Байланысты: ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)
А категориясына жататын өрт - жарылысқа қауіпті өндірісте: сумен, ауа
құрамындағы оттекпен өзара әрекеттескенде жанатын және жарылысқа алып келетін
заттарды қолданатын өндірістер жатады. Жанғыш газдардың тұтану шегі 10 % тең
және ауа көлемінің қатынасына байланысты одан төмен болады. Сұйық заттарда 5 %
асып кетсе жарылыс тудырады. Бұл категориядағы өндіріске күкіртті көміртекті,
эфирлі, ацетонды өндіріс орындары жатады.