Кері байланыс Әр топтан екі оқушыдан шығып бірінші топ -екінші топқа, екінші топ — үшінші топқа, үшінші топ –– бірінші топқа екі жұлдыз, бір тілектерін айтады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұғалім:Ал менің сендерге тілейтінім Сендер оқып жүрген білім ордасы-біздің мектебіміз де осындай ұлы тұлғаның есіміне ие.Ендеше осы құрметке бәрімізде лайық болайық дегім келеді
Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны. Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.
Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын
- Осымен сабағымыз аяқталды,Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар деп ойлаймын