Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Николай Гоголь атындағы орта мектебі Орындаған: ДҚТІЖО М.Н.Абдурахманова.
Мaқсaты :
Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық пен қылмыс белгілері, түрлерін еске түсіру, оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу жұмыстарын үйлестіру тәсілдерін талдау, негіздеу.
«Ыстық алақан»
- Біреуіміз ана немесе әке, екіншіміз бала боламыз. Алақандарымызды бір - біріне түйістіреміз. Нені сезінетінімізді, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру: иә десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз; жоқ десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
Балаңыз күнде таңертең сабаққа тұрғысы келмей, бармай-ақ қояйыншы, ертең барам ғой деп қайта ұйықтап қалды. Сіз осыны қалай жөнге келтіресіз?
Жағдаят№2
Жағдаят№2
Ислам 5-сыныпта оқиды.Исламның білім алуға талабы жақсы.Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата – анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайдырады.Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата – аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Исламның үйіне барып, ата – анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенмен еш нәтиже щықпайды. Ата – анасы құр уәде беріп, шығарып салады.
Сұрақтар:
1. Исламның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2. Сынып жетекшісінің орнында не істер едіңіз?
3.Ата- ананың бала алдындағы міндеті қандай?
4.Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз? Деген сұрақтарға жауап береді.