4. «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағым. Ағымның негізін қалаушы – өзін құдай және «Жаратушы» деп жариялаған Алматы облысы Шонжы кентінің тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның зайыбы Нина (Қасиетті Нина, Нина Ана) айналысады. Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды. Емдеу курсы Фархат атаның энергиясына қосылу арқылы басталады. Яғни, «Өмір формуласы» – «Алля Нина Ана Жаратушы Фархад ата, алля аят 37406810, алля Лязат Селеной, алля уйгур аят алля», мұнда «алля» – сәби (ұйғырша), «Селенная» – өмірге бастайды, сақтандырады, «Фархат ата» – Абдуллаевтың өзі, «Нина ана» – Фархаттың әйелі. Цифрлары: «37» – Фархаттың туған жылы, «40» – әйелінің туған жылы, олардың «6» баласы, отбасында – «8» адам, «10» – Жаратушының күші, «1» – оның өзі, «0» – күн.
5. «Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол») «Ақ жол» ұйым ретінде өзінің қызметін 1997 жылдың ақпанынан бастады. Ол кейінірек «Ата жолы» атауын алып, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде (ЖШС) тіркеуден өтті. Ұйымдастырушысы – Қыдырәлі Тарыбаев. Қазақстан бойынша көптеген шәкірттері, рухани-танымдық «Ата жол» журналы, «Ата жолы әліппесі» брошюрасы және басқа да баспа өнімдері бар. Аталған ұйымның негізгі мақсаты белгілі бір сомаға қарапайым адамнан әулие жасау болып табылады. Емдеу курсына Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әулиелі-әмбиелі жерлерді аралап, бабалардың аруағымен сөйлесу кіреді. Адамға әулиелік және емшілік қасиетке ие екендігін және оның адамдарды емдеуге мүмкіндігі бар екендігін сендіріп бағады. Егерде ол аруақтардың айтқанына құлақ аспаса, ол бақытсыздыққа ұшырауы мүмкін дегенді санасына сіңіреді. Елдің құқық қорғау органдары «Ата жолы» «Алля Аят» ағымы сияқты ізбасарлардың міндетті қаржылық қорынан құралатындығын айқындады. Қаржыландыру принциптері «қаржылық пирамидаларға ұқсас», өйткені ағымның әрбір мүшесі құрылымның деңгейін әрі қарай арттыру үшін өзімен бірге жаңа ізбасарларды тартуы тиіс.
IV. Сұрақ – жауап. 1.Дін дегеніміз не?
2.Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?
3.Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?
4.Қазіргі заманда қоғамға қалай ықпал етуде?
5.Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?
6.Діни экстремизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?
7.Хижап, паранжа , қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады? Өз көз қарастарыңыз қалай?
Қазіргі кезде ҚР көптеген діни экстремистік ұйымдарға тиым салды.
Сонымен қатар оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр.
Мұны білу өте маңызды!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!
Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!