29
Мақалада Қазақстандағы Ақсу-Жабағалы қорығының экологиялық және
экономикалық мәселелері мен алдын алу шаралары, экотуризмді дамыту бағыттары мен
тиімді пайдаланудың жолдары қарастырылған.
Кілттік сөздер: экология, экотуризм, рекреация, тұрақты даму, табиғат ресурстары,
рекреациялық
аймақтар,
ерекше қорғалатын аймақтар, туризм.
Резюме
В статье рассматриваются экологические и экономические
проблемы Аксу-
Жабагалинского заповедника и меры предотварещения этих проблем, рекреационных
ресурсы и направления развития экотуризма.
Ақсу-Жабағалы қорығының даму мәселелері мен жағдайы бүгінгі күннің басты
мәселесі болғанымен экологиялық мәселенің алдын-алу, көрікті, рекреациялық
ресурстарды тиімді пайдалану арқылы экологиялық туризмді дамыту арқылы
экономикалық мәселелерді шешу ең өзекті мәселе.
Қорық
- ерекше қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан өсімдіктер мен
жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер.
Көптеген тарихшы ғалымдардың еңбектерінде қазақ жерінде ерекше қорғалатын
жерлер ҮІ-ҮІІ ғасырларда болғанын жазады. Мысалы, тарихшы В.В. Бартольд
еңбектерінде жер жаннаты - Жетісу аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары
шұрайлы, көк аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды,
бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймағандығын, мезгілсіз
аң ауламағандығын жазған. Бұдан бабаларымыз ерте кезде-ақ келешек ұрпақ үшін
туған табиғаттың әсем жерлерін аялап, сақтай білгенін байқаймыз.
Ландшафттарды қорғаудың ең жоғарғы формасы – қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл
дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекелеген елдерінде қорық
ұйымдастыру ХІХ ғасырдың басқы кездерінен бастап жүзеге аса бастағаны көрсетіледі.
Ал, оны алғашқы нәтижелердің бірі – тіптен 1872 жылы Америка жерінде
ұйымдастырылған алғашқы ұлттық саябақтар (бақтар). Одан соң Канада, Африка,
Австралия, Жаңа Зеландия, т.б. материктерде қорықтар мен ұлттық саябақтар
ұйымдастырылғаны белгілі. Ресейде 1874 жылы Аскания – Нова ұлттық бағы құрылған
болатын [1].
Қазіргі кезде жер шарында қорықтарға қарағанда ұлттық бақтардың саны әлдеқайда
көп. Оның себебі, шет елдерде қорықтар аймақтары шектелген табиғат қорғау жүйесі
болғандықтан, табиғатты қорғау үшін ұлттық бақтар ұйымдастыру әлдеқайда ұтымды
екенін дер кезінде түсіне білді. Шын мәнінде, табиғатты қорғау оның аймағымен
шектелмеуі тиіс, керісінше барлық жер адам баласы үшін саялы бақ, құтты қонысы болуы
керек. Осы орайда, Канада, Африка, Австралия, Англия, т.б. өркениетті елдерде
мемлекеттің барлық аумағы ұлттық байлық деп қорғауға алынған. Мәселен, Англияның
кішкене ғана жерінде 189 ұлттық қорықша, 10 ұлттық саябақ, 81 корольдік қорықтар
болса, ал Германия жерінде 735 қорықшалар, 400-ден астам ландшафтық заказниктер,
9100 табиғат ескерткіштері бар. Сол сияқты Франция жерінде 22 ұлттық саябақ, 20
қорық бар екенін ескерсек, жоғарыдағы «өркениетті» елдердің табиғатты қалайша
сүйетінін айқындауға болады [3].
Бұрынғы Кеңес үкіметінің жағдайына тоқталсақ, КСРО, қазіргі ТМД елдері
бойынша 141 мемлекеттік қорық, 2700 қорыққор, 12 ғана ұлттық саябақ, бірнеше мың
табиғат ескерткіштері болған. Әрине, шет елдермен салыстырғанда бұл өте аз. Оның да
өзіндік себептері бар. Десе де, табиғат қорғау ісінде шетелдік тәжірибелер мен парасатты
көзқарастарымыздың жетпей жатқанын мойындауымыз тиіс.
Мониторинг-1
Экологиялық
туризм нысандары
31
басқа бірқатар өсімдіктің тұқымдастар саны 1-ден 8-ге дейін ғана. Оларға мына өсімдіктер
жатады: қияқ гүлділер тұқымдастарының тұқым саны – 7 (түр саны – 32), алабота
тұқымдастар – 8 (14), ойран шөптің тұқым саны – 4 (14), көкнәрдің тұқым саны – 6 (13),
жасаң шөп – 4 (12), сүттіген – 1 (12), шермен гүлділердің тұқым саны – 5 (түр саны – 12),
қоңыраубас тұқымдастары – 5 (10), қожағай – 1 (8), күреңот – 2 (8), бәйшешектің тұқым
саны – 4, түр саны – 8. Жалпы алғанда Ақсу-Жабағалы қорығы территориясының 30
пайызы аршалы алқап. Арша – аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік. Оның қылқанды
жапырақтары мен бұталарынан эфир майы көп алынады.
Ақсу-Жабағалы қорығында
қызғалдақтар қорықталады [2]
.
Мониторинг-3
Қорықтағы өсімдіктер түрлерінің мониторингі
Достарыңызбен бөлісу: