Жастар газеті №4 (52) 30 сәуір, 2014 ж



жүктеу 383.67 Kb.

бет4/4
Дата22.12.2016
өлшемі383.67 Kb.
1   2   3   4

Аты-жөні:  

Эльмира Ермекқызы 

 

 

 

Абетжанова

Мамандығы:  

журналист

Сүйікті ісі:  

көркем əдебиет оқу

Сүйікті ақыны: 

 

 

 

Мұқағали Мақатаев



Сүйікті жазушысы: 

 

 

 

Мұхтар Əуезов

Өмірлік ұраны: 

 

 

«Не ексең – соны орасың»

Сыңсу


Қиналып қалды ағайын-туыс туғаным,

Ілеспей қалды «еркелік» атты думаным,

Қиын ғой көру бауырымның елжіреп,

Əпкелердің жаспен көзін жуғанын

Қос қанатым – ағалардың мұң-зарын,

Шырқап берген əндерінен тыңдадым

Нағашылар бағымды ойлап егілді

Ағытып сап жүрегімнің сымдарын

Сіңлілерім сай-сүйекті сындырып,

Қимастықтың береніне тұндырып,

Жиендерім жылап-сықтап болмады,

Балалықтың бал бақытын жыр қылып

Əкем жағы əкемді айтып жырлады,

Шешем жағы шешем əнін жалғады

Мен едім ғой сыңсу салып қоштасар,

Ата-анамның ең ақырғы арманы.

Тағдырымды 

таңдадың…

Бар сырыңды жанарыңнан ұғармын,

Мəңгі сенің биігің боп тұрармын,

Əлі күнге сенен өзге ешкімді

Сүйе алмадым, сүймейтін де шығармын

Сүйе алмадым өзгелерді шынымен,

Қазір анық түсінемін мұны мен,

Сөзбен сезім білдірмей-ақ қояйын,

Айтайыншы махабббаттың жырымен

Ақындарды «жеңілтек» деп айтады,

Күдік көңлің мүмкін содан қайтады?

Ақ парақта жатады ғой жазылып,

Ақын жанның жүрегінің айтары

«Сенші маған» демейін кеп өтініп,

Таңдауыңды өзің алдың бекініп,

Сене алмасаң көздеріме қарашы,

Мына жанар айта алмас өтірік

Менің жаным шерге толы жаралы,

Бірақ мені жан-жүрегің қалады,

Енді сенің тағдырың да менімен 

Шытырманды əрі қызық болады.



МЕНШІК ИЕСІ:

С.Торайғыров 

атындағы Павло-

дар мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Тілшілер: М. Амантай, 

Ə. Абетжанова, М. Сағидолла.



Ақылдастар алқасы: 

Қ.Алдабергенов, Ж. Бижан, 

А.Тойшыбайұлы, Г. Кенжебалина.

Редакция мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан Республика сы ның 

Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -

лігінде есепке алынып (04.12.2008), 

ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақала лары, хаттары редакция ның 

көзқарасын білдірмейді

• ГАЗЕТ  Павлодар облыстық 

«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Павлодар қ., Ленин к., 

143 үй, тел. 61-80-26

• ГАЗЕТ  айына бір рет шығады, 

таралымы 500 дана. 

Тапсырыс № 934

ДемAll


8

Көкек қандай ай?

Бұл  айда  көкек  алғаш  шақырады.  Сол 

себепті бұл айды «көкек» деп атаған. Кей 

жерлерде  бұл  айды  «сəуір»  деп  атап, 

«Сəуір тумай, тəуір болмас», – дейді.

Сəуірдегі  ауа  райы:  қар  еріп,  су  тасып, 

күн жылынады. Ағаштар бүр жарады, жер-

де  көк  шығады,  мал  төлдеп,  жұрт  уызға 

тояды.  Осы  кезді  халық  «қараөзек  шақ» 

деп  атайды.  Жылы  жақтан  құстар  ұшып 

келіп, ұя салады, жұмыртқалайды.

Сəуірде (көкекте) туғандар: Халық батыры 

Амангелді  Иманов  (8.04.1873)  жазушы  Сə-

бит  Мұқанов  (22.04.1900),  өнер  қайраткері 

Қалыбек  Қуанышбаев  (25.04.1893),  Халық 

Қаһарманы Қасым Қайсенов (23.04.1918).



Құман  Тастанбеков  пен  Меруерт 

Өтекешова отбасын есімізге алғанда 

қазақтың  риясыз  махаббат  симво-

лына  айналған  Төлеген  мен  Қыз  Жі-

бектің бейнесі оралатыны рас. Олар 

қазақ  киноөнерінің  класикасы  «Қыз 

Жібек»  фильмінде  қос  ғашықтарды 

сəтті сомдап, бір-біріне өмірлеік серік 

болуды мұрат еткен жандар.

Отанасы:

  «Қыз  Жібек»  көпшілік  кө-

рерменге көрсетілген соң, 1970 жылдың 

6-шы  қарашасында  шаңырақ 

көтеріп,  АХАЖ  бөлімінде  не-

кемізді  қидырдық.  Кинода  бірге 

түскен Əнуар Молдабеков тойы-

мыздың  басы-қасында  жүрсе, 

Асанəлі  Əшімов  асаба  ретін-

де  қуанышымызға  ортақтасты. 

Тағы  бір  жайт,  фильмдегі  киім-

дерімізді  үйлену  тойымызда  да 

киіп,  екеуміз  алғаш  түскен  кар-

тинаны  мəңгілікке  ұмытпайтын-

дай болдық.

Отағасы:

 …Сүйген адам өзінің сүйіс-

пеншілігін  жүрегінің  жартысына  күн  са-

йын дəлелдеп, бұл жағын да мүмкіндігін-

ше  ұмыт  қалдырмағаны  жөн  демекпін. 

Ол  сый-сияпат,  гүл,  өлең  жолдары  не-

месе жай ғана жылы сөз болса да, бас-

тысы, шын жүректен арналсын… Сонда 

ғана  ерлі-зайыптылар  əрдайым  бірге, 

тату-тəтті  ғұмыр  кешеді,  тиісінше  олар-

дың отбасысы да берік болады…

Қайырбек  Асанов  жəне  Күлəш  Ах-

метова – жаны нəзік ақындар отбасы.

Күлəш апа:

 1968 жылы Алматыға Қаз-

МУ-ге  оқуға  түсуге  келдім.  Журналис-

тика  факультетіне  барып,  екі  сабақтан 

өтіп,  үшінші  сабақ  –  тарихтан 

емтихан  тапсырғалы  тұрған-

да  Қайырбек  ағаңды  көрдім. 

Шашы  бұйра,  аққұба  өңді,  өте 

сымбатты  жігіт  екен.  Жарқыл-

дап  күліп  тұр.  Бір  көргеннен 

əңгімеміз  жараса  кетті.  Өзінің 

тарихтан тапсырайын деп тұр-

ғанын,  қандай  дайындығы  бар 

екенін,  оның  алдында  қандай 

бағалар  алғанын  –  бəрін  есеп 

бергендей  тізбелеп  айтып  жа-

тыр.  Мен  де  соны  тыңдағым 

келіп  тұр.  Одан  кейінгі  сабақ 

неміс тілі еді, сынақтың жайын 

ақылдасып жүріп, жақын адам-

дарға  айналдық.  Екінші  курстың  қаңта-

рында шаңырақ көтеріп, содан бері жұ-

бымыз жазылмай бірге келе жатырмыз.



Қайырбек аға:

 Оң-солымды тани бас-

тағаннан-ақ  əке-шешем:  «Айналайын, 

келін алатын болсаң, ибалы, инабатты, 

нəзік, біздің жағдайымызды жасап, бол-

мысымызды  түсінетін  жаннан  ал!»  деп 

құлағыма үнемі құйып отыратын. Жасы-

ратыны  жоқ,  ауылда  да,  университет-

ке  келгенде  де  талай  қызбен  сөйлесіп, 

əңгіме-дүкен  құрдық.  Бірақ  солардың 

арасындағы  жүрегімді  дір  еткізген, 

тоқсан қыздың ішінен таңдап тапқан 

ең  нəзік,  ең  сұлу,  ең  əдемі  аруым  – 

Күлекең  болды  ғой.  Жү-

рек  алдамапты,  жарты 

ғасырға  жуық  бірге  өмір 

кешіп  келеміз.  Бала-ша-

ға, немерелеріміз бар.

Дала мен қала газеті

Төлеген 

Мұхамед-

жанов  пен  Нұржамал 

Үсенбаеваның  отбасы. 

Оларды  табыстырған 

өнер. 

Отанасы:

 

Отбасын-



дағы  бақыт  ең  алдымен 

əйел  адамға  байланыс-

ты.  Ол  –  ана,  үйдің  бере-

кесі  жəне  осы  шаңырақтың 

ұйытқысы.  Əр  əйел  өзінше 

бақытты  жəне  əр  қайсысы  бойындағы 

дарыны  мен  қасиеттеріне  қарай  өмір-

дегі  өз  жолын  таңдайды.  Егер  ол  осы 

жолдағы  мақсатына  жетсе  –  нағыз  ба-

қытты əйел деп сол жанды айтар едім. 

Ал, отбасы мен өнерді қатар алып жүре 

алса  нұр  үстіне  нұр.  Ешқандай  саясат-

қа,  өнерге  араласпай-ақ,  үйіндегі  ба-

ла-шағасының  ортасында  бақытты  бо-

лып  отырған  аналарды,  келіншектерді 

білемін.  Олар  бала  тауып,  отбасының 

ұйытқысы болып отыр. Сонымен қатар, 

үлкен  сахнаны  өміріне  серік  еткен  ба-

қытты əйелдер де бар. Сол үшін, бұл екі 

бақытты бөлмей қараған дұрыс шығар.

Нұр Астана газеті

Қыдырəлі  Болма-

нов  пен  Қарақат  Əбилдинаның 

отбасы.  Қазақ  эстрадасындағы 

ең жарасымды да көпке үлгі жұп. 

Төрт  баланың  ардақты  ата-ана-

лары.

Қыдырəлі: 

Қазақ «əке көрген оқ 

жонар,  ана  көрген  тон  пішер»  деп 

бекер айтпаса керек. Үйде жүрсем 

де, түзде жүрсем де ұлдарым мен 

бауырларым  бар  білгенімді  айту-

ға  асықпын.  Алдымнан  «əкелеп» 

жүгіріп шыққан əр баламды қазақ-

ша  айналып,  еркелетіп,  ата-баба 

салты туралы айтып отырамын.

Нұр.кз

Зейініңді сынап көр

Тоғыз торпақ

Шаруашылық иесі өз ісін үнемі өзгеше 

етіп істегенді жақсы көреді. Ол бүгін де 

сондай  бір  ойын  ойлап  тапты.  Қол  ас-

тындағы  бақташыларына  тоғыз  тайын-

шасын  қораға  қамауды  тапсырды.  Ол 

алдымен  төрт  қора  жа-

сатты.  Сосын  төрт 

қораға  осы  тоғыз 

торпақты  тақ  саннан 

келтіріп қамауды бұйыр-

ды. Ендеше сиыршылар 

оны қалай жүзеге асырға-

ны жөн?


Шегіртке мен бақа

Жарыстың  барлық  барысы  көмбеден 

басталып  үлкен  шыршаға  дейін  жал-

ғасады.  Көмбе  мен  шыршаның  арасы 

он  төрт  метр,  ал,  айланба  жолдың  қа-

шықтығы  жиырма  сегіз  метр.  Шегіртке 

бір  секіргенде  үш  метрге  секіреді,  ал 

бақа  бір  секіргенде  екі  метрге  секіреді. 

Шегіртке үш рет секіргенде бақа бес рет 

секіреді.  Алдымен  көмбеге  қайта  айна-

лып  келгені  жеңімпаз  болады.  Ал,  сіз-

ше кім жеңеді?



Сандық іздеу

Жиыны бес 

сандық  бар. 

С  сандықты 

А 

сандық-


тың 

ішіне, 


D  сандықты 

В  əрі  Е  сан-

дықтың  ішіне 

салуға  бола-

ды.  А  сандық 

онша 


үлкен 

емес.  Суретте 

көрсетілгенде 

бірінші  сандық 

ең  үлкен,  əрі, 

с а н д ы қ т ы ң 

саны  көбейген 

сайын 


саны 

артып  отыра-

ды. 

Бесінші 


сандық  ең  кішісі.  А  сандық  пен  Е  сан-

дықтың  сəйкес  санының  қосындысы  D 

мен  С  сандықтың  сəйкес  келетін  сан-

дарының қосындысы өзара тең. Сонда 

А, В, С, D, Е мен 1, 2, 3, 4, 5-тер қалай 

сəйкес келеді?



Істей аласың ба?

Жеті бұрышты жұлдызды дөңгелектің 

ішіне бірден жетіге дейінгі санды толты-

рып, тұтастырғанда əр сызықтың қосын-

дысын  отыз  шығатындай  етіп  толтыра 

аласың ба?



Жауабы келесі санда

Тест


ЖҰБЫ ЖАРАСҚАН 

ЖҰЛДЫЗДЫ ЖҰПТАР


1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал