Жастар арасында сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері



бет3/4
Дата16.03.2023
өлшемі186,47 Kb.
#74995
1   2   3   4

«Мәдениет» ұғымының мағынасы өте кең және бұл құбылыс ең маңызды әлеуметтік үдерістермен тығыз байланысты болады. «Мәдениет» түсінігі адамның қоғам мүшесі ретінде меңгерген білімдерін, білік-дағдыларын, қабілеттерінің жиынтығын білдіреді.

«Мәдениет» ұғымының мағынасы өте кең және бұл құбылыс ең маңызды әлеуметтік үдерістермен тығыз байланысты болады. «Мәдениет» түсінігі адамның қоғам мүшесі ретінде меңгерген білімдерін, білік-дағдыларын, қабілеттерінің жиынтығын білдіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасқан адам жемқорлықтың қоғам мен мемлекет, әрбір адам үшін қаншалықты қауіпті екенін сезініп, жемқорлық құбылысына қарсы тұратын болады, яғни осындай келеңсіз көріністерге мүлдем төзе алмайды. Сөйтіп, осы дерттің жойылуына үлес қосуына алып келеді. Мұның өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің азаматтардың саяси белсенділігін көтеруге ықпал ететінін көрсетеді.

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз.

Ол үшін, ең алдымен, жастар:

  • сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тану,
  • жемқорлық көріністерін анық ажырата білу,
  • мемлекеттің түрлі салаларында жемқорлықтың алдын - алу,
  • әр адамның пара беру және пара алуға қарсылығы, заңдардың орын-далуына үлес қосуы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің болуы әр адамның құқықтық сауаттылығына да байланысты, бұл біреуде төмен, біреуде жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін нығайтады, сөйтіп ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез- келген құқық бұзушылыққа тойтарыс бере алатын дәрежеге жетеді. Бұл әрине, әрбір адамның азаматтық ұстанымына, өмірлік қағидаларына, тұлға ретіндегі қасиеттеріне байланысты қалыптастады.

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал», делінген. Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал ететін фактор. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет