«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


МҰНАЙ ӨНДІРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ



Pdf көрінісі
бет149/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

МҰНАЙ ӨНДІРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ 
МЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Сатарбаева А.С., Стамгазиева Н.А., Мынжасарова Г.У. 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
Аймурзаева К.Т. 
Қ.Сәтпаев атындағы КазҰТУ 
 
Қазақстан  мұнайдың  нақты  есептелген  қор  мөлшері  бойынша  алдыңғы  15  елдің 
қатарына кіреді. 1899 жылы Қазақстандағы алғашқы меңгерілген кен орны Қарашұңғылда 
тұңғыш рет мұнай атқыламасы тіркелді. Ұлттық  мұнай қорын есептеу осы оқиғадан соң 
басталады.  Алайда  есептеу  нәтижелерінің  қомақты  көрсеткіштері  соңғы  онжылдыққа 
сәйкес келеді. Осыған байланысты Қазақстанда мұнай өндіру мөлшері осы мерзім ішінде 
үш  есе  өскендігін  айтудың  өзі  жеткілікті.  Сондықтан  бұл  саланың  дамуы  тек  өндіріс 
көрсеткіштерімен  ғана  емес,  сонымен  бірге  Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Әрбір  кен  орны 
кәсіпкерлікті  дамытудың  біртұрас  шебі,  яғни  заманауи  тұрмыстық  қызмет  көрсету 
саласынан бастап, алдыңғы қатарлы инженерлік, бағдарламалық қамтамасыз ету саласына 
дейін бірлескен болуы қажет» деп түбегейлі міндеттерді қоюымен сипатталады.  
Мұнай  өндіру  үрдісін  шартты  түрде  3  деңгейге  бөлуге  болады:  жасалған  жасанды 
қысым  нәтижесінде  жер  асты  қыртыстарынан  мұнайдың  ұңғымаға  қарай  қозғалуы; 
ұңғыма бойымен мұнайдың жоғарыға қарай ұңғыма ернеуіне жылжуы - мұнай ұңғымасын 
іске  қосу;  мұнай  мен  ілеспе  газ  бен  суды  жер  бетінде  жинақтау,  оларды  бөліп  алу, 
мұнайды минералдық тұздардан тазарту, ілеспе мұнай газын жинақтау.  
Мұнайды,  газды  және  басқа  да  отындық-энергетикалық  ресурстарды  өндірудің 
көлемі  мен  қарқынының  экономикалық  тұрғыдан  ретсіз  жүргізілуі  литосферада  қауіпті 
деградациялық  үрдістердің  (опырылу,  аймақтық  жер  сілкіністері,  шұңқырлар) 
туындауына  себепкер  болады.  Жиі  жер  сілкіністері  себептерінің  бірі  қысымы  жоғары 
суларды  ұңғымаларға  айдау  әсерінен  жер  жыртысының  кернеуінің  артуы  болып 
табылады.  
Мұнайды өндіру кезіндегі атмосфераны тонналап ластаушылардың бірі - ілеспе газ, 
оның  құрамында  жеңіл  көмірсутегі  фракцияларынан  басқа  күкіртсутек  болады.  Ілеспе 
газдың  миллиондаған  текше  метр  көлемі  ондаған  жылдар  бойы  ашық  аспан  астында 
жағылып жатты немесе мұнайды өндіру кезінде ауаға тарап кетеді, осының нәтижесінде 
жүз мыңдаған тонна азот оксиді, көміртек оксиді, күкірт диоксиді және көмірсутектердің 
толық жанбаған өнімдері түзіледі.  
Мұнайдың  құрамында  шамамен  1000-ға  жуық  жеке  заттар,  соның  ішінде  500-ден 
астамы сұйық көмірсутектер болады. Мұнай топыраққа немесе су бетіне түскеннен кейін 
атмосфераға жеңіл буланатын көмірсутек фракциялары бөліне бастайды.  
Судың бір текше метр көлемінде 200-300 мг мұнайдың болуы кейбір балық түрлері 
мен  су  ортасының  басқа  да  тіршілік  иелерінің  экологиялық  тепе-теңдік  күйін  бұзады. 
Сондай-ақ,  мұнай  мұзбен  белсенді  әрекеттеседі,  мұз  өз  салмағының төрттен бір  бөлігіне  
дейінгі  мұнайды  сіңіре  алады.  Мұндай  мұз  еріген  кезде  кез-келген  су  қоймасына  қауіп 
тудырады.  
Жер асты сулары ұзақ жылдар бойы мұнай өндірісінің нәтижесінде ластанып келді. 
Жер  асты  суларының  ластануын  зерттеу  нәтижелері  бойынша:  60-65  %  ұңғымаларды 
бұрғылау  кезіндегі  апатты  жағдайдан,  ал  30-40  %    ұңғыманың  тереңде  орналасқан 
қондырғысының  дұрыс  жұмыс  жасамауынан  болады.  Бұлақтар  мен  артезиандық 
ұңғымаларды  гидрохимиялық  бақылаудың  соңғы  жылдардағы  мәліметтері  бойынша  523 
бұлақтың 90-да судағы хлоридтердің жоғары мөлшері анықталған. 


213 
 
Жыл  сайын  мұнай  ұңғымаларын  бұрғылау,  құбыр  желілерін  тарту  және  автокөлік 
жолдарын  салу  үшін  1000  га  жуық  жер  бөлінеді,  олардың  көп  бөлігіне  қайта  қалпына 
келтіру  жұмыстары  жасалады.  Алайда  мұндай  жерлер  қайта  қалпына  келтірілгенімен 
агрохимиялық  қасиеттері  нашарлайды,  сондықтан  ауылшаруашылық  өнімдерін  өсіруге 
жарамсыз болып табылады.  
 
Ластаушы көздер 
Жалпы мөлшері, 
млн.т/жыл 
Үлесі, % 
Транспортпен тасымалдау 
2,13 
34,9 
соның ішінде:          қалыпты жағдай 
1,83 
30,0 
апатты жағдай 
0,3 
4,9 
Өзендермен таралуы 
1,9 
31,1 
Атмосферадан түсуі 
0,6 
9,8 
Табиғи көздер 
0,6 
9,8 
Өндірістік қалдықтар 
0,3 
4,9 
Қалалық қалдықтар 
0,3 
4,9 
Мұнай тазалау зауыттарының қалдықтары 
0,2 
3,3 
Мұнайды ашық теңізде өндіру 
0,08 
1,3 
соның ішінде:   қалыпты жағдай 
0,02 
0,3 
апатты жағдай 
0,06 
1,0 
Барлығы: 
6,11 
100 
1-кесте. Дүниежүзілік мұхиттарды мұнаймен  ластаушы көздердің үлестері 
 
Мұнайды  алғашқы  тазалау  мен  күкірттен  тазалау  кезінде  де  көптеген  экологиялық 
мәселелер  туындайды.  Мысалы,  мұнайды  алғашқы  тазалау  кезінде  бір  жылдың  ішінде 
шамамен 91,8 мың т газ түріндегі заттар қоршаған ортаға түседі. 
Мұнай өндіру кезіндегі шайынды сулар мен бұрғылау ерітінділері толық тазаланбай 
су қоймаларына жіберілетін болса, флора мен фауна тіршілігіне, оларды тіпті техникалық 
мақсатта пайдалануға да жарамсыз етеді. 
Су  қоймаларына  жіберілетін  жалпы  шайынды  сулардың  51,2  %  ластанған,  40,5  % 
таза, шамамен 8 % тазаланған болып отыр. Сондықтан су қорын тиімді пайдалану мен су 
қорын  қорғау  шаралары  жер  қыртысындағы  қысымды  ұстап  тұруға  қолданатын  судың 
негізгі көлемін азайтып қана қоймай, сонымен бірге су қоймаларының шайынды сулармен 
ластануын  азайтады.  Ол  үшін  тазалаушы  қондырғылар  торабын  салып,  суды  екінші 
қайтара қолдану тиімді шара болып табылады.  
 


214 
 
 
 
1-сурет. Мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға тигізетін шығын мөлшері 
 
Мұнай  өндіру  кезінде  қолайсыз  климаттық  жағдайлар  жұмысшыларға, 
материалдарға, қоршаған ортаға кері әсер етеді. Бұл сала аса қауіпті өндірістік нысандар 
санатына  жататын  болғандықтан,  қауіпсіз,  зиянсыз  еңбек  жағдайын  қамтамасыз  ету 
мақсатында  барынша  заманауи  қондырғылар  мен  әдістерді  қолданып,  жұмысшылардың 
кәсіби  біліктіліктерін  арттырып,    апатты  жағдай  орын  алған  кезде  зардап  шегушіге 
алғашқы медициналық көмек көрсете білуді үйретуді жолға қою керек. 
Өндірістік  қауіпсіздік  еңбекті  қорғаудың  бір  бөлігі  емес,  алайда  олар  өзара  тығыз 
байланысты.  Өндірістік  қауіпсіздіктің  мақсаты  қауіпті  өндірістік  нысандарда  апаттарды 
болдырмау  (қондырғылардың  бұзылуы,  ірі  конструкциялық  денелердің  құлауы, 
құбырлардың  жарылуы,  басқаруға  мүмкіндік  бермейтін  өрт  пен  жарылыс)  немесе  орын 
алған  апаттың  салдарын  барынша  жеңілдету  болып  табылады.  Ал  еңбекті  қорғаудың 
мақсаты  –  жұмысшының  өмірі  мен  денсаулығын  сақтау.  Жұмысшының  өмірі  мен 
денсаулығына  ешқандай  зияны  жоқ  апаттар  болуы  да  мүмкін,  немесе  керісінше, 
жұмысшының  өмірі  мен  денсаулығына  апатсыз  залал  келтірілген  болуы  мүмкін. 
Сондықтан  кез-келген  жұмысшы  жұмысқа  кіріспес  алдын  инструктаждардың  барлық 
түрлерімен  (кіріспе,  жұмыс  орнында  алғаш  рет,  қайталанған,  жоспарсыз,  мақсатты 
инструктаждар) таныс болуы тиіс. 
Бұрғылау  мен  мұнай  өндіру  нысандары  үшін  жаңа,  сенімді  ұжымдық  қорғаныс 
заттарын,  бақылау  мен  дабыл  жүйесін,  сақтандырғыш  пен  оқшаулағыш  қондырғыларды 
іске  қосу  еңбек  пен  өндіріс  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  маңызды  шаралардың  бірі 
болып  табылады.  Негізгі  мамандар  (бұрғылаушылар,  олардың  көмекшілері,  ұңғыманы 
жөндеу  ісі  бойынша  операторлар,  арнайы  агрегаттардың  жүргізушілері)  қыстық  және 
жаздық  арнайы  жұмыс  киімдерімен  қамтамасыз  етіледі.    Солтүстік  аймақтарда  жұмыс 
істейтін  мұнайшылар  үшін  электрлі-жылытқыш  (жеке  батарея  көзінен  қорек  алады) 
арнайы  киімдер,  мұнай  мен  суыққа  төтеп  беретін  резеңке  етіктер  (қосымша  жылытқыш 
қабаты бар) мен  қолғаптар, қыс мезгілінде газданған аймақтарда жұмыс істеуге арналған 
шлангалы тыныс алу аппараттары болуы тиіс.  
Қоршаған  ортаны  мұнай  өнімдерімен  ластанудан  оқшаулау  мен  еңбек  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ету  бағытындағы  болашағы  зор  шешімдердің  бірі  –  мұнайды  өндіру, 
тасымалдау,  сақтау  үрдістерін  кешенді  түрде  автоматтандыру.  Мұнаймен  кәсіби  білімсіз 
жұмыс  істеу  үлкен  қатерге  соқтырады.  Мұнай  мен  мұнай  өнімдерін  тиянақты,  ойланып, 
қажетті  мөлшерде ғана қолдану қажет. Мұнай өзіне көп көңіл  бөлуді  қажет етеді. Мұны 
тек  мұнайшы  ғана  емес,  мұнай химиясы  саласында  жұмыс  істейтін кез-келген  адам  есте 
сақтауы тиіс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет