Жасөспірім кезіндегі ерте жүктілік мәселелері репродуктивтік және сексуалды денсаулық ТҮсініктері



бет1/2
Дата19.06.2023
өлшемі20,23 Kb.
#102271
  1   2

ЖАСӨСПІРІМ КЕЗІНДЕГІ ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
РЕПРОДУКТИВТІК ЖӘНЕ СЕКСУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ
Кез келген мемлекеттік өзекті мәселелерінің бірі әр адамның бүкіл өмір бойы қамтамасыз етілуі тиіс салауатты мұраны жаңғырту үшін репродуктивтік денсаулықты сақтау болып табылады. Жастар арасында репродуктивтік денсаулықты сақтаудың өзекті мәселесі ҚР демографиялық дағдарыс жағдайымен, жас әйелдердің репродуктивтік потенциалы төмендеуі, қолайсыз медициналық-биологиялық фонының болуымен анықталады: бастапқы аурудың және асқынған патологияның жоғары деңгейі, репродуктивтік жүйе бұзушылықтарының жиілігі артуы.
Кез-келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі - дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін репродуктивті денсаулықты қорғау болып табылады. Репродуктивті денсаулықты қорғау адам өмірінің соңына дейін қамтамасыз етілуі қажет, сонымен қатар ол этикалық және техникалық нормалардың ең жоғарғы мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақта аурудың пайда болуы ерекше алаңдатушылық туғызады, 60%-дан астам қыз балалардың денсаулық жағдайында осындай немесе басқа да ауытқушылықтар бар (Г.М. Савельеваның мәліметі бойынша).
Репродуктивті жүйені ерекшелей отырып жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл аударылады. Бұл жастағы топтың денсаулық жағдайы психобелсенді заттарды тұтыну есебінен психологиялық ауытқушылықтар, эндокрин, ас қорыту, қан өндірілу жүйесінің бұзылуы, жаңа өспелердің (ісік) пайда болуы, сонымен қатар, жарақаттар мен уланулар, ал қыз балаларда гинекологиялық патологияның өсуі тіркелуде. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелерінің өзектілігі, ҚР-ғы демографиялық жағдайдағы дағдарыспен, жас әйелдерде репродуктивті күшқуаттың төмендеуімен, төмен репродуктивті нұсқама мен адекватсыз репродуктивті мінез-құлықпен, жағымсыз медико-биологиялық аяның болуымен: бастапқы аурушылық пен созылмалы патологияның жоғарғы деңгейі, репродуктивті жүйенің бұзылу жиілігінің артуымен сипатталады. ҚР-да жасөспірім қыздардың денсаулық жағдайының талдамасы үлкен жағымсыздықты көрсетеді, олардың әрбір екіншісінде (46%) қандай да бір аурудың түрі бар.
Жасөспірім қыздардың жартысынан астамында репродуктивті жүйе бұзылған. Жасөспірімдер арасында түсік жасату көрсеткіші жоғары, ал жасөспірімдердегі жүктілік көрсеткіші жүктіліктің жалпы санымен алғанда 10%-ға дейін құрайды. Жасөспірімдердегі жүктіліктің салыстырмалы салмағы жалпы жүктілікті тоқтату санының 5%-ын құрайды. Жоғарғы сыныптың қыз балаларына жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, олардың 70%-нан астамы лаж жоқ жағдайда, жүктілікті тоқтатудың жалғыз жолы контрацептивтерді қолданудан, ерте жастағы жыныстық байланыстардан бас тарту емес, түсік жасату деп есептейді. Ерте кезден жасалынған жыныстық қатынастар орынсыз жүктілікке әкеліп қана қоймай, жыныстық жолдармен берілетін жұқпалардың (ЖЖБЖ) да жұқтырылу қауіпіне алып келеді. Жас адамдардың мықты жыныстық және репродуктивті денсаулықпен қамтамасыз етілуінің үлкен әлеуметтік, экономикалық маңызы бар. Себебі, АИТВжұқпасы, басқа ЖЖБЖ-лар, орынсыз жүктілік және денсаулыққа өте зиянды түсік жасату сияқты жағдайлар отбасы мен қоғамға үлкен ауыртпалық болып табылады. Әйтсе де, мұндай ауыртпалықты жеңілдетуге немесе мүлде болдырмауға болады. Осылайша, мектептердегі жыныстық оқу-ағартуды қамтамасыз етуді, Мыңжылдық декларациясында құрылған дамыту саласындағы Мақсаттарға (Мыңжылдықты дамыту мақсаттары – МДМ) қол жеткізуде, әсіресе, 3 МДМ (гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді көбірек қамтамасыз ету), 5 МДМ (аналар өлімінің деңгейін қысқарту мен репродуктивті денсаулықтың жалпыортақ мүмкіндіктеріне қол жеткізу) мен 6 МДМ-ді (АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес) қоса алғанда, жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығын нығайтуда қолғабыс көрсету керек.
«Қазақстан-2050» жолдауында әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау жарияланған және бала туылуын ынталандыру мен көп балалы отбасын қолдау болып табылады. Алайда, бала туу деңгейі тікелей әйелге, бойжеткенге, қызға қарым-қатынасқа байланысты. Кәмелетке толмаған аналар мысалында, біздің елде осы санаттағы халық үшін аса аз іс жасалғандығы көрінеді.
Жасөспірімдер арасында жүктілікті, түсік жасауды, кәмелетке толмаған аналар мен жаңа туған балалардан бас тартуды болдырмауға бағытталған білім бағдарламалары қажет. 18 жастағы 25% бойжеткендерде генекологиялық аурулары бар, оның ішінен 76% овариалды-менструалды цикл бұзушылығы құрайды, 22% жыныстық органдардың ісіп қызару процесі байқалған (соның ішінде ЖЖЖИ). Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығының бесінші ұлттық социологиялық зерттеу деректері бойынша жеткіншектер арасында тәуекел факторларының таралуы абыржытуда (шылым шегу – 6,7%, ішімдік ішу – 6,4%, энергетикалық ішімдіктер – 24,2%).
Тәуекел факторының бірі – ерте жыныстық қатынастар болып табылады. Ұлттық аналитикалық зерттеу деректері бойынша 15-19 жастағы жеткіншектер мен жастардың репродуктивтік денсаулық жай-күйі, 2015 жыл БҰҰҚХ жүргізген қауіпсіз іс-әрекет дағдылары және олардың ақпараттылық деңгейі 64,6% , бүкіл жастар жыныстық қатынастар мектеп жасында түседі, яғни кәмелетке толған жасқа дейін, бұл ретте: 13,6% жастар бірінші сексуалды тәжірибесін 15 жасқа дейін алған; 15 жаста – 27,2%; 16 жаста – шамамен 30%; 17 жас – 19%. Шамамен 40% жыныстық тәжірибесі бар жеткіншектерде 2 және одан артық жыныстық серіктесі болған, тек 25% жеткіншектерде, 2 және одан артық жыныстық серіктесі болып презерватив қолдан; 12,4% бойжеткендерде қорғалмаған жыныстық қатынастар болған; жыныстық қатынасқа түскен 15-19 жастағы бойжеткендер арасында әр бесінші қыз (21,3%) оның жүктілігі басталғандығын хабарлаған; жүкті болып қалған бойжеткендердің көбісі 19 жаста болған (28%), 16 және 17 жас арасында - 21% және 23%. құрайды.
Өзекті мәселелердің бірі бедеулік болып табылады. Біздің елде бала туылмау некелерінің жиі болуы 12-15 пайызға ауытқиды, оның ішінен 30 пайыз жұптарға ешқалай көмек беру мүмкін емес, одан басқа, мысалы, сурагатты ана болу қызметтеріне, не болмаса ЭКО (экстракорпоральді тұқымдандыру) процедурасына өтуден өзгесі.
Тұтасымен Қазақстанда түсік жасау сиреуіне қарамастан елдегі жеткіншектер мен жастардың сексуалды және репродуктивтік денсаулық жағдайы туралы соңғы есебіне сәйкес олардың арасында репродуктивтік денсаулықты сақтау қызметтеріне қолжетімдік деңгейі қанағаттанарлықсыз қалуда. Кәмелетке толмаған азаматтар (18 толмаған, яғни әрекетсіз) өзінің репродуктивтік денсаулығын сақтау бойынша барлық құқықтарын өз бетімен қолдана алмайды (мысалы, СРЗ сақтау бойынша қызметтерге қолжетімдігі, СРЗ жай-күйі туралы толық ақпарат алуы, контрацепция әдістерін еркін таңдау және пайдалану және т.б.). Медициналық араласуға келісім ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен беріледі, жастың ерекшелігіне қарай жеткіншектердің репродуктивтік қызметтеріне қолжетімдігін елеулі шектеуіне келтіреді. Сондықтан жеткіншектер көбінесе мамандандырылған көмекке жүгінбейді және де дәрігерлерге сенімділіктері төмен және құпиялылық жеткінсіз дейгейде екендігін көрсетеді. Жеткіншектер арасында сексуалды өмір сүрудің ерте басталуы төмен контрацептивтік мәдениет жағдайларында жүреді, бұл теріс зардапқа келтіреді: түсік жасау, ерте ана болу, ерте некелерді ынталандыру, баладан тас тарту, ана мен бала өлімі қатерінің артуы).
Жастар арасында жыныстық және репродуктивтік денсаулықты қамтамасыз ету әлеуметтік және экономикалық маңызы зор, себебі АИВ-инфекция, басқа ЖЖЖИ, қажет емес жүктілік және түсік жасау отбасы мен қоғам үшін ауыр жағдай, дегенмен ондай ауыр жағдайды жеңілдетуге немесе тіптен жібермеуге болады. «Денсаулық» түсінігін және репродуктивтік денсаулықпен байланысты мәселелер өзектігін талқылап келесі тақырыпқа өтеміз.
«

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет