Жасыту және қалыптандыру


Термомеханикалық өңдеу (ТМӨ)



бет4/5
Дата21.04.2023
өлшемі111,56 Kb.
#85462
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 лекция

9.4 Термомеханикалық өңдеу (ТМӨ)

Термомеханикалық өңдеу аустенитке дейінгі қыздырған болатты пластикалық деформациялау мен шынықтырудан тұрады.


Термомеханикалық өңдеу негізінде екі тәсіл қарастырылады. Бірінші тәсілге - жоғары температурадағы термомеханикалық өңдеу (ЖТТМӨ) жатады. Аустенитке дейінгі қыздырылған болат Ас3 нүктесінен жоғары температурада деформацияланады (8.7,а- сурет). Деформациялау дәрежесі 20-30%, одан үлкен деформацияланса, механикалық қасиетін төмендететін қайта кристалдану жүру қаупі туады. Қайта кристалдану мүмкіншілігін тудырмау үшін деформацияланған болат жедел арада шыңдалуы керек.
Екінші тәсілге төмен температурадағы термомеханикалық өңдеу (ТТТМӨ) жатады. Болат асыра суытылған аустениттің тұрақталған кезінде (400-600)0С деформацияланады. Деформациялау температурасы Мн нүктесінен жоғары, бірақ қайта кристалдану температурасынан төмен болу керек (8.7,б -сурет). Деформациялау дәрежесі 75-95%. Деформациядан кейін жедел арада шыңдалу жүргізіледі. Әрбір тәсіл бойынша шыңдаудан кейін төмен температурада (100 - 300)0С босату жүргізіледі. Мұндай ТМӨ созымталдығы мен тұтқырлығы көтеріңкі δ = (6...8%,  = 50...60%) кезінде аса жоғары беріктік алуға жол ашады (  = 2200... 3000 МПа). Кәдімгідей шыңдау мен босатудан кейінгі бұл көрсеткіштер келесідей ( = 2000... 2200 МПа), (δ = 6...8%).



а) - Жоғары температуралы термомеханикалық өңдеу; б) - Төмен температуралы термомеханикалық өңдеу.

9.3- сурет. Болатты термомеханикалық өңдеу схемасы.


ТМӨ-ден кейінгі болаттың созымталдығы және қирауға қарсылық көрсетер қабілетінің көтерілуінен қатар беріктігінің артуының өте маңызы зор. Көбінесе жоғары беріктігі мен қажуға төзімділігін көтеретін, морттық сыну температурасын төмендететін ЖТТМӨ қолданылады.


Көміртекті, легірленген, конструкциялық, серіппелік, құрал-саймандық болаттарға жоғары температуралық термомеханикалық өңдеу қолданылады.
ТТТМӨ кезіндегі деформациялау дәрежесі 75...95% болғандықтан, оған қажетті құрылғылар қуатты болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет