207
Алайда мұнай құрамды қалдықтар әуелетті шикізат ретінде үлкен зерттеу жұмыстарын
және де оны өңдеуде әмбебап технологияларды дайындауды қажет етеді.
Біз өндіріс үдерісінде жүзеге асырылатын мұнай қалдықтарын өңдеуінің әмбебап
технологиясын ұсынамыз. Мұнай құрамды қалдықтары концентрленген элементтерімен
шоғырландырылған гелиоқұрылғысында термиялық терең өңдеуден өтеді. Гелиоқұрылғы
Күнге бағытталуымен барлық күн сәулесінің жылуын фокустың нүктесіне шығынсыз
жинақтайтын параболалық концентраторынан тұрады. Ал бұлтты күндері мен жылдың
суық мезгілдерінде жетіспейтін қосымша жылумен қамтамасыздандыратын, механикалық
жүйеде орналасқан концентраторлы фотоэлектрлі модульден құралған күн батареясымен
қосымша жабдықталған. Күн энергиясының қолайлы ағыны күннің қозғалу
траекториясына және бұлттылыққа байланысты өзгереді. Түскі мезгілде ашық күні
Күннен түсетін энергетикалық жарық 1000 Вт/м
2
дейін жетеді, ал жаппай бұлтты күн
райы кезінде энергетикалық жарықтылық 100 Вт/м
2
дейін төмендейді. Күн энергиясының
мөлшері құрылғының бұрыштық көлбеуіне және оның беткі бағытына байланысты
өзгереді және де оңтүстік бағытынан қашықтаған сайын төмендейді.
Ұсынылатын құрылғының келесідей артықшылықтары бар:
Тікелей жәна шашыраңқы күн радиациясын максималды
шоғырландырады;
Жыл мезгіліне тәуелсіз жаңғырмалы энергияны пайдаланудың мүмкіндігі.
Гелиоэнергетиканың мұнай өңдеу кешенінде қолайлы пайдалану бір қатар
мәселелерді шешеді:
Аталмыш әдіс дәстүрлі энергия түрін және үш сатылы өңдеуден тұратын
технологиялық үдерістің
қолдануын қажет етпейді;
Мұнай
қалдықтарын
тазарту
кезінде
күн
энергиясы
максималды
пайдаланылады және бұл құрылғының жұмыс тиімділігін арттыруына ықпалын тигізеді;
Ортада және сапасы жоғары көмірсутектік шикізатты алуда қажетті
температура шамасымен қамтамасыздандырады.
Сондықтан да қазіргі таңда күн энергиясы перспективалы энергия көзі болып
табылады. Күн энергиясы іс жүзінде мәңгі, әрі әлеуетті зор энергия көзі, әрі қоршаған
ортаны техногенді ластанудан сақтайды. Мұнай құрамды қалдықтардың тазартудың
гелиоэнергетикалық әдісі мұнай құрамды қалдықтарды маңызды экологиялық мәселесін
шешеді, табиғи коплекстердің деградациясын алдын алады және оның қалпына
келтіруіне, топырақ қабаты мен су қоймасының ластану дәрежесін төмендетуге мүмкіндік
береді. Осыған орай, мұнай құрамды қалдықтарды өңдеудің технологиясы жеткілікті
дәрежеде ластағыш заттардың қоршаған ортаға кері әсерін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: