Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім



бет2/5
Дата27.03.2022
өлшемі22,84 Kb.
#28946
1   2   3   4   5
Байланысты:
Абай туралы тәрбие сағаты

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту,
 Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер. 
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, ,тарих, ән
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке,   инабаттылыққа баулу.

Тәрбие сағатының жоспары:
1.   Ұйымдастыру                             
2.  Ой шақыру
3. "Абай дара, Абай дана қазақта"
4.  "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"
5. "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"
6. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» 
7."Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"
8. "Тура биде туған жоқ"
9."Болмасаңда ұқсап бақ" Оқушылар шығармашылығы
10.Қорытынды
            
                   
Барысы
I. Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Топқа бөліну
Қазір менің ән сөздері арқылы 3 топқа бөлінейік 
Мұғалімнің кіріспе сөзі:  Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше ,  өйткені ауданымыздың мектептерінен мұғалімдер келіп отыр
-Балалар, осы ағымдағы 2020 жылы тарихи атаулы күндерге толы екен. Олар қандай атаулы күндер?
- ҰОС жеңістің 75жылдығы, Қазақстан халықтары ассемблеясының 25 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы.
Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы  болып қала береді. 
-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыз  – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз. 
  1-жүргізуші:  Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз...
2-жүргізуші:Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…
Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Абай –дана, Абай-дара қазақта" деп аталады
II. Ой шақыру  «Абай ата сөзі» кестесін толтыру. «5 дұшпан мен 5 асыл істі» жазу.
Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, қолдарыңда жыл мезгілдері бейнеленген суреттер бар , сол арқылы топқа бөліндік, енді әр топ өз суреттеріне қатысты Абайдың өлең шумақтарын айтып жіберсін
 
1-жүргізуші: 
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?  Жырымен жан сусынын қандырған кім?    Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, 
 Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім? 
 Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?   Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
  Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, 
   Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 

2-жүргізуші:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
 Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
 Арманын аттандырып келешекке , 
  Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 
  Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 
   Жауына найза сөзін шанышқан кім?     Өзендей  құйған  барын көк теңізге, 
  Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет