Қорытынды сөз (10 мин)
Бүгінгі «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» атты дәріс сабағымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.
«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады».
Құрметті қонақтар бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып, өз ойларыңызды оқушыларменмен бірге талқыға салғандарыңыз үшін, жастарымызға ақыл - кеңес бергендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет, алланың нұры жаусын келесі кездескенше сау болыңыздар!
«Жасөспірім және әртүрлі діни секталар» тақырыбындағы дәріс сабақтың өтілуі туралы
АҚПАРАТ
"Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ-де құқық пәнінің мұғалімі Н.Толебаев пен ДТІЖО А.Байгабатова 9-сыныптармен «Жасөспірім және әртүрлі діни секталар» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: Оқушыларды экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жағдайы жөнінде мағлұмат беру.
Дәріс 5 кезеңнен тұрды.
I кезең. «Экстремизм, терроизм дегеніміз не? Экстремизмнің негізгі бегілерін қалай ажыратамыз?
ІІ кезең. «“Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас»
III кезең. «Абайлаңыз секта!.... Дінімізге берік болайық!»
IV кезең. Оқушылар мен сұрақ – жауап.
V кезең. Қорытынды сөз.
І кезең бойынша құқық пәнінің мұғалімі Н.Толебаев «Экстремизм, терроизм дегеніміз не?» «Экстремизмнің негізгі бегілерін қалай ажыратамыз?» Деген сұрақтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ІІ кезең бойынша «“Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсетілді. Оқушылар бейнефильм бойынша өз ойларын айтты.
III кезең бойынша «Абайлаңыз секта!... Дінімізге берік болайық!» тақырыбында діни ұғымдарға түсініктеме беріп өтті.
ІҮ кезең бойынша «Дін дегеніміз не?», «Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?»,
«Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?», «Қазіргі заманда қоғамға қалай ықпал етуде?», «Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?», «Діни экстремизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?», «Хижап, паранжа , қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады? Өз көз қарастарыңыз қалай?» деген сұрақтарға оқушылар толыққанды жауаптар айтты.
Қорытынды сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байгабатова сөз беріліп, сабақ қорытындылады.
Құқық пәнінің мұғалімі: Н.Толебаев
Достарыңызбен бөлісу: |