Байланысты: ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)
Жарылу – жылу және газ заттарын шығарып қирату процесін туғызатын өте тез
жану процесін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады. Бұл заттар ауада
олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады. Жаңғыш сұйық заттардың
өрт қауіптілігін анықтайтын факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі.
Дегенімен жарылысқа аса қауіпті өндіріс орындарына мұнай зауыттары
жатқандықтан, әлемнің түкпір-түкпірінде мұнай зауыттарының жарылысқа ұшырауы
жиі болып жатады. Еліміздің Батыс өңірінен бұндай жаңалықтарды көп естиміз.
Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) бар: Павлодар МӨЗ, Атырау МӨЗ,
Шымкент МӨЗ.
1985 жылы тұрғызылған Шымкент мұнай өңдеу зауыты республикадағы ең жаңа
зауыт болып табылады. МӨЗ “ПКОП” Шымкент қаласы орталығынан 10 км де
орналасқан, зауыт жанында тұрғындар мен өнеркәсіп аудандары жоқ. Жақын
елдімекен 2,5 км қашықтықта орналасқан. МӨЗ жер телімінің бірдей биіктігінде
орналасқан. Жалпы ауданы 335,05 га. Зауыт өрт пен жарылысқа тәуекел қауіпті.
Бірақ, зауыт жұмысы жай риформинго дистиляционды болып табылады, сондықтан
жұмыс қысымы орташа
Шымкент МӨЗ өртке тұрақтылығы бойынша 2 дәрежеде болса, жарылысқа
қауіптілігі бойынша зауыттың цехтары А,В,Д категориясына жатады. (Мысалы,
мазутты вакумды айдау процессі А катерегориясына жатса, ЛК-6У қондырғысында
РТП-1,2 цехы Д категориясына жатады). Соңғы жылдары 2008-2013 жылдарғы
статистикалық мәліметтерге сүйенсек зауытта апаттар мен травматизм, жарылыс
болмаған. Дегенмен, қондырғылардың түрлеріне қатысты, әсіресе газды айдау
қондырғыларында жиі ақаулар болып отырады. Мысалы, 26.01.2012ж ТСЦ-дағы 306/1
резервуарында бензиннің төгілуі болған, оның себебі бір резервуардан келесі
резервуарға құйылып жатқанында биіктікті елемеген болып шықты.
Мұнай өндіруші зауыттың жарылысқа қауіпті заттарының тізімі: көмірсутек,
H
2
S, аммиак, бензин буы, ксилол, бензол, пропан, изобутан, күкіртек оксиді, күкіртті
ангидриді, азот оксиді, n-метил анимин мазут және т.б.
Барлық цехтарда ШМК-сын мұқият сақтап жұмыс атқарылады, дегенмен бұл
зауыттың 2014 жылғы қаңтар айында жасалынған есебі бойынша бензин құю
эстакадасында үлкен ауытқуларды байқадық. Бұл эстакадада бензинді келесі ярусқа,
цистерналарға құйылуында да өзгерістерді байқаймыз(ШМК-сы 5 есе асырып отыр!)
Барлық өрт, жарылыс қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:
а) кәсіпорынды жобалаған кезде болатын техникалық шаралар, олар:
1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау;
2) ғимарат подъездерінің жобалануы;
3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру;
4)ғимаратты найзағайдан қорғау.
б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік шаралар.
Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел тұруына
байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу
арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.