|
Әдеби kz дулат Жырау өлеңдері Дулат Бабатайұлы 11/17/2012 1 Әдеби kz
Әдеби KZ
Дулат Жырау
өлеңдері
Дулат Бабатайұлы
Дулат Бабатайұлы
11/17/2012
1
Әдеби KZ
Мазмұн
Асқар таудың сәні жоқ ............................................................................................................................ 5
Ақжайлау мен Сандықтас ....................................................................................................................... 8
Ей, айтайын арнап Ешенге .................................................................................................................... 11
Жапанға біткен жантақты ..................................................................................................................... 14
О, Ақтан жас, Ақтан жас ........................................................................................................................ 18
О, Барақ жас, Барақ жас ....................................................................................................................... 20
О, Кеңесбай мырза, тыңда, сөз ............................................................................................................ 24
Он бес деген жас қайда ........................................................................................................................ 29
Сүлейменге ............................................................................................................................................ 31
Сөзім барда, көзім жоқ ......................................................................................................................... 37
Тегімді менің сұрасаң ........................................................................................................................... 43
Тырнақтай меңі болған соң .................................................................................................................. 49
Қылығың қылжаң, туысқан .................................................................................................................. 52
2
Әдеби KZ
Дулат Бабатайұлы
Дулат жырау қазіргі Семей обылысы, Аягөз ауданында туып өскен. Бұрынғы
ру жігімен алғанда, ол Найманның Қаракерейтабынан шыққан.
Мұсылманша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы
адамдардың бірі. Ол ─ тек жыршы ғана емес, заманы туралы терең толғаған,
ойшыл, әсем тілмен өрнектеген ақын. Оны Абайдай ақынның ұстазы деуге
болады. Қазақ халқының ұстазы деуге болады. Қазақ халқының қиын халін
көрген, орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған шайыр ─ зар заман
ақындары аталған ағымның алып тұлғасы.
Ақынның бізге жеткен мұрасы мың жарым жылдай. Дулат өлеңдерін
алғашқы жеткізуші ─ 1839 ─ 1919 жылдары ғұмыр кешкен Байділда атты
адам. Кейіндері Ғаббас Байділдаұлы, Шәкір Әбенұлы жинаған. Баспаға
Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда «Өсиетнама» деген атпен 1880
жылы басылып шыққан. Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай. «Еспенбет»
атты поэмасы бар.
Ақынның алғаш аты 1939 жылы құрастырылған С. Мұқанов, Қ. Бекхожин
хрестоматиясында кездеседі.
1940 - 1941 жылдары шыққан мектеп оқулықтарында Қ. Жұмалиев
шығармаларын талдап жазды.
1961 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» I томында ақын жайында толық
айтылды. «XVIII ─ XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары»
(1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Дастандар» (1960), «Бес ғасыр
жырлайды» (1989) секілді жинақтарда Дулат өлеңдері көрінеді.
3
Әдеби KZ
Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған ғалымдар: Х. Сүйінішәлиев, Қ.
Жұмалиев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, М. Мағауиндер болды.
Дулат ─ өте қуатты, екпінді ақын.
Бұндай туындылар Қазтуғанның «Мадақ жырындай»,Махамбеттің «Мен, мен
мен едім» секілді көрінгенмен, Дулатта лирикалық бояу басым. Кейде ақын
әлеуметтік мәселені баса және ашына айтады.
Ақын өлеңдерінен заман, адам өзгерістері, басқа ел мақсат ─ мүддесіне
бейімделе бастаған халық халі, туған жер, адалдық, адамдық қасиеттерді
өрнектеген өзіне ғана тән бояуды табамыз. Дулатқа дейін ақыл айту, құр
нақыл дәрежесінде келсе, ақын бәріне өзін кінәлі санап, ашына айтады.
Бұған дейін көрінбеген өзгеше леп. Жаңа жол.
Секілді сөздер кейін ұлы Абайда жаңа өрнекпен көрінеді.
Ақын ел билегендерді де, басқыншы орысты да ашына, барын ақтара
көрсетеді. Ғалым Р. Сыздықова айтқандай: «Дулат ─ қазақтың ұлы ақыны»,
ұлылықтың бастауы. Сонысымен құнды.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені
ол өзінің толғау - жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз
заманының шындығы бірқыдыру бере білді. Жеке кісілерге арналған
өлеңдерінде (Кеңесбайға, Бараққа, ел аралаған ишанға т,б) сол кездегі
тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне
дейін көтеріле алды. Дегенмен, түптеп келгенде Дулат жырау ескішіл ақын,
феодалдық қоғамның жаршысы. Дулат толғаудың асқан шебері
болғандықтан өлендердің барлығы дерлік еркін ұйқасты жеті-сегіз буыннан
4
Әдеби KZ
тұратын жыр үлгісінде болып келді. Ақының кіргізген бір жаңалығы кейбір
толғауларының шумақтарында өзара қайталап отыратын заңдылық бар.
Дулат шығармалары ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында
«Өсиет нама» деген атпен жарықкөрді.
5
Әдеби KZ
Асқар таудың сәні жоқ
Асқар таудың сәні жоқ,
Төрт түліктің қонысы,
Басылмайтын сонысы,
Көк майса белі болмаса;
Өзен, судың сәні жоқ,
Өрлеп құнай қонатын,
Жағасы малға толатын,
Аймақты елі болмаса,
Қопалы жердің сәні жоқ,
Тұңғиық мөлдір үйірім,
Көз болжамас қиырын,
Айдын көлі болмаса.
Ақ ауылдың сәні жоқ,
Топталып жылқы үйездеп,
Ноқталы құлын күйездеп,
Тартқан желі болмаса,
Шешендіктің сәні жоқ,
6
Әдеби KZ
Сөзіне сүттей ел ұйып,
Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса.
Қайырсыз байдан пайда жоқ.
Нашарға жәрдем бермесе.
Кем - кетікті көрмесе,
Көн болып қатса сіреуі,
Екіге сатса біреуі,
Несиенің өсімі,
Мөлшерлі жоқ кесімі,
Үзбей құйса, толмаса.
Сұлулықтың сәні жоқ,
Көрсе қызар күлкі ғой,
Шаруа істемей, сылап бой,
Жол саудаға жолдаса,
Би мен бектің сәні жоқ,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса.
7
Әдеби KZ
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса;
Батырлықтың сәні жоқ,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Елерген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
Ұлын қорып жауынан,
Ереулеген егер дауынан,
Тұтамдақ оқ жонбаса;
Бәрін айт та, бірін айт,
Ұғынар мұны ел қайда,
Елді бастар ер қайда?
Аға сұлтан, абыздар,
Еліңді қамап, көрге айда,
Барса келмес жерге айда.
8
Әдеби KZ
Күш кеткен соң қолыңнан,
Зарлаудан, сарнау не пайда?
Ақжайлау мен Сандықтас
Атамның қонған қонысы
Түн асса, тұтам түгі өскен,
Басылмайтын қонысы.
Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау кең алаң,
Атам қонған кең далам,
Мендей сені қызғанар,
Бауырыңда өскен бай-балаң?
Көл қорығын қызғыштай
Сен десе салам бай-балам.
Жайлауыңды көргенде,
Жадыраймын, жайланам.
Өксігіңді ойласам,
9
Әдеби KZ
Ұйқы беріп қайғы алам.
Қилы-қилы заманды,
Заманға сай адамды
Салғастырып қарасам,
Су мүйіз болған танадай
Шыр көбелек айналам,
Кешегі бір заманда,
Қайран қазақ , қайтейін,
Мынау азған заманда,
Қарасы - антқор, ханы - арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бәйбіше - тантық , бай - арам,
Бозбаласы - болашақ ,
Қырсыға тудың қыз балаң.
Нары - жалқау кер табан,
Құсы - күйшіл , ат - шабан,
Жырғалаң жоқ , жобалаң.
Ебі кеткен ел болды
10
Әдеби KZ
Енді қайда мен барам?
Ой, Сандық тас, Сандық тас,
Атамның қонған жайлауы,
Қайнардан суық қайнауы,
Шалғынға жонын көмілтіп,
Құлынды қазақ байлауы.
Бал татыған бағланның
Езілтіп етін шайнауы.
Сенің арқаң емес пе,
Лықсытып малды айдауы.
Мынау азған заманда
Сөзіңнің кетіп байлауы,
Келесі биде кезек жоқ.
Қу тиын болып сайлауы...
Басалқа жақсы кеткен соң,
Іс айналып батылға
Ер қайраты қор болып,
Ақыл салды қатынға,
11
Әдеби KZ
Түзелмес енді іс болып...
Ей, айтайын арнап Ешенге
Ей, айтайын арнап Ешенге,
Кетіп еді есем де.
Айтатұғын жөнім бар
Ешенге не десем де.
Жұмаққа тура бастайтын.
Ел серкесі көсемге,
Құтқаратын тозақтан
Шариғатқа шешенге.
Ешен елді аралап,
Қошқар, текежинадың,
Құдай жолын қуған деп
Ешен сені сыйладым.
Маңдайдағы бай болдың
Нәпсіңді неге тыймадың?
Өзің алсаң жүз аз деп,
12
Әдеби KZ
Берсең, бірді қимадың.
Жетерлік болды елге де
Сенің болдыиманың.
Құдайғақолың жеткізіп,
Беремін деп пенденің
Талайын алдың тартқандай,
Кем мен кетік, кенденің
Бала берем саған деп,
Сан әйелді емдедің.
Күйсеуіңе болайын,
Сен болсаң менің сенгенім.
Жазылады деп ең, жазылмай
Талайы өлді қаза боп,
Өледі деп ең, жазылды,
Талайы құлан таза боп.
Бала түгіл, сымбыл жоқ,
Бедеуге бала бермек ең,
Бедеу қатын қалды ма
13
Әдеби KZ
Сен етегін көрмеген?
Дулаттың ащы жырынан
Алдамшы сендей Ешеннің
Талайлары терлеген.
Ақылы жоқ молдалар,
Оңайлықпен келмейді,
Иман деген қиын да,
Өзіңде Ешен иман жоқ,
Елге иман бермексің.
Қиямет қайым болғанда,
Әуелі өзің көрмексің.
Өтірік айтқан сөзіңнің
Орнасын сонда таба алмай,
Аман - есен кетпессің
Жәһәннамға қамалмай.
Алдап алған малыңның
Есебіне жете алмай,
Қалтырарсың, Ешенім,
14
Әдеби KZ
Қыл көпірден өте алмай,
Жөніңе көш, Ешенім,
Тозаққа қарай бет алмай.
Жапанға біткен жантақты
Жапанға біткен жантақты
Жәһән кезген нар жейді,
Тәтті менен дәмдіні
Қолында бұлы бар жейді.
Қорқақтықтың белгісі,
Арықты да жар дейді
Кертартпаның белгісі,
Кең дүниені тар дейді.
Қолыңда жоқтар тайлақты
Солқылдақ өркеш нар дейді.
Балам, маған кейіме,
Әкем айтпай кетті деп.
Сырын білмей бой салма,
15
Әдеби KZ
Атасы оның текті деп.
Тұрлаусыздан сөз ұқпа,
Аузы оның епті деп.
Нашардан шыққан жақсының
Сөзін жерге тастама,
Атасы нашар өтті деп.
Орманшы ағаш кесе алмас,
Ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас,
Жау - жарағын сайламай.
Егінші егін сала алмас,
Қос өгізді айдамай.
Көңілмен құрғақ бос жүрсең,
Алақандай жер жүзі
Аспан болар айнадай.
Істемей қолмен іс болмас,
Құры сөзде күш болмас,
Ауызға салып шайнамай.
16
Әдеби KZ
Ер қолынан іс келмес,
Сұңқардайын түйілмей,
Буынып белін түйінбей
Зердесі жігер қайнамай.
Жабыққанды дерт білмес,
Басқан қайғы серпілмес,
Шамшырақтай жайнамай.
Ер деп атақ алмайсың,
Алмас семсер асынбай
Кезінген жауды қашырмай,
Асудан ары асырмай,
Болат найза қайрамай,
Бара алмассың байланып.
Көңілге алған жеріңе.
Шыға алмассың ұмтылып
Шығам деген өріңе.
Садақ сыртты, күшпек сан
Тобышақ атты жайламай.
17
Әдеби KZ
Жол тауып саған беретін,
Көзіңнің жасын көретін,
Соңыңнан сенің еретін,
Қалмады елде адам да,
Балам, саған айтқаным,
Даңғыланбай шаруа жи,
Албырттықты әсерлі
Құрбыңа еріп көрме сый,
Қолда барың қанағат,
Қолда жоққа құмартып,
Әуреленбе нәпсің тый,
Әкеңнің айтқан аз сөзін,
Құтысына көңліңнің
Төгіп алма, дәлдеп құй.
Менің айтқан бұл сөзім
Өміріңе пайдалы
Басыңда болса егер ми.
18
Әдеби KZ
О, Ақтан жас, Ақтан жас
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
19
Әдеби KZ
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпаратты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағыжоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
20
Әдеби KZ
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажымы,
Жетерсің, әлі жетерсің.
О, Барақ жас, Барақ жас
О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды - артына қарамас.
Жақсы иттің белгісі,
Жұлмақ түгіл, жоламас,
Азғын елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
21
Әдеби KZ
Қасқырмененаралас.
Қазіргі қазақ ұлығы,
Жаман иттен несі кем.
Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айрылар мүлде есінен.
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем.
Әбілпейізарғы атаң
Алтын тұғыр сұңқар - ды,
Еріктіріп батырын
Қунатып еді тұлпарды.
Тұсыңда сенің, хан Барақ,
Азулы бейне аң Барақ,
Содырлы, сойқан төлеңгүт
Елге қарап анталап,
Ашынғанда таптады,
Ел етегіне қымтарды.
22
Әдеби KZ
Алтын еді бір күнде,
Ағаш болды тұғырың.
Тиюсыз тентек төлеңгүт
Шығарды елдің ұрлықпен
Дығыры мен ығырын.
Алалға қарсы хан болдың,
Тентекті сүйеп неғұрлым,
Азған сені көргенде,
Қайнайды менің зығырым.
Өгізді бөлдің жегілген,
Арамдыққа егілген
Айдайтұғын шығырын.
Құрық бердің ұрыға,
Момынды алдың қырыңа,
Малсыздарды таптадың,
Малдыларды жақтадың.
Тентекті жақсап қақпадың,
Өсекшіні мақтадың,
23
Әдеби KZ
Арамдық болдыбаққаның.
Қашан сенің ашылар,
Момындарға құрылған
Қанды қара қақпаның?
Қараңғысыз ел мен жұрт,
Төрелік түскен дағыңа,
Ие болмай айрылдың
Атаңның алтын тағынан.
Қара толқын жау толды
Шығыс, батыс жағыңа.
Тұлпардан туған тұқым ең,
Ере алмадың жабыға.
Етегін ашып кім күлмес
Азғындаған шағыңа?
Алдыңа келсе жүгініс,
Қарамай қара, ағына,
Алалды сатып параға,
Болыстың арам жағына.
24
Әдеби KZ
Рухына нәлет келтірдің,
Қабың менен сабаңа.
Бұзықты құрап ел етіп,
Қондырдың оң жағыңа.
Ұрыңа елді торытып,
Өтірікдауды қорытып,
Бүлдіре бер тағы да...
О, Кеңесбай мырза, тыңда, сөз
О, Кеңесбай мырза, тыңда, сөз,
Айтатұғын келді кез,
Кекіреттеніп паңданбай,
Сыртын көріп таңданбай,
Менің сөзім құйылса,
Кеудеңе шырақ жанғандай.
Арғы атаң сенің - Нарынбай,
Кең қолтық ұзын қарымдай,
Елдіңжүгін көтерген
25
Әдеби KZ
Ақ өңеш шеңгел нарындай.
Көкейіңе қондыра
Сөйлесін жаршың сарындай,
Қу дауысты Құттыбай
Қазақ туын көтерді,
Даналықпен айырды
Келер менен кетерді.
Өтірік деші қанеки,
Мен айтпаймын бекерді.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Олжа салды еліне.
Тояттаған сұңқардай,
Құйылып еді жеміне.
Қазықтай жерге қадады,
Дұшпанын деген «сеніме».
Тізе қосып теңесті,
Текпісі тең теңіне.
Ой, ол кездегі өткен күн
26
Әдеби KZ
Түсім бе едің, өңім бе?
Байқара атаң байболды,
Төрт түлігі сай болды,
Қайыры елге мол болды,
Анық әділ сол болды,
Серкештеп жылқы айдалды,
Көшкенде жұртта тай қалды.
Алдына келген дау болса,
Әділетпен жайғалды.
Дәулетіне ел кенелді,
Жетім - жесір теңелді,
Опасыз мына жалғаннан
Демі біткен күнінде
О да көшіп жөнелді.
Өз әкеңді айтайын,
Қара тіл ділмәр Ақтайлақ.
Топта жалғыз сөйлеген
Асыл сөзді тақтайлап.
27
Әдеби KZ
Тұқымың дегдарболғанмен,
Кеңесбай азғын туғансың,
Тістеуік айғыр секілді
Үйіріңді сұйылтып,
Тай - құнанды қуғансын.
Ел білерлік ісің жоқ,
Дегдар емес, будансың,
Будан дейтін себебім,
Айналаңды торисың ,
Түзден тоят тілемей,
Өлексені қорисың.
Алдыңа келсе жүгініс,
Терісті оң деп жорисың.
Қол бала құс секілді
Биялайға қарайсың.
Не тұлғама тұтқа боп,
Ішің аяз ақ қырау,
Сырты сұлу сарайсың.
28
Әдеби KZ
Ыдысысыңпараның,
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның,
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай бір - ақ толғайтын.
Айтты десең, Кеңесбай,
Бергеніңді санап ал,
Тоқылдап елді тұжырып,
Осы елде жалғыз өзің қал.
Тінейдің сары құсындай
Өзіне - өзің шеңгел сал.
Ел тереңге сүңгіді,
Қарамайтұғын қалмай тал.
Серпілер күн болар ма,
Елге түскен ауыр хал
Көз жасында болмады,
Қара қазан, сарбала,
29
Әдеби KZ
Жетім - жесір, кемпір - шал.
Он бес деген жас қайда
Он бес деген жас қайда?
Жарға ойнаған лақтай.
Қайда кеттің жиырма бес,
Тастан шыққан бұлақтай?
Жиырма бес бар ма маңайда,
Жайқалған жасыл құрақтай?
Отыз кеттің алыстап,
Толықсыған сынаптай
Отыз бес, неге келмейсің,
Көз іздетіп жылатпай?
Қырық астың кезеңнен,
Суырған қыннан қынатпай.
Қырық бес шықтың кезеңге,
Маң - маң басып бұла аттай.
Елу қондың ауыл үй,
30
Әдеби KZ
Тізгіндеп ұстап құлақтай.
Алпыс келдің арсаңдап,
Нөсер жауған ылаттай.
Жетпіс қараң көрінді
Тұрсам - дағы ұнатпай.
Сексеннен алған хабардың
Ызғары тұр шыдатпай.
Көргім келмес тоқсанды,
Келіндерге сынатпай.
Жүз, сірә, мені қоймассың,
Қараңғы көрге құлатпай.
31
Әдеби KZ
Сүлейменге
Шаншулы найза ілулі,
Әшекейлі дөдеде.
Айбарлы ақ ордада
Алтын сапты селебе
Айқара қамқы жабылған
Алдында күміс тегене,
Ардақты туған атадан
Әуелі сәлем берейін
Сүлеймен сынды төреме.
Төреліктің белгісі
Елін жауға бере ме?
Еліне қорған болмаса,
Ел төрені көре ме?
Қаршығаны қайырма,
Қалыңға салса батпаса,
Мергенге мылтық кезетпе,
Атқан оғы айнымай
32
Әдеби KZ
Түтінін үзбей атпаса.
Батыр деме батырды,
Шеп құрған жауға шаппаса,
Төре деме төрені,
Ел тірлігін таппаса.
Қару деме семсерді,
Шапқанға сүйек қаппаса.
Досым деме досыңды,
Күле кіріп кіргенде,
Күңірейіп есік аттаса,
Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса?
Сөз -жібек жіп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрінбес
Өрнексіз тігіп баттаса.
Шешеннің аты шешен бе,
Таңдайға дәмі үйіріліп,
Даугердің тауыншақпаса?
33
Әдеби KZ
Дулатты Дулат демеңіз,
Тас ағызып ағыны
Төре алдында ақпаса.
Сүлеймен төре, құлақ сал,
Дулаттың төккен жырына.
Үңілсең, көзің жетер ме,
Теңізден терең сырыма?
Төредегі өңшең отырған
Топырыш-топас күшінен,
Жау айбынбас күшінен,
Ел түңілген ісінен,
Дулат келсе бермейді
Төрден орын сырыла.
Толғанып, төрем көз жібер,
Ойыңменен қырыңа.
Барақ сынды төреміз,
Кеңесбайдың кереңіз,
Ақтайлақ пен Аққожа,
34
Әдеби KZ
Әділ бекзат кеткен соң,
Жаншып байла жанына,
Құрық берді ұрыға.
Аруақтың артқы сарқыны
Адал бекзат, туысым,
Айбарыңды байқасм,
Алтын зерлі түбімсің.
Ауыл-аймақ, көршіңе
Алтынның айшық буысын.
Әділдігін - қазақтың
Ақназардай биісін.
Адалдығын - аңқылдап
Сыбызғысын күйісін.
Қасдұшпанға қасарсаң,
Қан шықпас тастай түйінсің.
Ел қамын жеген ер болса,
Сабазым, сендей күйінсің,
Сырға берік сарбазым,
35
Әдеби KZ
Ашуын таппас қиынсың.
Бірақ жалған, қайтейін,
Мезгілсіз келіп дүниеге
Ап-тапқа түскен басың бар,
Жау айбынар досың жоқ.
Жар - жапсарда қасың бар.
Жылайсың да шыдайсың.
Енді қазақ ел болмас,
Күні өтіп, айы асқан,
Дәрігері дарын болса да,
Ауруға ем қонбас,
Мүйіздескен сиырдай
Байласаң бас жіп жетер ме?
Толқыңды теңіз заманнан
Сенімді кеме болмаса,
Жел қайықпен өтер ме?
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берем бекерге
36
Әдеби KZ
Көмбеге таяп қалғанда
Жүйрікке керек көтерме
Аяз қысса мүйізді,
Мүйіз қысып тұқылды,
Қанталаса тұқымың,
Алпыс екі тамырың
Қаңсып қалған сықылды,
Ұлық қысса ұлықты,
Ұласып мидай былықты;
Атқа мінер ауылда
Итше ілініп ылықты.
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан - дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты.
Бұзауы өлген сиырдай
Саулы иіп Дулат жүр,
Місе қылып тұлыпты.
37
Әдеби KZ
Сөзім барда, көзім жоқ
Сөзім барда, көзім жоқ,
Көзім жоқ деп жатпадым.
Би мен бекті жақтадым,
Бәйбішенің мойына
Жырдан алқа таққаным,
Өсек болды баққаным,
Момынға құрған қақпаным;
Өсекші - тәңірі дұшпаны,
Күнәмді қалай ақтадым?.
Аз нәрсеге ант ішіп,
Аруақты аттадым.
Қылмыстыны қызықтап,
Маңдайынан сипадым,
Қабағына қақпадым.
Бәріне мен кіріптар,
Қайсы менің тапқаным?
Біреудің отын үрледім,
38
Әдеби KZ
Өз отымды жақпадым.
Сонда-дағы оңбадым,
Көн шалбар түспей бұтымнан
Қыс болса тапшы қызылдан,
Жаз болса шола жұтымнан.
Алал сопы мен емес,
Пірдің сөзін тұтынған.
Саудагер сарттай қайтты өмір,
Құмар ойнап ұтылған.
Мөңіреп жұртқа ой қатты,
Бузаулы өлген сиырдай.
Дабысы төбет қабаған
Жемтік көрсе тұра ма
Ырылдап танау жиырмай?
Өзімнен - өзім қызғанып,
Азын -аулақ жиғаным
Өзіме де бұйырмай.
Күнәм жойқын, тәубем аз,
39
Әдеби KZ
Тіршіліктен не таптым
Дүние - жемтік, мен -төбет,
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып әркіммен,
Не қапқыздым,
Қылығын қылжаң, туысқан,
Қырт пенен мылжың ағайын,
Бәрінен де дауасыз,
Өсекті қайтіп бағайын?
Мақтан, күйшіл бүркіттей
Бәрінен де дауасыз,
Бабын қалай табайын?
Жағымпаз сөз әр кімге
Жұмсайтұғын малайым,
Арасынан жем тауып
Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын?
Есіл сөзден пұл кетті,
40
Әдеби KZ
Келемеж қылып атасын,
Алмай ақыл батасын,
Мойынаалмай қатасын,
Шаруа десе жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп,
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаң бастанып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін,
Аңдысып алды абысын;
Жаттай болып танысың,
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артыңа қарап үңіліп,
Қайран талай жыл кетті.
Аңдығаны малың боп,
Тілегені бұлың боп,
Момыңды сорып сүлік боп,
Қонақасы бермесе,
41
Әдеби KZ
Ат - шапанға ілік боп,
Параны көздеп бай кетті,
Сөзден кетіп пәтуа,
Базнаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадыр-қасиет іс кетті.
Ескіден қалған бұрыңғы,
Патуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол -
Қасым салған қасқа жол,
Шарға соғып із кетті.
Бермесең, жақын жау болып,
Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы пәле дау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті.
Күземе байтал секілді,
Шеше айтса кейін деп,
42
Әдеби KZ
Жеңгесі айтса бейімдеп
Киімін тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан малы табылмай,
Біріне-бірі сеніспей,
Кешірім жасап келіспей,
Бет-бетімен ел кетті.
Дұрыс бастар басшы жоқ
Әділетке шөлдетті,
Татуға өсек жүргізіп,
Пәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ер жетті.
43
Әдеби KZ
Тегімді менің сұрасаң
Тегімді менің сұрасаң,
Қалың Найман нуынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тыманың тынық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей
Жырын тыңда, Дулаттың.
Тасқын судай ағызып,
Шәрбәт балдай тамызып,
Торқалы топыр тойында,
Топ бас қосқан ойында,
Қасқа - жәйсаң алдында
Топ жиынды дулаттым.
Айдасаң алыс жерімді,
44
Әдеби KZ
Алсаң ащы терімді,
Өзіне - өзі сенімді,
Тоят төс, салпы ерінді,
Топтан торай бермейтін
Тұлпар аттай қунақпын.
Қайырсыз сараң малыңды,
Еріншек есер жарыңды,
Халыққа емес сыйымды -
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Әперіп сөзбен кегіңді-
Улы тілмен улаттым.
Сана құйып ойыңа ,
Қуат беріп бойыңа,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп қайғы алған,
45
Әдеби KZ
Қайғылыны уаттым.
Жырымды менің тыңдаған
Сөз ұғатын соңғы адам,
Тыңдаудан әсте тынбаған,
Кауһардай дүрі бұлдаған,
Сарқырап аққан жылғадан
Жыр арнасы суатпын.
Шашудай болып шашылар
Меруерттей асыл сөз деген,
Жаршылардың шәйірі
Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дәл басып,
Қалаған жерден көздеген.
Қамқа бірдей бола ма
Қаламы мата бөзбенен?
Қосылып алтын қорылмас
Мырышпенен, мыс, жезбенен.
Меруерттей сөзбен шашайын
46
Әдеби KZ
Бойыма біткен асылын
Ақындық әсер қуаттың.
Сусағанды сулатып,
Шаршағанды қунатып,
Күзегенді туратып,
Жырыммен елді жетелеп,
Мүйісжерден төтелеп,
Ағылайын ақпадай!
Азған елдің адамы
Апшыған сұмдар қадамы,
Жүйрікпін деп шабаны,
Момынға жапса жаланы,
Қулық - сұмдық табады;
Арқасы елдің жауыр боп,
Жеңіл жүгі ауыр боп,
Төрт таяқтап ақсады...
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
47
Әдеби KZ
Ауылдың атқа мінері
Жемтікке қонған күшіген.
Өзі тойса мәз болды,
Ел іргесін сақтамай.
Ер деп елді бұзғышты,
Сұқсыр деп сұмырай қызғышты,
Кез құйрықты лашын деп,
Кенеусізді ісім деп,
Құладынды сұңқар деп,
Жабыны шабан тұлпар деп,
Құтқармайтын құмай деп,
Төбетке қарғы таққаны.
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
Өзі елді қорқытып,
Онан өзі қорқады.
Алдыңа түсіп томпаңдар
48
Әдеби KZ
Жарлылардың торпағы,
Бір торпақтан он болып
Пысықтардың ортағы.
Қара шығын алымы
Бай, кедейге бірдей боп,
Шаңыраққа салығы.
Ел ұйытқысы шайқалып,
Дәулет судай аққаны
Сортаң жерге қақ тұрып
Суы ішуге келмейтін,
Сараң байға бақ тұрып
Қолынан қайыр бермейтін,
Қортиғандар бек болды
Елді теріс сермейтін...
49
Әдеби KZ
Тырнақтай меңі болған соң
Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,
Шаңқай болмай, қылаң ба?
Ту ұстап, тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жәй отындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел, ұлан ба?
Ақсақ Темір көреген,
Азуын айға білеген,
Дұшпанын саздай таптаған,
Досын майдай сақтаған,
Алтын діңгек секілді,
Патша өткен Тұранда.
50
Әдеби KZ
Азғын тартып шүйіліп,
Қасиеті жойылып,
Онан соңғы хан мен бек
Аталыдан азғын тек
Суалып қалды қараңға.
Елді судай сапырған,
Белшесінен батырған,
Шілдеде мұзды қатырған,
Толыны төгіп шайқаған,
Берілді тізгін ылаңға.
Құрт жегендей қуарып,
Дәнің тандыр суалып,
Елдігің кетіп ыдырап,
Алтын жағаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді,
Жоқ болғаның мұнан да.
Құзды кемең еткенмен,
51
Әдеби KZ
Өткелдектен өткенмен,
Қарауыл салып өргенмен,
Сақтансада мергеннен,
Ажалдыоқтан құтылмас
Сақсынғанмен бұлан да.
Екпіні желдей есілген,
Төрт аяғы көсілген,
Ажалдың құрған шебінен,
Аса алмайды шегінен
Қыр тағысы құлан да.
Мекен ғып құздың қиясын,
Бұлтқа салып ұясын,
Айнадай көрген аймағын,
Түйінін шешкен айланың,
Жерге қонбай ұша алмас
Көк еркесі қыран да.
52
Әдеби KZ
Қылығың қылжаң, туысқан
Қылығың қылжаң, туысқан,
Қырт пенен мылжың ағайын,
Бәрінен де дауасыз,
Өсекті қайтіп бағайын?
Мақтан, күйшіл бүркіттей
Бабын қалай табайын?
Жағымпаз сөз әр кімге
Жұмсайтұғын малайым,
Арасынан жем тауып
Бәрі тегін жер тезек,
Қайсысын таңдап алайын?
Есіл сөзден пұл кетті,
Келемеж қылып атасын,
Алмай ақыл, батасын,
Мойынаалмай қатасын,
Шаруа десе жиреңдеп,
Өсек десе сүйреңдеп,
53
Әдеби KZ
Қымыз аңдып қыдырып,
Бейпіл сөзге сыдырып,
Жалаң бастанып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін,
Аңдысып алды абысын;
Жаттай болып танысың,
Қазақтан мүлде түңіліп,
Артыңа қарап үңіліп,
Қайран талай жыл кетті.
Аңдығаны малың боп,
Тілегені бұлың боп,
Момыңды сорып сүлік боп,
Арам дауға келгенде
Жел жетпейтін күлік боп,
Қонақасы бермесе,
Ат - шапанға ілік боп,
Параны көздеп бай кетті.
Сөзден кетіп пәтуа,
54
Әдеби KZ
Базнаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадыр - қасиет іс кетті.
Ескіден қалған бұрынғы,
Патуалы ырымды,
Адаспастай даңғыл сол -
Қасым салған қасқа жол,
Шарға соғып із кетті.
Бермесең, жақын жау болып,
Бермесең, құрған ау болып,
Аяғы пәле дау болып,
Ұлғайып пәле қау болып,
Татқан дәм мен тұз кетті.
Күземе байтал кекілді,
Жетекшіл түйе секілді,
Шеше айтса кейін деп,
Жеңгесі айтса бейімдеп,
55
Әдеби KZ
Киімін тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай,
Шаруалары оңалмай,
Бай мен кедей аңдысып,
Араласқан сан пысық,
Дөң асқан малы табылмай,
Біріне - бірі сеніспей,
Кешірім жасап келіспей,
Бет - бетімен ел кетті.
Дұрыс бастар басшы жоқ,
Әділетке шөлдетті,
Татуға өсек жүргізіп,
Пәленің отын өргізіп,
Қайран заман, аман бол,
Ер шөгіп, есер ер жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|