Жасыту және қалыптандыру



бет3/5
Дата21.04.2023
өлшемі111,56 Kb.
#85462
1   2   3   4   5
9.3 Болатты босату

Босату болатты шынықтырудан кейін міндетті түрде жүргізілетін қосымша термиялық өңдеу операциясы. Болаттың құрылымы мен қасиетінің қорытындысы босатудан кейін қалыптасады. Болаттың ішкі кернеуі жойылады, созымталдығы, тұтқырлығы көтеріледі. Босату температуралары Ас1 нүктесінен төмен температурада, тағайындалған температураға байланысты: а) төменгі температурада босату; б) орташа температурада босату; в) жоғары температурада босату болып ажыратылады. Суыту жылдамдығына байланысты ішкі кернеулердің мөлшері реттеледі. Баяу суытылған болаттың ішкі кернеуі төменірек болады.


Төменгі температурада босату (150-200ºС) құрал-саймандық болаттарға қолданылады. Шыныққан болаттың қаттылығы төмендемей сақталады (58-62 HRC), ішкі кернеулер жойылады. Құрылымы босату мартенситі (Мб).
Төмен температурада босату көміртекті және легірленген болаттан дайындалған кескіш, өлшегіш құралдар үшін және беткі қабаты цементтендірілген, циандалған немесе нитроцементтендірілген бұйымдарға қолданылады. Босату үшін ұстау уақыты 1- 2,5 сағат, ал ірі өлшемді бөлшектер үшін одан ұзақ уақыт болады.
Орташа температурада босату (350-500ºС) рессорлар мен серіппелерге жүргізіледі. Құрылымындағы троостит серпімділік шегін өте жақсы көтереді, қаттылығын көп түсірмейді. Құрылымы босату трооститі, механикалық қасиеті үйлесімді, тұтқыр. Қаттылығы 40 - 50HRC. Суыту ортасы ретінде су алынады. Болаттың беткі қабатында серіппелердің төзімділігін көтеретін сығылу кернеулерінің пайда болуына әсерін тигізеді.
Жоғары температурада босату (500-680ºС) ауыр жүктеме түсетін бөлшектерге қолданылады. Құрылымы - босату сорбиті. Жоғары температурадағы босату болаттың беріктігі мен тұтқырлығын жақсы үйлестіреді. Шынықтыру мен жоғары температурада босату деформацияға уақытша қарсылық көрсету қабілетін, аққыштық шегін, салыстырмалы сығылуын және соққы тұтқырлығын көтереді.
Шынықтыру және жоғары температурада босатудан тұратын термиялық өңдеу жақсарту деп аталады.
Жақсарту орта көміртекті (0,3 - 0,5 %С) конструкциялық болаттарға қолданылады. Оларға қойылатын талап - төзімділігі мен соққы тұтқырлығы шектерінің жоғары болуы. Жақсартылған болаттың конструктивті беріктігі көтеріледі, кернеу концентраторларына сезімталдығы төмендейді, жарықшаның дамуға бейімділігін арттырып, суыққа сынғыштық табалдырығын төмендетеді. 500-600ºС температурада 1-2 сағат аралығында жүргізілген босату шынықтыру кернеулерін толығымен жояды. Жоғары температурада босату бұйымның өлшеміне қарай 1- 6 сағатта жүруі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет