«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


НАҚТЫ КҮН ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ МӨЛШЕРІ НЕГІЗІНДЕ КҮН



Pdf көрінісі
бет144/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

 
НАҚТЫ КҮН ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ МӨЛШЕРІ НЕГІЗІНДЕ КҮН 
ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ МҮМКІНДІГІН БАҒАЛАУ 
Рысбаева Г.Н. Тұрсынбай Е.Е. Ізтілеу Г.Қ. Абдибаттаева М.М. 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 «Адамдардың  табиғатсыз  күні  жоқ,  мұны  айтуға  табиғаттың  тілі  жоқ»  –  демекші 
өткен  ғасырда  ғылыми  техникалық  прогрестің  арқасында  адамзат  біраз  табыстарға  қол 
жетті.  Табиғаттан  алатынымыз  көп,  беретініміз  аз  болды. Қазіргі  мемлекеттерде  энергия 
тапшылығы  байқалуда.  Бұрыннан  пайдаланып  келе  жатқан  көмір,  мұнай,  табиғи  газ 
сынды  энергия  көздерінің  сарқылуы  немесе  қорының  азаюы,  қоршаған  ортаға  тигізетін 
зиянды  әсерінің  күн  санап  артуы  адамдарды  бей-жәй  қалдырмады.  Бүкіл  әлем  Энергия 
тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын баламалы энергия көздеріне қол 
жеткізуге  кірісіп  кетті.  Бүгінгі  таңда  әлемнің  ғалымдары  энергияның  жаңа  көзін  жыл 
өткен  сайын  іздестіріп  келуде.  Сарқылмайтын  дүние  жоқ.  Уран  да  сарқылатын  отынға 
жатады.  Атом  энергетикасының  келешегіне  қауіп  төніп,  көптеген  елдер  баламалы  қуат 
көздері  туралы  ойлана  бастады.  Әрине,  көгілдір  отын  және  көмірмен  жұмыс  істейтін 
станцияларда  өндірілетін  қуат  арзан,  бірақ  олардың  қоры  шектеулі.  Сондықтан  күн 
батареялары  мен  жел  станцияларының  қымбаттығына  қарамастан,  энергия  өндіру 
бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды.  
Күн  энергетикасы  дегеніміз – дәстүрлі  емес  энергетика  бағыттарының  бірі.  Ол 
күннің  сәулеленуін  пайдаланып  қандай  да  бір  түрдегі  энергияны  алуға  негізделген.  Күн 
энергетикасы  энергия  көзінің  сарқылмайтын  түрі  болып  табылады,  әрі  экологиялық 
жағынан да еш зияны жоқ. 
Жалпы алғанда, Күн сәулеленуінен электр энергиясын алудың бірнеше әдістері бар. 
Олар: 
1) Электр энергиясын фотоэлементтер көмегімен алу. 
2) Күн  энергиясын  жылу  машиналарының  көмегі  арқылы  электр  энергиясына 
айналдыру  (Жылу  машиналарының  түрлері:  поршеньдік  немесе  турбиналық  бу 
машиналары. Стирлинг қозғалтқышы). 
3) Гелиотермальдық  энергетика – Күн  сәулелерін  жұтатын  беттің  қызуы  мен 
жылудың таралуы және қолданылуы. 
4) Термоәуелік  электр  станциялары  (Күн  энергиясының  турбогенератор  арқылы 
бағытталып отыратын ауа ағыны энергиясына айналуы). 
5) Күн  аэростаттық  электр  станциялары  (аэростат  баллоны  ішіндегі  су  буының 
аэростат бетіндегі күн сәулесі қызуы салдарынан генерациялануы)
 
Күннің  жерге  беретін  энергиясы  күн  сайын  әлемнің  электрстансалары  өндіретін 
электр энергиясынан мыңдаған есе көп. 
Қазақстан аймағына түсетін күн энергиясының жылдық потенциялы 340 млрд. МВт 
бағаланады. Жердің бетіне түсетін күн энергиясының 15 % адамдардың тіршілік әрекетін 
қамтамасыз  етуге  жеткілікті  деп  саналады.  Бұл  үлес  63000  млрд.  МВт  сағатқа  шартты 
отынның 7700 млрд. тоннасына тең. Оның жылдық энергетикалық қуаты жер қойнауында 
жатқан отыннан алынатын энергияның барлығына дерлік бірнеше есе көп. 


201 
 
Қазақстанның  территориясында  күннің  сәулелену  ұзақтығы  өте  жоғары  (3100 
сағатқа  дейін)  жалпы  сәулеленудің  бақыланатын  аймағы  1900,5  мың.км.  құрайды. 
Сондықтан  Қазақстанның  көптеген  аймақтарында  күн  энергиясын  пайдаланудың 
мүмкіндігі  өте  жоғары.  Мұндай  аймақтарға  Ақтөбе,  Орал,  Қарағанды,  Семей,  Атырау, 
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары және Павлодар облысының 
оңтүстік бөлігі жатады. Осы мәліметтерге сүйене отырып Күн энергиясын жинайтын және 
де қолдануға ыңғайлы болып келетін «Күн панельдерін» қолдану керек. Бұл келешегі зор 
бағыт  болып  саналады.  Бұлай  айтуымыздың  бірден  бір  себебі,  біздің  ғаламшарымызда 
миллиардтаған  тұрғындардың  жартысы  үйлер  мен  көшелерінде  электр  энергиясымен 
қамтамасыз  етілмеген.  Олар  негізінде  магистралды  электр  желілеріне  қосылмаған  және 
биологиялық  отындарды  қолданатын  тұрғындар  болып  табылады.  Биологиялық  отын 
ретінде  керосинді  қолданады.  Керосин  –  өрт  қауіптілігі  мен  зиянды  заттардың 
булануларын тудырады. Сондықтан да, электр желілері қамтылмаған аймақтарға және де 
қазіргі  таңда  өте  қымбатқа  түсетін  электр  энергиясын  тиімді  болып  табылатын  Күн 
энергиясымен қамтамасыз ету қажет.  
1.  Отын  талап  етпейді.  Күн  энергиясын  пайдаланудың  іс  жүзіндегі  шығыны  тек 
панельді  алып, орналастыру үшін ғана кетеді. Ары қарай тұтынушы тек тегін қуат көзін 
алады. Күн панелін орнату ешқандай да арнайы алдын алу жұмыстарын талап етпейдi. Тек 
қана  жазда  шаңнан  тазалап  отыру  қажет.  Егер  панельді  70
о
  дөңес  бұрышымен 
орналастырса, қардың жинақталмауына мүмкiндiк туғызады. 
2.  Тұрақты  жұмыс  iстейдi.  Күн  жүйесiмен  автоматты  түрде  реттеледi.    Оны  үнемi 
дизель  сияқты  қосып  өшiруді  талап  етпейді.  Күн  энергиясын  арнайы  аккумуляторларға 
жинап  алады.  Сондықтан  да  күні  -  түні  электр  қуат  пайдалану  үшiн  қол  жетімді  болып 
келеді. 
3.  Шусыз.  Себебi  электр  жарықтың  қуаты  тура  түрлендiру  жолымен  өндiредi. 
Сондықтан онда ешқандай да шу болмайды. 
4.  Ұзақ мерзiмде апатсыз қызмет етеді. Сапалы күн панель жұмыс iстеуі кемiнде 25 
жылға есептелiнген. Келесi 20 жылында жүйе бастапқы қуаттан шамамен 80 % кем қуат 
өндiредi. Ортақ қызмет ету мерзiмi 45 жылды құрайды. 
5.  Сенiмдiлiк.  Өнiмдiлiгі  бұлтты  ауа  райында  азаяды,  бiрақ  күн  панелі  мұндай 
жағдай да электр энергиясын бередi

Күн  энергиясын  электр  энергиясына  айналдыратын  қондырғылардың  бірі – Күн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет