Жасыту және қалыптандыру



бет1/5
Дата21.04.2023
өлшемі111,56 Kb.
#85462
  1   2   3   4   5
Байланысты:
8 лекция


9 Термиялық өңдеу технологиясы

Болаттың құрылымын және қасиетін әртүрлі өзгертетін және дайындамалар мен дайын бұйымдарға қойылатын талаптарға қарай пайдаланылатын термиялық өңдеу түрлеріне жасыту, қалыптандыру, шынықтыру және босату жатады.




9.1 Жасыту және қалыптандыру

Жасытуға қаттылығы төмен, қалдық кернеулерден таза, тепе-тең құрылым алу көзделіп, белгіленген температураға дейін қыздыру, мөлшерлі уақыт ұстау, соңынан пешпен бірге баяу суытудан тұратын термиялық өңдеу жатады.


9.1.1. Жасыту


Жасыту бірінші және екінші текті жасыту болып ажыратылады Бірінші текті жасыту қатты күйінде фазалық өзгеріссіз жүреді. Қолданылуы бойынша бірінші текті жасыту келесідей ажыратылады: диффузиялық, қайта кристалдандыру және ішкі кернеулерін жою үшін (9.1 -сурет).



1- диффузиялық жасыту; 2- қайта кристалдандыруға жасыту; 3 - ішкі кернеулерді жою үшін жасыту; 4 - толық жасыту, 5 - толық емес жасыту; 6 - қалыптандыру.



9.1-сурет. Жасыту және қалыптандыру үшін қыздыру температуралары.

Диффузиялық немесе гомогенизациялық жасыту металдың кристалдану кезінде қалыптасатын химиялық біртектілік еместігін жөндеу үшін қолданылады. Құрылымдық біртектілік еместік (ликвация) болатты қысып өңдеу кезінде морт сыну қаупін тудырады, созымталдығын, тұтқырлығын төмендетеді. Диффузиялық жасыту көбінесе жоғары легірленген болаттан құйылып дайындалатын кесек бұйымдарға, ірі мөлшерлі құймаларға қолданылады. Қыздыру температурасы 1000-1100ºС. Диффузиялық жасытудан кейінгі құрылым ірі түйіршікті. Мұндай құрылымдар соңынан қолданатын термиялық өңдеудің басқа түрлерімен немесе қысып өңдеу кезінде жөнделеді.


Қайта кристалдандыруға жасыту салқын пластикалық деформациядан кейінгі тойтаруды жоюға қолданылады.
Ішкі кернеулерді жою үшін жасыту металды құю, пісіру, соғу кездерінде тетіктерді істен шығаруға себепкер кернеулерді азайтуға қолданылады.
Екінші текті жасыту немесе фазалық қайта кристалдандыру толық немесе толық емес болады. Толық жасыту болатты Ас3 нүктесінен (38-сурет,GS) 30-50ºС жоғары температурада кристалданғанша ұстау, соңынан баяу суытудан тұрады. Толық жасыту кезінде аустенитті құрылым ұсақ түйіршікті ферритті-цементитті қоспаға өзгереді, көбінесе толық жасыту түйіршіктерін ұсақтау мақсатымен эвтектоидқа дейінгі болаттар үшін қолданылады. Толық жасыту құйылған кесек болаттың созымталдық қасиетін көтереді. Болатты кесіп өңдеуді жеңілдетеді.
Толық емес жасыту Ас1 нүктесінен жоғары, Ас3 пен Аст нүктелерінен төмен жүргізіледі. Толық емес жасыту арқылы эвтектоидтан кейінгі құрал-саймандық болаттағы перлиттің тілімшекті құрылымын түйіршікті құрылымға өзгертеді, өңдеуге кедергі туғызатын екінші текті цементиттің торы жойылады.

9.1.2 Қалыптандыру
Қыздырған болатты ауада суыту қалыптандыру деп аталады. Қалыптандыру процесінде болатты аустениттік күйге дейін қыздырады. Қалыптандырылған болаттың ішкі кернеулері жойылады, эвтектоидтың құрылымы жұқарады, эвтектоидтан кейінгі болаттағы цементиттің ірі торлары жойылады. Демек, болаттың құрылымы қалыпты күйге түседі.
Қалыптандыру жасытуға қарағанда үнемді операция. Қалыптандыру мен жасытудан кейінгі болаттың механикалық қасиетінің төмен көміртекті болаттардың қасиетінен айырмашылығы жоқ. Көлемі үлкен, құймалы кесек болаттардың қасиеттерін жақсарту үшін шынықтыру мен босатудың орнына қалыптандыру қолданылады. Қалыптандыру мен жасытуды технологиялық операциялардан (соғу, құю) кейінгі ақаулардан тазарту үшін кесіп өңдеуге дайындық ретінде жүргізеді. Механикалық қасиеті қамтамасыз етілген жағдайда немесе шынықтыру мен босатуды қолдану мүмкіншілігі болмағанда термиялық өңдеу қалыптандырумен немесе жасытумен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет