


132 
 
2.  Экономика  мақсаттарында  ауыл  шаруашылығында  суды  тұтынуды  нормалау, 
сонымен  қатар  өнеркәсіпте,  гидроэнергетикалық  салада,  елді  мекендерді  сумен 
қамтамасыз етуде үзілістердің болуы; 
3.  Сумен  қамтамасыз  ету  көздерін  енгізудің  қажеттілігіне  байланысты сумен  қамту 
шығындарын  көтеріп  (қайтадан  екінші  рет  қолдану,  магистралдық  құбырлар), 
бассейндердің арасындағы су ресурстарын бұру.  
Аталған  шараларға  толықтыру  ретінде  қазіргі  кездегі  климаттың  өзгеруі  де 
Қазақстан Республикасының орман қызметі мен су ресурстарын тұрақты жағдайда сақтап, 
ұстап  тұру;  атмосферадағы  көмірқышқыл  газын  жұтылдыру  сияқты  іс-әрекеттер 
айтарлықтай болып отыр.  
Өзендердің  сортаңданып,  олардың  ағысының  көлемі  қысқаруын  болдырмау 
мақсатында  тоғайлы,  таулы,  жайылымды  ормандарды  сақтау,  сонымен  қатар  су  бұру 
алаңдары орманды өсіру әрекетімен қамтамасыз ету керек. Экожүйелерді тұрақты дамыту, 
биологиялық  алуантүрлілікті  жүйелі  түрде  сақтау  мақсатында  ерекше  қорғауға  алынған 
табиғи аймақтарда орналасқан су айдындарына қатысты мәселелерді шешу керек.   
Сонымен  қоса  өте  маңызды  мәселердің  қатарына  су  ресурстарын  шоғырландыру, 
басқару  принциптері  мен  тәжірибесін  нығайту  және  су  ресурстарын  басқару 
мекемелеріндегі  қызметкерлердің  біліктілік  деңгейін  арттыру  бойынша  мемлекеттік 
қолдау,  халықаралық-құқықтық  келісімдердің  негізінде  шекаралық  ынтымақтастықты 
нығайту жатады.   
Қазіргі  уақытта  Орталық  Қазақстан  су  ресурстарында,  яғни  Нұра-Сарысу 
бассейндерінде  аймақтық  су  тапшылығы  байқалады.  Осының  нәтижесінде  ауыл 
шаруашылығы мен балық саласында айтарлықтай шығындар болып отыр, сонымен қатар 
Балқаш  көлінің,  өзендердің,  су-батпақты  жерлердің  және  экожүйелердің  құлдырауы 
байқалады [2, 135-137 б.]. 
Суды пайдалану деңгейінің өсуі және  су ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейінің 
төмендеуі  аймақтық  су  тапшылығының  артуымен  қауіп  төндіреді,  бұндай  жағдайда 
Орталық  Қазақстанның  екі  су  бассейнінің  біреуі  2020  жылға  қарай  су  тапшылығына 
ұшырауы  мүмкіндігі  бар.  Су  ресурстарын  пайдалану  және  басқару  тиімділігі 
арттырылмаса,  2040  жылға  қарай  су  жетіспеушілігі  артып,  халықты  сумен  қамтамасыз 
ету, ЖІӨ өсуі және Орталық Қазақстанның экологиялық жағдайы нашарлайды.  
Орталық  Қазақстан  облысы  бойынша  су  ресурстарының  негізгі  орташа  жылдық 
көлемі шамамен 30 км
3
 құрайтын  жер беті  сулары болып табылады (
1
-кесте). Оның 56% 
жергілікті  өзендер  (негізгі  Нұра-Сарысу  бассейні),  ал  қалған  44%-ы  бастауы  Қытай, 
Өзбекстан,  Ресейден  басталатын  трансшекаралық  өзендер  (негізгі  Балқаш-Алакөл 
бассейні)  ағындыларының  негізінде  қалыптасады.  Көрші  елдер  аймағындағы 
трансшекаралық  өзендерден  судың  құйылу  тәуелділігі  индексі  бойынша  Қазақстан 
Республикасы  Португалия,  Израиль  сияқты  елдермен  бір  қатарда  тұр.  Бұл  елдегі  су 
мәселесін  шешу  үшін  трансшекаралық  өзендерден  судың  құйылуын  реттеу 
маңыздылығын біршама арттырады [3, 12-14 б.].   
 
1-кесте.  Орталық  Қазақстан  бассейндерінің  жер  беті  сулары  мен  басқа  көздерден 
алынатын су ресурстарымен қамтамасыз етілуі 
 
Бассейннің атауы 
Жергілікті 
су ресурс-
тары, км
3
 
Трансше-
каралық су 
ресурс-
тары, км
3
 
Жер асты 
сулары, км
3
 
Өзге су 
көздері, км
3
 
Су ресурс-
тарының 
жиыны, 
км
3
 
Балқаш-Алакөл 
14,3 
13,1 
0,3 
0,5 
25,3 
Нұра-Сарысу 
2,5 
 
0,2 
0,2 
4,4 
Орталық Қазақстан 
16,8 
13,1 
0,5 
0,7 
29,7 


133 
 
бойынша барлығы 
 
2012  жылы  Нұра-Сарысу  бассейнінде  –  қол  жетімді,  тұрақты  су  ресурстарының 
жылына  0,1  км
3
  көлемінде  тапшылығы  байқалған.  Тәжірибеде  бұл  өзен  және  көлдің 
экологиялық  жүйелерін  сақтау  үшін  табиғатты  қорғау  мақсатында  пайдалануға  судың 
жетіспейтінін білдіреді. 2020 жылға арналған бағдарламада:  
1.  Су 
ресурстары  тапшылығында  қол  жетімді  ресурстарды  қысқартудың 
нәтижесінде трансшекаралық  ағыстарды азайтып, тұтынудың өсімі екі  бассейнге де әсер 
етеді. Тапшылық  2040 жылға дейін өсіп, жылына 1,5 км
3
 құрауы мүмкін (таза тұтынудың 
50 пайызы).  
2.  Суды  қарқынды  қолдану  кезінде  тапшылық  1,5  км
3
  өсуі  мүмкін.  Нұра-Сарысу 
бассейндерінің  жағдайы  тұтынудың  болжанған  көлемінің  50  пайыздан  аса  мөлшерін 
құрайды.  
2-кестеде  бассейндерді  су  ресурстарымен  қамтамасыз  ету  және  суға  сұраныс 
динамикасы көрсетілген. 
 
2-кесте. Экономикалық тұтынушыларды су ресурстарымен қанағаттандыру 
 
Бассейннің 
атауы 
Қол жетімді, 
тұрақты және 
сенімді су 
ресурстары, км
3
 
Суға сұраныс, км
3
 
Тапшылық/ профицит, 
км
3
 
2012 
2040 
2012 
2040 
2012 
2040 
Балқаш-Алакөл 
3,9 
2,9 
3,2 
4,8 
0,8 
-1,6 
Нұра-Сарысу 
-0,1 
1,2 
0,7 
1,5 
0,6 
-1,5 
Мемлекет 
бойынша орташа 
3,8 
4,1 
3,9 
6,3 
1,4 
-3,1 
 
Басқа  елдермен  салыстырғанда  Қазақстанда  суды  пайдалану  тиімділігі  төмен: 
Қазақстанға  жалпы  ішкі  өнім  (ЖІӨ)  1000  долларына  97  м
3
  су  қажет  етіледі,  бұл 
Австралияның (15 м
3
), Бразилияның (26 м
3
), АҚШ (31 м
3
), Ресейдің (33 м
3
), ҚХР-дың (67 
м
3
) көрсеткіштеріне сәйкес келеді [4, 25-29 б.].   
2012  жылы  ауыз  су,  өндірістік  және    ауыл  шаруашылығы  қажеттілігіне  су  тарту 
көлемі шамамен 19,5 км
3
 құрайды, бұл барлық су ресурсының 20% алады. Бұның ішінде, 
негізгі  бөлігі,  яғни  68  пайызы  -  ауыл  шаруашылығында  қолдануға,  27  пайызы  – 
өнеркәсіпке және қалған 5 пайызы коммуналдық шаруашылыққа тиесілі. 3,7 км
3
 көлемдегі 
су – қолданушылардың су шаруашылығы жүйесіне кері қайтарылады, сонымен қатар кері 
қайтқан судың 90 % өнеркәсіпке тиесілі. Суды тартуға негізделген  тасымалдау кезіндегі 
су ысырабы орташа шамамен ауыл шаруашылығы тұтынушыларына – 60 %, өнеркәсіптік 
тұтынушыларға 40 % және коммуналдық шаруашылықтарға 50 % құрайды.  
Су  ресурстарын  муниципалды  тұтыну  және  ауыл  шаруашылығында  пайдалану 
қазіргі  кездегі  тиімділігі  сақталып,  өнеркәсіпте  суды  қолдану  тиімділігін  біркелкі 
арттырған  жағдайда  2040  жылға  қарай  су  тарту  29,7  км
3
,  ал  су  тұтыну  (су  ысырабын 
есепке алғанда) 24,6 км
3
 дейін тұрақты артады деп күтілуде. 
Климаттық жағдайлар бойынша су ресурстары еліміздің экономикасы мен халықтың 
тіршілігіне  қиындық  тудырмайды.  Экстремалды  немесе  оған  жақын  жағдайларда 
өзендердің  су  ағынының  құрылуы  бойынша,  тіпті  жазда  толығымен  құрғап  қалатын  су 
ағыстарының  өздері  төтенше  жағдайлардың  тууына  қауіп  төндіреді.  Көктем  немесе 
көктем-жаз  мезгілдеріндегі  судың  толуына  байланысты  Қазақстанның  барлық 
аймақтарында су тасқыны кездеседі.  


134 
 
Көптеген  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  нәтижесі  бойынша  су  тапшылығын 
болдырмау үшін келесідей шаралар жасау қажет [5, 11-12 б.]: 
1.  Трансшекаралық  су  бойынша  келіссөз  жасау,  яғни  көршілес  мемлекеттерден 
келетін  су  ресурстарының  көлемі  мен  сапасын  бақылап,  сол  мемлекеттермен  бірлесе 
отырып,  олардың  аумағында  Қазақстан  Республикасының  «Жасыл  экономикаға»  көшу 
концепциясына сәйкес «жасыл» инфрақұрылымдарды құру; 
2.  Жер  асты  суларын  қолдану.  Ғалымдардың  болжамы  бойынша  жерасты 
суларының қоры тұщы су көздерінің қорына қарағанда көлемі жағынан бірнеше есе көп. 
Жерасты  суларының  қорының  көлемі  және  сапасы  жеткілікті  түрде  зерттелмеген,  тіпті 
олардың  карталары  да  қаншама  жылдар  бойы  жаңартылмаған  көрінеді.  Су  ресурсымен 
қамтамасыз  етудің  нағыз  көзі  жерасты  сулары  болуы  үшін  оларды  тиянақты  зерттеу 
қажет.  Қазақстан  Республикасында  су  ресурстарының  бұл  көзінің  шамалы  бөлігі  ғана 
қолданылады. 
3.  Жаңа  инфрақұрылым  салу.  Инфрақұрылымдық  жобаларды  іске  асырудың  негізгі 
мақсаты ластанған су  ресурстарын  тазартып, кері  қайтарылған суларды қайта пайдалану 
арқылы сумен жабдықтаудың баламалы нұсқаларын қарастыру болып табылады. 
Қазақстан Республикасы «Жасыл экономика» тұжырымдамасын қабылдау су қорын 
үнемді пайдалануға әкеледі [5, 15 б.]. 
Соның ішінде: 
1.  Өнеркәсіпте –  суды  үнемдеу  технологияларын  енгізу,  тұтынылатын  судың 
мөлшерін  азайту,  сарқынды  суларды  қайтадан  пайдалану  және  сумен  қайталама 
жабдықтау,  өнеркәсіптік  кәсіпорындар  үшін  суды  жинау  және  тазарту  стандарттарын 
арттыру жұмыстарын; 
2.  Ауыл  шаруашылығында - суарудың  жаңаша  әдістері  мен  басқа  да  су  үнемдеуші 
заманауи технологияларын енгізу, құны неғұрлым жоғары дақылдарға және суды аз қажет 
ететін дақылдарға көшу жұмыстарын; 
3.  Коммуналдық  шаруашылықта  -  үйлер  мен  коммуналдық  желілерде  судың  ағып 
кетуін  жою;  тарату  тораптарында  судың  қысымын  бақылау  жұмыстарын  жетілдіру 
арқылы «Жасыл экономика» тұжырымдамасын дамыту мақсатында көптеген нәтижелерге 
жеткізеді. 
Осындай  мәселелерді  шешу  үшін  ескі  жабдықтарды  жаңартып,  жоғары  дәрежелі 
техникалық су тазартқыштарына көшіп, сонымен қоса ағынды суларды тазалайтын жаңа 
бекеттер салу жұмыстарын қолға алған жөн. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет