Тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеу негізінде әрбір жасөспірімге жеке тұрғыдан келуді дамыту және әр түрлі әдістемелер жүргізу арқылы олардың мінез-құлқымен және қарым-қатынас ерекшеліктерімен жұмыс жасау керек.
Соңғы кездері көптеген психологтар, әлеуметтанушылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, педагогтар балалар мен жасөспірімдер арасындағы агрессияның арту мәселесіне қызығушылық танытып отыр. Агрессия қазіргі заманның ең көп кездесетін мәселелердің біріне айналып отыр.
А.Басса - Дарки агрессияға мынадай анықтама берді: агрессия – бұл басқаға қауіп төндіретін немесе залал тигізетін кез келген мінез-құлық. Олар агрессияның бес түрін бөліп көрсетті:
1. физикалық (біреуге қарсы физикалық іс-әрекет);
2. вербалды (қоқан-лоқы, айқай, ұрыс және т.б.);
3. жанама:
- бағытталған (өсек, ызалы қалжын);
- бағытталмаған (топтағы айқайлар, таптау және т.б.);
Егер адам өзінің жетістіктері арқылы өзін көрсете алмаса, онда ол қоршаған ортадағы адамдарды төмендету, кез келген билікті асыра пайдалану арқылы көрінуге тырысады. Агрессивтілік көбінесе билік немесе беймәлімділік негізінде жауапқа тартпау жағдайында күшейе түседі [2,54].
Компьютерлердің жаппай таралуы балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқына және демалысына қатты ықпал етті. Спортпен айналысуға, достарымен араласуға бөлінетін уақыт көлемі қысқарды. Әр түрлі зорлық-зомбылықты, қатаң компьютерлік ойындардың ықпалымен жасөпірімдердің белгілі бір бөлігінде агрессивті мінез-құлық қалыптаса бастауы, компьютердегі түрлі қызықты ойындар, тез хабар алмасу жасөспірімдерді тәнті етеді
Компьютерлік ойындардың салдары ретінде : - жасөпірім қызығушылығының азаюы, - өзінің әлемін құруға ұмтылуы, - шынайы өмірден алыстауын қарастырады. Компьютермен өзімен-өзі ойнау құрдастармен қарым-қатынас жасауына зиянын тигізеді, әлеуметтік оқшаулануға әкеледі және тұлғааралық қарым-қатынастарда қиындықтар тудырады.
Батыс қоғамында психологиялық зерттеулер маңызды тақырыптарының бірі – кәмелетке толмаған балалар агрессивтілігі мен онымен байланысты құқық бұзушылықтар . Алайда осы тақырыпқа арналған көптеген еңбектердің мәліметтері агрессивті ойындардың бастауыш мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерде ғана агрессивтілікті тудыратынын көрсетеді.