217
ғана улылыққа текселіп отырылады. Осылайша, ластаушы химиялық заттар адам ағзасына
тек тағамдық өнімдермен емес, сонымен қатар, ластанған аймақта болғанда және
ластанған көкөністермен жұмыс істеу кезінде тері қабаты немесе тыныс алу жолдары
арқылы өтіп зиянын тигізеді. Егер де шет елдердің тәжірибелерін ескеретін болсақ, батыс
еуропалық елдерде экосертификация жетік дамыған. Ол жай сертификатты толықтырады
және көп жағдайда міндетті түрде орындалады. Мысалы ретінде, Франция елдін алсақ,
ауылшаруашылық дақылдарының экосертификациясы заңдық тұрғыда 1960 жылдан
бастап енгізілген болатын және де осы заңнамаға сәйкес жеке дайындаушылармен
өндірушілер кеңесінің өнім түріне байланысты экобелгілері енгізілген. Бұл белгілер “
қызыл таңба” деген атқа ие болып, ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға
жарияланған. Бұл экобелгілер NF ұлттық сәйкестендіру белгісіне қосымша толықтырушы
белгі ретінде ұсынылады. Экосертификацияның басты принципі өнімнің адамға және
қоршаған ортаға зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады [5]. Сонымен қатар,
Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының ақпараттарына сәйкес, әлем бойынша жылына 2
млн тоннаға жуық пестицидтер қолданылып, соның 40 % қалдығы ауыл шаруашылық
дақылдарында табылған болатын. Әлем бойынша пестицидтердің жаппай қолданысына
байланысты, жылына улы химикаттармен 25 млн улану жағдайларын тіркеліп отырады
екен. [6]
Қазақстан Республикасындағы барлық тағам өнімдері, сонымен қатар ауыл
шаруашылық дақылдары Кедендік Одаққа бірыңғай Техникалық Регламент бойынша
реттелуі тиіс. 2011 жылы 19 мамырда қабылданған алғашқы нормативтік-құқықтық
құжаттың бірі “Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі” Техникалық регламенті болды.
Техникалық регламент Кедендік одақ елдері, Ресей, Беларуссия және Қазақстан арасында
бірыңғай жүйе болды.Осы құжатқа сәйкес тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпті
факторлардың 3 бағыты қарастырылады: микробиологиялық, химиялық және физикалық.
Микробиологиялық қауіпті факторлар: бактерия, вирус және микотоксиндер
қарастырылса. Химиялық қауіпті факторларға: қоршаған ортаны ластаушы қоспалар-
қорғасын, кадмий, сынап, күшән, радионуклидтер, диоксиндер, нитраттар мен нитриттер,
сонымен қатар тыңайтқыштар, аллергендер, пестицидтер жатады. Физикалық қауіпке -
адам ағзасына қауіп төндіретін өзгеше обьектілер мен бөгде заттар кіреді. Айтылған
параметрлер бойынша сараптама жүргізіледі. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері
регламенттегі нормалардан аспауы тиіс. Регламентке сәйкес көкөністердегі мөлшері
аспауы керек: қорғасын - 0,5 мг/кг, күшән - 0,2 мг/кг, кадмий - 0,03 мг/кг, сынап - 0,02
мг/кг, нитрат (картопта) - 250 мг/кг, қауын - 90 мг/кг. Сараптама нәтижелері бұл
нормалардан жоғары болған жағдайда адам денсаулығына және өміріне қауіп төндіретіні
баршамызға белгілі. Тағамдық өнімдердің сапа және қауіпсіздік талаптары – кез келген
ұлттың саулық жағдайының негзігі және міндетті көрсеткіші. Жаңа халық аралық 2005
жылы қабылданған стандарт ISO 22 000 “ Food safety management organization systems –
Requirements for any organization food chain”-тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапа
менеджменті үшін жаңа қарқын берді. Бұл жүйеде өнімнің алғашқы сатыларынан соңғы
айналымына дейінгі сапасын қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Соның ішінде, ауыл
шаруашылығы өнімдерінің тағам қауіпсіздігі - менеджмент жүйесінің тағам өнімдерінің
қауіпсіздігі жөніндегі ISO 22000 стандарттың негізін құрады. Бұл жүйе бойынша, барлық
тағам тізбегінде жалпы жағдайлар мен гигиеналық шараларды ұйымдастыру
қарастырылған [7]. ISO 22000 стандарт жүйесінің үшінші бөлімі - Ауыл шаруашылық
дақылдарының өндірісіне тоқталған.
Достарыңызбен бөлісу: