Жастар газеті №4 (52) 30 сәуір, 2014 ж



жүктеу 383.67 Kb.

бет3/4
Дата22.12.2016
өлшемі383.67 Kb.
1   2   3   4

Айтар ой. Қартқожа Тоғанбаевтың 

өмірі,  шығармашылығы  мен  құнды 

мұрасын  зерттеу  енді  ғана  баста-

лып келеді. Сталиндік зұлмат заман 

Қартқожа Тоғанбаевты да аяған жоқ. 

Сол  бір  ұмыт  қалған  жылдардың 

жаңғырық үні əлі де құлақтан кетпек 

емес. Бүгінде алаштың арысты ұлы 

Қартқожаның еңбектері арқылы Қа-

зақстанның ұлы мəдениетін қазына-

лы ету бəрімізге ортақ міндет, халық 

алдындағы парыз.

Біз  осы  материал  арқылы  ұлы 

тұлғаның  ел  мəдениетіне  еңбегін 

сіңірген  алдыңғы  қатарлы  қайрат-

керлердің қатарынан көрінуге деген 

алғашқы  іргетасты  қаладық  деген 

үмітіміз бар.

Дмитрий ЛАРИОНОВ,

Жанар ЕЛЕШОВА.

Алаш ардақтылары



Жүсіпбек  Аймауытұлы 

оның 

бейнесін  өзінің 

өшпес  шығарма-

сында  мәңгіге 

таңбалап  кетті. 

«Қарт-

қожа»  романы 

тарихи  деректер 

мен 

шынайы  оқиғалар 

желісінен  құралған. 

Алайда, бүгінге 

дейін бұл шығарманың 

бас 

кейіпкер бейнесі 

көп оқырман 

үшін көркем 

әдебиеттің  қиыстырылған 

дүниесі  іспеттес 

болып келді.

Бүгін біз қазақ 

халқының дарынды 

ұлда-

рының  бірі,  көптеген 

замандастары 

сын-

ды  сталиндик 

репрессия  жылдарының 

құрбаны  болған 

айбынды  тұлғаның 

бізге  беймәлім 

қыры  мен  сырын 

ашуға тырысып көрелік.

ӨТКЕН КҮНДЕР 

ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Қартқожа Тоғанбаев 

туралы ақиқат

немесе

6

Көкейкесті

КІТАП ӘЛЕМІНІҢ 

ҚЫЗЫҚТАРЫ



*  Əлемде  шығарылған  ең 

кішкентай  12  кітаптың  басын 

қосқанда,  барлығы  бір  ас 

қасыққа  сыйып  кетеді  екен. 

Олардың  ішінде  «Құранның» 

кішкентай  басылымы,  ағыл-

шын тілінің сөздігі, Франция-

ның Ата заңы бар…

* Тағы бір қызық кітап – «Ме-

дицина өнерінің жалғыз жəне 

өте  терең  құпиялары»  деп 

аталады.  Ол  голландиялық 

атақты  дəрігер  Герман  Бур-

хавенің  заттарының  ішінен, 

ол өмірден өткеннен кейін та-

былған.  Бұл  100  беттік  кітап 

аукционда  10  мың  долларға 

сатылған.  Кітапты  ашып  қа-

раса,  бүкіл  беттері  тап-таза, 

тек титулдық бетінде «Басың-

ды суықта, аяғыңды жылыда 

ұста,  сонда  ең  жақсы  дəрі-

герді кедейге айналдырасың» 

деген жазу болған.

* Кітап ұрлайтын ең белгілі 

библиоклептоман 

Стивен 

Булмберг болған көрінеді. Ол 

өз  өмірінде  268  кітапханаға 

ұрлыққа түсіп, 23 мыңнан аса 

сирек  кездесетін  кітап  ұрла-

ған.  Құны  20  миллион  дол-

лардан  асатын  кітапханасын 

толықтыру  үшін  Блумберг 

кітап  ұрлауда  түрлі  қитұрқы 

əдістерді қолданған.

*  Егер  бүгінгі  күнге  толық 

жететін  болса,  ең  үлкен  эн-

циклопедия  –  Үлкен  Қытай 

энциклопедиясы  болар  еді. 

Жалпы  көлемі  11095  томды 

құраған  бұл  кітаптың  тек  400 

томы сақталыпты.

*  Кітап  оқыған  кезде  адам-

ның екі көзі əртүрлі əріптерге 

қарап тұрады.

*  Ал  Рио-де  Жанейро  қа-

ласының  400  жылдық  ме-

рейтойына  орай  кітапты  тат 

баспайтын  болаттан  басып 

шығарған.  Оның  салмағы  3 

тоннаға жетеді.

РЕКОРД ЖАСАҒАН 

КІТАПТАР

*  Əлемде  өзінің  ең  үлкен 

көлемімен  таңғалдырып,  ре-

кордтар  тізіміне  енген  кітап-

тар бар. 1976 жылы АҚШ-тың 

Денвер  қаласында  шыға-

рылған  300  беттік  «Суперкі-

тап»  Гиннеске  «ең  үлкен  кі-

тап»  ретінде  енген  болатын. 

Биіктігі  3  метрге  жуықтайтын 

бұл  алыптың  салмағы  252,6 

келіге тең.

*  Сондай-ақ  рекордтар  кі-

табына  енген  тағы  бір  кі-

тап – биіктігі 180 сантиметрлік 

«Magnifi cent  Maps:  Power, 

Propaganda and Art» кітап-кар-

тасы.  37  карта  жинақталған 

бұл  атласты  1660  жылдары 

сол  кездегі  ағылшын  королі 

Карл  ІІ-ге  арнап  шығарған 

екен.

*  Ал  ең  кішкентай  кітап 

ретінде  рекордтар  кітабына 

енген – Массачусетс техноло-

гиялық  институты  шығарған 

«Новый Завет» пен Антон Че-

ховтың  «Хамелоны».  Алғаш-

қысының  көлемі  5х5  мм  құ-

раса,  «Хамелеонның»  биіктігі 

мен ені – 0,9х09 мм. 2001-2002 

жылы жарық көрген бұл кітап-

ты оқу оңайға соқпасы анық.

*  Симон  Фразер  универ-

ситетінің  нанотехнологтары 

«Teeny Ted from Turnip Town» 

атты  басылым  шығарған. 

Көлемі  0,07х0,1  мм  құратын 

кітапшаны тек қана электрон-

ды  микроскоп  арқылы  оқуға 

болады.

«Наданмен  дос  болған-

ша,  кітаппен  дос  бол»,  – 

деп  ата-бабамыз  айтқан-

дай, кітап – білімнің қайнар 

көзі.  Онсыз,  яғни  кітапсыз 

өмір  сүру  XXI  ғасырда 

мүмкін  емес  екендігі  бар-

шамызға  мəлім.  Тек  кітап 

қана адамға мəнді білім бе-

реді,  себебі  ол  адамды  те-

рең  ойлауға  жетелейді.  Əр 

адам  кітаптың  бетін  ашқан 

сайын  əлемінің  тылсым  та-

биғатын  түйсініп,  жаңа  құн-

дылықтарға  қаныға  түседі. 

Кітап оқыған адамның шетте 

қалмасы анық.

23  сəуір  Дүниежүзілік  кі-

тап  жəне  авторлық  құқық 

күні  екені  баршамызға  аян. 

Əрине,  бұл  үлкен  мерекелік  күн  санал-

майды.  Дегенмен,  адамзат  ақыл-ойы-

ның  көркем  жемісі  болып  саналатын 

кітап  ешқашан  өз  құндылығын  жоғалт-

қан  емес.  Кітап  –  адам  баласының  сан 

ғасырлық  ақыл-ойының  жемісі,  тарихы 

мен  тағылымының  алтын  сандығы.  «Кі-

тап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы 

ұрпаққа  қалдырған  рухани  өсиеті.  Кітап 

оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйы-

лар едік», – деген екен Ғабит Мүсірепов.

Өкінішке орай, бүгінгінің баласына қа-

рап кітап оқитын жастың заманы өтті ме 

деп  қаласың.  Кітап  оқуды  қойған  көбі, 

аңдығаны  теледидар  мен  компьютер, 

таңның  атысы  мен  кештің  батысы  ға-

ламторға  арбалып  отырғаны,  одан  қал-

са көретіні құбыжыққа толы мультфильм 

мен  атыс-шабыс  ойын  деген  пікірлерді 

жиі естіп жүрміз. Осыдан-ақ рухани азық 

алмаған  баланың  өмірінен  не  күтеміз. 

Қазіргінің  баласы  кітапханада  отыр-

майды,  бірен-сараны  болмаса.  Есесіне 

компьютерлік  клубтардан  шықпайды. 

Жалпы, бүгінгі ұрпақ əдебиеттерді оқуға 

неге қызықпайды?

Балалар əдебиетіне түрен салып жүр-

гендердің  бірі  ҚР  мəдениет  қайраткері, 

ақын  Бақытжан  Тобаяқов  «Кітап  оқыма-

ған  бала  нəр  алмаған  шыбықпен  тең». 

Қаламгердің  айтуынша:  «Қара  домалақ-

тарды  компьютерден  қақпайлап,  кітапқа 

баулуға  болады.  Бұған  ата-анамен  мұ-

ғалімдер күш жұмылдыруы тиіс», – дейді. 

Ақын-жазушылардың  көкейінде  жүрген 

мəселелердің  бірі  балаларға  арналған 

кітаптардың  таралымы  көбейтілсе,  тегін 

жарнамаланушысы  мен  насихаттаушы-

сы  күшейсе,  шетелдік  кітаптарға  шек-

теу  қойылса,  ақын-жазушылардың  шы-

ғармалары  мектеп  оқушыларының  оқу 

бағдарламасына  енгізілсе,  бар  кітаптан 

қосымша  құн  салығы  алынып  тасталса 

көптеген мəселенің шешімі табылар еді.

Қазіргі таңда кітап оқимын деген ешкім 

тосқауыл да бола алмайды. Оған дəлел 

Елбасымыз  күніне  үш  жүз  беттен  кітап 

оқығанды əдетке айналдырған екен. Оқу-

білім қашанда адамды жетілдіріп отыра-

ды.  Əсіресе,  ХХI  ғасырдың  азаматына 

білімін  жетілдіріп  отыруы  əбден  қажет. 

Бүгінде  тіпті  өзің  қалаған  əдебиетіңнің 

электронды  түрі  бар.  Электронды  оқу-

лық болашақта еліміздің мектеп бағдар-

ламасына  да  енгізілу  жоспарлануда. 

Соңғы  уақыттары  мектеп  оқушылары 

арасында  ауыр  оқулықтарды  ары-бері 

көтеру  зиян  деген  деректерді  медицина 

мамандары жиі айтып жүр. Жас балалар-

дың  шамадан  тыс  артық  зат  көтеруінің 

соңы  балада  астихондроз,  сколиоз  де-

ген  сияқты  аурулардың  пайда  болуына 

алып  келеді  дейді  денсаулық  сақшыла-

ры. Дегенмен, бұл мəселенің шешімі бар 

екені белгілі. Олай дейтініміз 2020 жылға 

дейін  еліміздің  білім  беру 

мекемелерінің  90  пайызға 

жуығы  электронды  оқыту 

жүйесіне  көшпек.  Осының 

негізінде  көптеген  мектеп-

тер  электронды  оқулық-

тармен  қамтылуда.  Атап 

айтатын  болсақ,  елімізде 

алғаш  рет  тəжірибелі  түр-

де  Алматы  қаласындағы 

Ы.  Алтынсарин  атындағы 

№159  гимназияның  оқу-

шылары  электронды  оқу-

лықты  қазірден-ақ  пайда-

ланып жүр. «Тиімділігі өте 

зор»,  –  дейді  осы  гимна-

зияның  директоры  Аягүл 

Миразова.

Қазір елімізде электрон-

ды  оқулықтар  шығаратын  25-ке  жуық 

кəсіпорындар бар. Бірақ, бұл оқулық қа-

ғаз  кітапты  түгелдей  алмастыра  алмай-

ды  дейді  мамандар.  Тек  заман  көшінен 

қалыспай  жаhандық  игіліктерді  тиімді 

қолдануға  тиіспіз.  Ұлттық  құндылықтар-

дан ада болып өтпесін десеңіз, кітап оқу-

ды күнделікті əдетке мықтап салғаныңыз 

дұрыс болар.



Түйін.  Қазір  əркімнің  көкейінде  жүр-

ген сауалдардың бірі – электронды кі-

таптар баспа оқулықтарын алмастыра 

ала ма? Осы сауалға өзіңіз жауап іздеп 

көріңіз. Ешбір электронды ақпараттар 

көзі қолдағы кітаптың маңызын толық 

алмастыра  алмайды,  тек  оны  басқа 

жоғарғы деңгейде пайдалануға көмегін 

тигізеді. Кітаптың өзін тікелей оқу, он-

дағы кейіпкердің ойлары мен ішкі тол-

ғаныстарын  басынан  кешіру  арқылы 

адамның  өзін  тəрбиелеуі  бір  басқа, 

ал электронды кітапты тікелей оқу бір 

басқа дүние. Тіпті кітаптардың барлы-

ғын  электронды  оқулыққа  көшірсек 

те,  қарапайым  қара  сиямен  жазылған 

«қара»  кітаптың  құндылығы  өзгеше 

бір керемет əсер. Ал оның электронды 

нұсқасы  кітап  тапшылығын  азайтуға, 

оны əрбір оқырманға жеткізуге зор кө-

мегін тигізеді. Сіздер қалай ойлайсыз-

дар құрметті оқырман қауым?

Амангүл ТИЛЕЙ

Жат елге жібермеу үшін...

Мейрамханаға  сүйкімді  қазақ  қызы 

кіріп  келді.  Қасында  сұңғақ  бойлы  өзге 

ұлт өкілінің жігіті бар. Бірден «мына қа-

зақ  қызына  жар  болар  өзіміздің  қазақ 

жігіті  табылмады  ма?»  деген  ой  келді. 

Сырт  көзге  екеуінің  бір-біріне  сүйіс-

пеншілігі,  сыйластығы  айқын  аңғарыл-

ды.  Екі  күн  өткен  соң  бұл  жұпты  тағы 

да  сол  мейрамханада  кездестірдім. 

Сол кезде даяшының менің көкейімдегі 

сауалды  бойжеткенге  қойғанын  естіп 

қалдым.  «Неліктен  өзге  ұлттың  жігітін 

таңдадыңыз?»  деген  сауалға  қандасы-

мыз:  «Мен  өз  бақытымды  осы  азамат-

тан  таптым.  Ол  мені  шынайы  бақытқа 

бөледі»  деп  байсалдықпен  тіл  қатты. 

Сөз  соңында  неміс  жігітіне  тұрмысқа 

шыққанын,  екі  жылдан  бері  Германия-

да тұратынын айтты. Соңғы кезде түрлі 

ұлт өкілдерінің бірге отау құрып, шаңы-

рақ көтеруі жайлы жиі естіп, көп көретін 

болдық.  Əсіресе,  қазақ  қыздарының 

жыл сайын шетелге ұзатылуы арта түс-

кендей.


Бүгінде көпшілік басқа ұлттың жігітіне 

тұрмысқа шыққан қыздар мансап қуғыш, 

көздегені  ақша  деп  ойлайтыны  –  шын-

дық.  Бірақ,  жаңағы  бойжеткеннің  жауа-

бы мені өзге ойдың жетегіне жетеледі.

Ер  азаматтар  «еліміз 

де  бір  жігітке  жеті  қыз 

келеді»  деген  статисти-

калық  мəліметті  желеу 

етеді.  Ал  шетелдіктер 

қандастарымызға  көз 

салып, елдеріне əкетіп, 

өз  салт-дəстүрлері  мен 

мəдениетіне  бағынды-

рып,  өмір  сүруде.  Менің-

ше, бұл – қазақ жігіттеріне 

сын.  Басты  себебі  –  қара 

көздердің  көңілінен  шығып, 

жүрек түкпірінен орын ала ал-

мауында. Сонда өзге ұлт өкіл-

дерінің  қандай  артықшылығы 

бар  ау,  –  деген  ой  маза  бер-

мейді.

Шетелдікке  тұрмысқа  шыққан  қызды 



жазғыруға  дайын  тұрамыз.  «Өзгенің 

қаңсығын  таңсық  көргені  ме?»,  –  деп 

ашуға  булығатын  жандарды  жиі  кез-

дестіреміз.  «Жат  жұрттың  демогра-

фиясын  арттырып,  басқа  мемлекеттің 

азаматшасы  атанды.  Туған  жерінен 

безгені қалай?» дейтін кездер де кезде-

седі. Бірақ, барлығына бойжеткендерді 

кінəлауға болмайды ғой. Қазақ жігітінің 

тарапынан махаббат пен мейірім, құр-

мет  пен  сыйластық  көрмесе,  қайтпек 

керек?  Қара  көздерімізді  жат  жерге 

жібермейік  деп  ер  азаматтардың  өзі-

не  сын  айтқым  келеді.  Өзге  жұрттың 

азаматына біздің жігіттеріміздің өздері 

мүмкіндік  бермеуі  керек.  Бойжеткен-

дерге  топырақ  шашпас  бұрын  «қол-

да  бар  алтынды  бағалай  алдыңдар 

ма?» деген сауал төңірегінде ойланып 

көріңіздерші, жігіттер!



Назгүл РАБИЛОВА

КІТАП – ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ 

А ЛТЫН САНДЫҒЫ

 



ОЙТАМЫЗЫҚ



7

Көңіл пернелерінен

СТУДЕНТ ҚЫЗДЫҢ КҮНДЕЛІГІНЕН

Үнсіз кетпеңдер 

адамдар

Адам  баласы  əр  түрлі.  Біреулер  өз 

пікірін  ашық  жеткізе  алса,  енді  біреу-

лер үнсіздікті өмірлік серік еткен. Осы 

үнсіздік  менің  ойыма  сан  ойларды 

туғызады.  Осы  үнсіз  тұрған  адамның 

көңілінде  қандай  ой,  қандай  жұмбақ 

жасырулы  деп  ойлаймын.  Үнсіздік 

кейде  пайда,  кейде  қасірет.  Тілі  бо-

лып  тұрып,  жұртқа  ащы  шындықты 

айта  алмау  нағыз  сор.  Мен  пенде-

лердің  үнсіз  өмір  кешкенін  қаламай-

мын.  Жанымыздағы  жұмбақ  жанның 

сырын ұғына білуіміз керек. Мен үнсіз 

көңілдің  əуезді  əнге  салғанын  қалай-

мын. Адамдар үнсіз кетпеңдер. Адам-

дар тілді өлтірмендер. Адамдар өмір-

ге ғашық болыңдар.



От құдіреті

Оттың құдіреті күшті. Адамдар оттай 

жанған,  жақындарына  жылу  сыйласа 

өмір басқаша болар ма еді? От жылу, 

от  –  қуат,  от  –  шынайылық.  Алайда, 

адамдар  оттай  жанып  тұрса  да,  сағы 

сынбай, адамдықтың оты сөнбесе игі.

Армандар 

адамды алысқа 

жетелейді

Балалық  арманның  орындалғанына 

не  жетсін.  Балалық  арман  өмірдегі  ең 

адал, ең шынайы жəне құдіретті болып 

келеді.  Осы  бала  қиялдың  орындалуы-

на барынша күш жігеріңді аямай жұмыс 

жасасаң, еңбегіңнің жемісін көресің. Сол 

себепті  арман  адамға  қанат.  Армандау 

өмірдегі ең тəттті шақ болса, сол арман-

ның орындалғаны одан да тəттірек жəне 

бағалы.

Сағыныш

Туған жерімнің, жақындарымның қадір 

қасиетін  алыс  болған  сəтте  ғана  ұғын-

дым. Асығып, сағынышым басым болған 

туған өлкеме табан тіреген сəтімде, жа-

нарымнан  мөлтек-мөлтек  жастар  тама 

берді.  Мұның  барлығы  туған  жеріме 

деген  үлкен  махаббаттан  туған қуаныш 

жасы болса əрі менімен қоштаса алмай 

кеткен,  тым  болмаса  алақанын  ұстап 

«əжетай мен келдім» – деп енді ешкімге 

айта алмағаннан да туған жасым шығар. 

Əжемнің бейнесі енді тек жүрек жадым-

да екенін үйіме келгенде ғана ұғындым. 

Осылайша  менің  студенттік  өмірімнің 

алғашқы жылында əжеміз бізден жырақ-

тады. Бірінші курсты бітірген сəтімде ең 

алдымен əжеме көп сыйлықтар əкелемін 

деген бала көңіл сол сəтте əжесінің одан 

ұзарын  кім  білген.  Мен  жаныма  дауа 

таппай  бақытты  балалығым  өткен  жұм-

бақ мекен Кіндікқарағай ауылына аттан-

дым.  Көзіме  орнаған  ең  бірінші  көрініс 

үй  алды  еді,  ол  жер  босап  тұрғандай 

болды,  себебі  əжем  жоқ.  Қатты  жылап 

алдым.  «Қайран  əже  мен  келгенде  жа-

ныңды аямай, тіпті сырқатыңды ұмытып 

кетуші едің ғой. Сары қызым келеді деп 

мəз-мейрам болатынсың».

Елге  сыйлы  адам  бола  алдың  ғой  ақ 

əже. Жасынан қиындыққа шыдай білген 

əже  мені  де  өмірде  мықты  болуға  үй-

ретті.  Мейірім-шапағатыңды  айналан-

дағы адамдарға шаша білдің ғой. Маған 

үнемі  «Аллаға  сен,  ешкімді  ренжітпе, 

кешірімді бол, жақсылық жаса, адамнан 

сұрама Алладан сұра, əр істе тиянақты 

бол,  істегенің  маған  жақсы,  үйренгенің 

өзіңе жақсы», – деп үнемі айтып отырған 

сөздердің бұл күнде ешқандай энцикло-

педия бермейтінін ұқтым. Əжем өмірінің 

соңына  дейін  тек  ізгі  амалдар  жасап 

кетті.  Өмірде  ең  қорқатыным  əжемнің 

бақилық болып кетуі еді. Жаратқанымыз 

осының барлығын сезіп, мен алыста оқу-

да жүргенімде əжемді алып кетті-ау деп 

ойлаймын.

Осылайша  мен  əжемнің  ақырғы  бей-

несін  көре  алмадым.  Алайда,  мəңгілік 

күлімдеп  отырған  əжемнің  бейнесін 

ұмытпаймын.  Мен  үшін  қазақ  əйелінің 

ең  көркем  бейнесі  –  менің  əжем.  Мені 

көрген жанның көбісі «Нағашы əжең Сұ-

лушаштан аумай қалғансың», – дегенде, 

көңілімде ерекше қуаныш өрбейтін. Бо-

лашақта өзіңдей сұлу да ақылды, аяулы 

ана,  адал  жар,  ибалы  келін,  мейірімді 

əже болғым келеді. Бет бейнесі сондай 

нəзік,  ақ  құба  əжемнің  рухани  жігерлігі-

не таң қаламын. Өзі кішкентай болса да 

жүрегі үлкен бола білген жан едің, адал-

дықты көксеген асыл əжемнің жаны жұ-

мақта болғай.

Мейірім

Адам  баласының  ең  асыл  қасиеті  – 

мейірімді  жүрек.  Күрбелең  тіршілік 

көзі  қайнап  тұрған  мына  дəуренде 

«мейірімділік»  деген  баға  жетпес  қа-

сиетті ұмытып, рақымсыз қоғамға айна-

лып бара жатқан жоқпыз ба? Кейде ай-

наладағы  адамдарға  қарап,  «жақсылық 

жасағанның өзі тегін емес», – деп қала-

сын. Себебі, саған жасаған жақсылыққа 

құнды зат сыйламаса, адамдар қаһарлы 

міңездерін көрсетеді. Осындай жайттар-

ды көріп, қоғам қайырымсыз қоғамға ай-

налып бара ма деген ой түйдім.

Қаукөрік пенделердің кең етек жайюы 

ең алдымен – имандылық отының өшуі-

не байланысты. Жүйке жүйесін құртатын 

сан түрлі фильмдердің көбейіп, əсіресе 

қоғамды аулайтын адамның жанын қия-

тын  көркем  фильмдер  мейірімділік  де-

ген  асыл  қасиетті  адам  бойынан  əлсін-

əлсін алыстатады. Сол себепті жарыққа 

шығып жатқан көркем фильмнің мазмұ-

ны  мен  идеясына  аса  бас  аударуымыз 

да абзал.

Бір рет көңілі қалып қойып, болашаққа 

деген  сенімнен  айырылған  жандардың 

жүректері  рақымсызданады.  Алайда, 

«Сабыр – түбі сары алтын» Керісінше əр 

қиындық сайын ұшталып, жақсылық жа-

саудан  тайынбаған  нағыз  игі  іс.  Себебі 

мейірімді жүрек ұлы істерге апарып, биік 

шыңдарға  көтереді.  Мəселен,  бір  күнə-

һар  əйел  шөлден  қаталалап,  жанында-

ғы итке мейірімі түсіп, құдықтан су алып 

бергені  үшін  жаннаттқа  кіреді,  ал  енді 

бірі қарауындағы мысықты аштан өлтір-

гені үшін тозаққа түседі.

Адамның  қатігездіктерінен  қаншама 

қиындықтар  көбеюде.  Мысалы,  емдел-

мейтін сырқаттардың пайда болуы, кек, 

ыза  адам  бойына  тек  жаман  əсерлер 

беріп  ақыр  аяғында  өзін  сырқат  етеді. 

Сонда  жаман  ойлардан  алыс  болып, 

мейірімге  толы  өмір  кешсек,  шапағаты 

мол  күндер  күтуде.  Сан  түрлі  апат,  со-

ғыс,  отбасылардың  шайқалуы,  достық 

деген киелі сөздің арасын қызғаныштың 

пайда  болуы,  махаббатты  бағаламай, 

сезімге де тұрақсыз болып кетуі барлы-

ғы  бір  ғана  сөзден  тұ-

ратын  мейірімділіктің 

болмауынан.  Мейі рім-

ділікті айналадағы жан-

дарға  сыйлай  білсек, 

əлемді 


өзгертуімізге 

əбден мүмкін.



Назгүл РАБИЛОВА

Өлеңім, сөйле…

Өлеңім бөлшегім де 

Сыңарым


Көремін өлшемін де

Тұрағын


Еремін, еңсерім де

Шырағым


Сыңарым!!!

Саған міне сұрағым

Құмарым

Қайда кетті шыдамым?



Сыңарым

Қайда менің тұрағым?

Сыңарым

Қайда екен жыр-əнім?



Бұлағым

Қайда шықты шынарым?

Сыңарым

Қайда қашты



Өмірдегі, көңілдегі

Қыраным?


Сезімдегі, сенімдегі

Қырағым?


Сезілмеді...

Қайдан жанды шырағым?

Айтшы, сыңарым...

 



ПОЭЗИЯ

Жүрек мұңы жан жарасын жырласын

Бірақ оны кім түсініп тыңдасын?

Тағдыр тарғыл қанша ұрып жықса да

Сағымызды сындырмайық, сырласым!

Жүрек жазы

Жарым-жаным, жақыныма айналдың

Сен – шыңымсың, сен – биігім айбарым

Сен – күнімсің, шапақ шашып жылытар

Сен – жазымсың, мəңгі мезгіл жайнарым

Сен – бұлақсың, тазалыққа бастайтын

Сен – жырақсың, қиындықтан қашпайтын

Сен – мұнарсың, мені мəңгі көктетер

Сен – шынарсың, қорқыныштан сақтайтын

Сен – тұмарсың, төс белгі қып тағатын

Сен – жүрексің, дамылсыз көп қағатын

Сен – жанарсың, көз шырымын алмастан

Тірлігімнің тыныштығын бағатын.



1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал