Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім



бет4/5
Дата27.03.2022
өлшемі22,84 Kb.
#28946
1   2   3   4   5
Байланысты:
Абай туралы тәрбие сағаты

2-жүргізуші:  Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы
 1-жүргізуші:  Абайдың 19-қара сөзі (Абайдың қара сөздерін бейнетаспадан тыңдау ) 
    Мағынаны тану, талдау
Бірінші топ а) Қандай мәселе көтерілген?    
Екінші топ  ә) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
Үшінші топ б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?
                              
1-жүргізуші:Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.
 Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар
 "Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"
2-жүргізуші:Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына   
Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз? Қандай адам деп айта аламыз?
Абай – ойшыл. 
 V."Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"
1-жүргізуші:- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

Жаз
оқушы: Күз


оқушы: Қыс
оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар» 
оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»
оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
 оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 
оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге» 

оқушы: «Балалық өлді, білдің бе?» 


оқушы: « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»
 

1-жүргізуші:-Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамнің көңіл-күйін әсерлі бейнелеген 


1-жүргізуші:- Абайдың  табиғатты  бейнелеген "Желсіз түнде жарық ай" әнін тыңдайық.
Абай ақын 
VI. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» 
2-жүргізуші: Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші  жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба  мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік  қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
1-жүргізуші: Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
2-жүргізуші:Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына «Үш ұлы бастау» - әсер етті         
1. Қазақ халқының жазба әдебиеті. 
 2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы.  
 3. Батыс Еуропа мәдениеті.
1-жүргізуші:- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

Қыздардың орындауында  "Көзімнің қарасы"


2-жүргізуші:- бұл әндерді көпшілігіміз естіп, айтып жүргенімізбен олардың шығу тарихы жайында мағлұматымыз мардымсыз.
 1-жүргізуші:- «Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас...» деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.
2-жүргізуші:-  Ендеше "Айттым сәлем, Қаламқас" әнінің тарихымен таныса отырыңыздар
"Айттым сәлем, Қаламқас" әнін тыңдау
Бұл әннің тарихын тыңдай отырып,  басқа да  әндерін  тыңдай отырып Абайды тағы да  қай қырынан   көреміз?
Абай – сазгер. 
 VII. "Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"
1-жүргізуші:Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада  бас қосты.Неміс, орыс және қазақ  халқының даналары Гете, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. "Халықтар достығы"  деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гетенің  "горные вершины" өлеңі және қазақ тіліне  Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалқып"  өлеңі  жазылған
 Енді осы өлеңді тыңдайық
2-жүргізуші:- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.
1-жүргізуші:Біз оқыған " қарға мен түлкі " , "шегіртке мен құмырсқа", " есек пен бұлбұл" мысалдарын И.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
1-жүргізуші:- Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз?
Абай аудармашы
VIII.Тура биде туған жоқ
2-жүргізуші: Абай ел ісіне де араласқан. Саясаткер ,заңгер Абай туралы мына мәліметтерге қанық болыңыздар
IX. 2-жүргізуші:  "Болмасаң да ұқсап бақ" дегендей оқушылар шығармашылығына кезек берейік
  1-топ:Абайша жырлау            

 2-топ: Абай өлеңдеріне байланысты салған суреттері

 

«Әлемнің Абайы» өлеңі


 
1-жүргізуші: Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
2-жүргізуші: Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
1-жүргізуші: Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
2-жүргізуші:Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
1-жүргізуші:.Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
2-жүргізуші:.Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
1-жүргізуші: Ақылменен дана болған 
Бүкіл елдің Абайы
"Әлемге танылған Абай"
Сіз не дейсіз? ( Әр топтан 1 оқушыдан Абай туралы сұрақтарға жауап  береді)
1-жүргізуші:  Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар.
2-жүргізуші:   Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың  қалдырған із ешқашанда өшпек емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет