Жасыту және қалыптандыру


Болатты термиялық өңдеу кезінде пайда болатын ақаулар



бет5/5
Дата21.04.2023
өлшемі111,56 Kb.
#85462
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 лекция

9.5 Болатты термиялық өңдеу кезінде пайда болатын ақаулар

Шынықтыру шарты дұрыс тағайындалмаған болат бұйымдарда әртүрлі ақаулар: жарықшалар, ішкі кернеуден туған қопсу кездеседі. Мұндай ақауларды мартенситтік өзгеру аумағында баяу суытып түзетуге болады. Тотығу, көміртексіздену болаттың газдармен әрекеттесуінен туады. Тотығу бөлшектердің беткі қабатының қабыршықтануы, көміртексіздену – беттік қабаттағы көміртегінің күйіп кету салдарынан ферриттің құрылымының пайда болуы. Мұндай ақаулардан сақтау үшін болатты қоршалған атмосферада қыздырады.




9.6 Беттік шынықтыру

Беттік шынықтыру - болаттың белгіленген қалыңдыққа тек беткі қабатын шынықтырып, өзегінің тұтқырлығын сақтап қалу үшін жүргізетін термиялық өңдеу түрі. Мұндай өңделген болаттың беткі қабатының беріктігі артады, ал өзегінің тұтқырлығы, созымталдығы бұйымға түсетін күштерге төзімділігін қамтамасыз етеді.


Өндірісте беттік шынықтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: жоғары жиіліктегі токпен индукциялық қыздырумен шынықтыру (жаппай өндірісте); газдыжалынмен беттік шынықтыру (жеке өндірісте); электролитпен шынықтыру (ұсақ тетіктерді жаппай өндіруде); лазерлі шынықтыру (тозуға төзімділігін арттыру, иілуге шыдау шегі мен жанасты жұмыс атқару шегін көтеру).

9.6.1 Индукциялық қыздыру арқылы шынықтыру (ТВЧ).


Беттік шынықтырудың көп тараған түрі. Индукциялық қыздыру, айнымалы магниттік өріске орналастырылған бұйымды токпен жылыту арқылы жүргізіледі. Шынықтырылатын тетік индуктордың (соленоид) ішіне орналастырылады.
Индуктордың пішіні бұйымның сыртқы пішініне сәйкестеледі (8.8-сурет). Мыстан жасалған индуктор суыту үшін ішіне су құйылатын бір немесе бірнеше орама түтіктерден тұрады. Бұйымның көлденең қимасындағы токтың тығыздығы бірдей емес, ортасына қарағанда беткі қабатында жоғары болады. Токтың металға өту тереңдігі қыздырылатын металдың қасиетіне байланысты және токтің жиілігіне кері пропорциональді. Токтің жиілігі үлкен болса, шыныққан қабат жұқа болады. Көбінесе жиілігі 500-15000 Гц машина генераторлары және жиілігі 106 Гц шамдық генераторлар қолданылады. Машина генераторын қолданғанда шынықтыру қалыңдығы 2-10мм, шамдікі- 2 мм дейін болады.



1- шыңдалған тетік; 2- индуктор ; 3- суытқыш.


9.4- сурет. Жоғары жиіліктегі токпен беттік шынықтыру.

Индукторда қыздырылған тетікті арнаулы құрылғылармен (спрейер) суытады. Ондағы тесіктер арқылы тетіктің бетіне суыту сұйықтары бүркіледі.


Шыныққан беттің құрылымы мартенситтен, ал ауысу зонасы мартенсит пен ферриттен тұрады. Тереңдегі қабаты, демек өзегі, межелі температурадан төмендеу қызады да, суыту кезінде қасиеті өзгермей, бастапқы қалпын сақтайды. Қыздыру уақыты 10 секундқа дейін жүреді, ондағы қыздыру жылдамдығы секундына 100-10000С аралығында болады.
Жоғарғы жиіліктегі токпен шынықтырудың артықшылығына шынықтыру тереңдігін реттеу мүмкіндігі, жоғары өнімділігі, автоматтандыру мүмкіндігі, көміртексіздендірілуі және отқабыршықтың түзілмеуі, тетіктердің аздап шалыстығы жатады. Кемшілігі- әрбір тетікке жекелей дайындалатын индуктордың қымбатқа түсуі.
Беттік шынықтыруға жататын болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері 0,4% шамасында болу керек. Легірленген болатқа беттік шынықтыру қолданылмайды. Шыныққан болат 2000С температурада босатылады. Беттік шыныққан бұйымның беткі қабатының қаттылығы HRC45-55, өзегінің қаттылығы HRC25-30. Шынығу тереңдігі тетіктің атқаратын жұмыс шартына байланысты, тозуға төзімділігін қамтамасыз ету үшін 1,5 – 3 мм, жанасты күштегі жұмыс үшін 5-10 мм жеткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет