«Жаскілен Қалиев шығармаларындағы ұлтжандылық сезім» Мазмұны Кіріспе



бет3/3
Дата15.01.2023
өлшемі32,98 Kb.
#61321
1   2   3
Байланысты:
Жаскілен Қалиев шығармаларындағы ұлтжандылық сезім

ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының саяси-идеологиялық бағдарламасында мектеп оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеуді ұлттық дәстүрлерге сай жетілдіру өзекті мәселенің бірі болып табылады.Қазіргі кезге дейін жарық көрген ғылыми-зерттеу еңбектерін талдау барысында Ж.Қалиев шығармаларының арнайы зерттелмегені белгілі.Сондықтан Ж.Қалиевтің патриоттық мәні зор шығармаларының тәрбиелік мүмкіндіктерін зерттеп, жастарға,келешек ұрпаққа таныстырудың маңызы зор болып табылады.
Ж.Қалиев шығармаларын арнайы зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
1. «Патриотизм», «ұлтжандылық», «отансүйгіштік» ұғымдарының ара қатынасын зерттеу, оларға берілген анықтамалар мен тұжырымдарды жүйеге келтіріп, жан-жақты сипаттама беруге, олардың бір-бірімен өзара байланысын көрсетуге және Ж.Қалиев шығармаларында бұл сезімдердің қалай көрініс тапқанын нақтылауға мүмкіндік тудырды.
2. Ж.Қалиев өмірі мен шығармашылығын зерттеу ақын шығармаларының түрлерін айқындауға; патриоттық идеяларының жіктемесін жасауға және оларға жан-жақты сипаттама беруге септігін тигізді.
Зерттеу жұмысымыздың барысында ойдағыдай нәтижеге қол жеткізгенімізге қарамастан, бұл мәселенің зерттелуін түбегейлі шештік дей алмаймыз. Сондықтан, Ж.Қалиев шығармаларын зерттеуді жалғастыра беру мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасадық:
1. Ж.Қалиев шығармаларын мектептегі өтетін факультативтік курс бағдарламасына енгізген жөн.
2.Жас ұрпаққа елжандылық тәрбие беру мақсатында ақын шығармаларындағы ұлтжандылық идеясын пайдалану қажет.
Зерттеу проблемасы өте күрделі болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Жалпы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде Ж.Қалиев мұрасындағы ұлтжандылықтың тәрбиелік мәні жоғары асыл мұра екеніне көзіміз жетті деген қорытындыға келдік.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Ж.Қалиевтің шығармалар жинағы-Алматы «Үш қиян»баспасы,2004жыл


2. Айталы А. «Ұлттану» (Оқу құралы) – Алматы:
«Арыс» баспасы, 2000 жыл
3. «Қазақ совет энциклопедиясы» Алма-Ата, 1976 жыл, Т-9.
4. «Қазақ совет энциклопедиясы» Алма-Ата, 1974 жыл, Т-5.
5. Шермаханова Р. «Ұлт тағылымы» 2004 жыл
6. Момышұлы Б. «Шығармалар жинағы» Алматы, 2000 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет