«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет17/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
 
1. «Гүлістан» Республикалық журналы №8 (54) тамыз  2009жыл (11, 12, 13 беттер) 
2. Өсімдіктер сыр шертеді Қ. Сыбанбеков.  2009 ж.  101 бет. 
 
АҚСУ- ЖАБАҒАЛЫ ҚОРЫҒЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
БАҒАЛАУ 
Қарақұлова Ж.О., Садыкова Д.А. 
ҚазМемҚызПУ,  Алматы қаласы  
Түйіндеме 
 


29 
 
Мақалада    Қазақстандағы    Ақсу-Жабағалы  қорығының    экологиялық  және 
экономикалық мәселелері мен  алдын алу шаралары, экотуризмді дамыту бағыттары мен  
тиімді пайдаланудың  жолдары  қарастырылған. 
Кілттік сөздер: экология, экотуризм, рекреация, тұрақты даму, табиғат ресурстары, 
рекреациялық  аймақтар, ерекше  қорғалатын  аймақтар, туризм. 
                                                              Резюме 
 
В  статье    рассматриваются  экологические  и  экономические  проблемы  Аксу-
Жабагалинского  заповедника  и  меры  предотварещения  этих  проблем,  рекреационных 
ресурсы и направления развития экотуризма. 
Ақсу-Жабағалы қорығының  даму  мәселелері  мен  жағдайы  бүгінгі күннің басты 
мәселесі  болғанымен    экологиялық    мәселенің    алдын-алу,  көрікті,  рекреациялық 
ресурстарды  тиімді  пайдалану  арқылы  экологиялық  туризмді  дамыту  арқылы 
экономикалық  мәселелерді  шешу ең  өзекті мәселе.  
Қорық  -  ерекше  қорғауды  қажет  ететін  құрып  бара  жатқан  өсімдіктер  мен 
жануарлардың  түрлерін  табиғи  күйінде  сақтайтын жер.  
Көптеген    тарихшы  ғалымдардың  еңбектерінде  қазақ  жерінде  ерекше  қорғалатын  
жерлер    ҮІ-ҮІІ    ғасырларда      болғанын  жазады.  Мысалы,  тарихшы    В.В.  Бартольд  
еңбектерінде  жер  жаннаты  -  Жетісу  аталған  мекенде  өмір  сүрген  үйсін  тайпалары   
шұрайлы,  көк  аталған  мекенде өмір  сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды, 
бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймағандығын, мезгілсіз 
аң  ауламағандығын      жазған.  Бұдан    бабаларымыз    ерте    кезде-ақ    келешек    ұрпақ  үшін 
туған табиғаттың әсем жерлерін аялап, сақтай білгенін байқаймыз. 
Ландшафттарды қорғаудың  ең  жоғарғы  формасы – қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл 
дүниежүзілік    тәжірибелерге  сүйенсек  жер  шарының  жекелеген  елдерінде  қорық  
ұйымдастыру  ХІХ  ғасырдың  басқы  кездерінен бастап жүзеге аса бастағаны көрсетіледі. 
Ал,  оны    алғашқы    нәтижелердің  бірі  –  тіптен  1872  жылы  Америка  жерінде 
ұйымдастырылған  алғашқы  ұлттық  саябақтар    (бақтар).  Одан    соң    Канада,  Африка, 
Австралия,  Жаңа  Зеландия,  т.б.  материктерде  қорықтар  мен    ұлттық  саябақтар  
ұйымдастырылғаны белгілі. Ресейде  1874  жылы  Аскания – Нова ұлттық бағы құрылған 
болатын [1]. 
          Қазіргі кезде жер шарында қорықтарға қарағанда ұлттық бақтардың саны әлдеқайда 
көп.  Оның  себебі,  шет  елдерде  қорықтар  аймақтары  шектелген  табиғат  қорғау  жүйесі 
болғандықтан,  табиғатты    қорғау  үшін  ұлттық    бақтар  ұйымдастыру    әлдеқайда  ұтымды 
екенін  дер  кезінде  түсіне  білді.  Шын    мәнінде,  табиғатты    қорғау      оның  аймағымен 
шектелмеуі тиіс, керісінше барлық жер адам баласы үшін саялы бақ, құтты қонысы болуы 
керек.  Осы  орайда,  Канада,  Африка,  Австралия,  Англия,  т.б.  өркениетті  елдерде 
мемлекеттің  барлық  аумағы  ұлттық  байлық  деп  қорғауға  алынған.  Мәселен,  Англияның  
кішкене  ғана  жерінде  189 ұлттық   қорықша, 10 ұлттық саябақ, 81 корольдік  қорықтар 
болса,  ал  Германия  жерінде  735  қорықшалар,  400-ден  астам  ландшафтық  заказниктер, 
9100  табиғат  ескерткіштері  бар.  Сол  сияқты  Франция    жерінде    22    ұлттық  саябақ,  20 
қорық  бар  екенін  ескерсек,  жоғарыдағы  «өркениетті»  елдердің  табиғатты    қалайша 
сүйетінін айқындауға болады [3].  
Бұрынғы      Кеңес    үкіметінің    жағдайына  тоқталсақ,  КСРО,  қазіргі  ТМД  елдері  
бойынша  141  мемлекеттік  қорық, 2700 қорыққор, 12 ғана ұлттық саябақ, бірнеше мың 
табиғат ескерткіштері болған. Әрине, шет елдермен салыстырғанда  бұл өте аз. Оның да 
өзіндік себептері бар. Десе де, табиғат қорғау ісінде шетелдік тәжірибелер мен парасатты 
көзқарастарымыздың  жетпей жатқанын  мойындауымыз  тиіс. 
Мониторинг-1 
 
Экологиялық  туризм нысандары  
 


30 
 
 
 
         Ал, Қазақстан  Республикасы  бойынша  9  мемлекеттік  қорық,  66 қорыққор   (оның 44 
зоологиялық,  20  ботаникалық,  2  палентологиялық),  6  ұлттық  саябақ  және    24-тен  астам 
табиғат ескерткіштері бар. Әрине, біздің аумақтың көлеміне  шаққанда  қорғалатын  жерлер  
барлық    жердің    3%  пайызын    қамтиды.  Мұның  өзі  табиғат  қорғау  проблемасының  өз 
шешімін  таппай  отырғанын  көрсетсе  керек.  Дегенмен,    республикамызда    қорықтар  
ұйымдастыру    соңғы    жылдары    қолға  алына  бастады.    Мәселен,  соңғы    жылдары    Батыс  
Алтай  мен  Алакөл    қорығының    ұйымдастырылуы,  Алтынемел,  Ордабасы,  Қарқаралы,  Іле  
Алатауы  ұлттық   саябақтарының   құрылуы  осының   айғағы   болса  керек (Мониторинг-2).     
Мониторинг-2 
Қазақстан  қорықтары  мониторингі 
 
Ақсу-Жабағалы  қорығы  өсімдіктер  дүниесіне бай. Оның территориясында мүктің 
61,  қынаның  58-ден  астам,  жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  1336  түрі  өседі.  Бұл  –  бүкіл  
Қазақстанның    өсімдік  құрамының  төрттен    бірі.  Негізгі  биік  аймақтары  өзінің 
таңқаларлық  бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы 
ормандарына  өтеді.  Ылғалды  даладағы  бай  жазықтар  аршалармен    астасып    жатқан 
жіңішке бұталардың  өсуіне  қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы 
шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен (Мониторинг-3). 
Ақсу-Жабағалы  қорығында өсімдіктер тұқымдастарының жалпы саны 438, түр саны 
1306.  Оның    ішінде    күрделі  гүлділер  тұқымдастарының  саны  –  69  (түр  саны  –  216), 
бұршақ тұқымдастар – 14 (131), астық тұқымдастар – 41 (122), ерінді гүлділер – 24 (70), 
шатырша гүлділер – 34 (69) болса, раушан гүлділер тұқымдастарының саны -24 (түр саны 
–  68),  қалампыр  тұқымдастар  –  15  (60),  лалагүл  тұқымдастар  –  11  (56),  сарғалдақ 
тұқымдастар  –  18  (49),  сабынкөк  тұқымдастар  –  21  (40),  айқыш  гүлділер  –  21  (39).  Ал 


31 
 
басқа бірқатар өсімдіктің тұқымдастар саны 1-ден 8-ге дейін ғана. Оларға мына өсімдіктер 
жатады:  қияқ  гүлділер  тұқымдастарының  тұқым  саны  –  7  (түр  саны  –  32),  алабота 
тұқымдастар – 8 (14), ойран шөптің тұқым саны – 4 (14), көкнәрдің тұқым саны – 6 (13), 
жасаң шөп – 4 (12), сүттіген – 1 (12), шермен гүлділердің тұқым саны – 5 (түр саны – 12), 
қоңыраубас тұқымдастары – 5 (10), қожағай – 1 (8), күреңот – 2 (8), бәйшешектің тұқым 
саны  –  4,  түр  саны  –  8.  Жалпы  алғанда  Ақсу-Жабағалы  қорығы  территориясының  30 
пайызы  аршалы  алқап.  Арша  –  аса  бағалы,  мәңгі  жасыл  өсімдік.  Оның  қылқанды 
жапырақтары  мен  бұталарынан  эфир  майы  көп  алынады.  Ақсу-Жабағалы    қорығында  
қызғалдақтар қорықталады [2].  
 
Мониторинг-3 
Қорықтағы өсімдіктер түрлерінің мониторингі
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет