Жастардың эстетикалық мәдениетiн қалыптастыру Дәрістің мақсаты



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі25,94 Kb.
#14219
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жастардың эстетикалық мәдениетiн қалыптастыру


Жастардың эстетикалық мәдениетiн қалыптастыру

Дәрістің мақсаты: жастар арасындағы эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.

Жоспар:

  1. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті туралы түсінік. Бала өмірінің эстетикасы.

  2. Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдау.

Эстетикалық мәдениетті өнер құралдары арқылы қалыптастыру.

Негiзгi түсiнiктер: эстетикалық мәдениет, эстетикалық мәдениет құралдары.
Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті туралы түсінік

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру – жеке тұлғаның айналадағы сұлулық пен өнерді толық және дұрыс қабылдау қабілетін дамыту процесі. Ол көркем бейнелер, көзқарастар мен сенім, сезім және талғам жүйелерін дамытуды көздейді. Оқушылардың бойындағы сұлулық, нәзіктік сезімдерін жетілдіріп, ұсқынсыздық пен төмен деңгейдегі талғамдардан жоғары тұруын қалыптастыру және өнер туралы өзінің білімін үнемі байытып отыруды іске асыру.

Бала өмірінің эстетикасы.Адам бойындағы сұлулық сезімі оның еңбек әрекетінен көрініп тұрады, өйткені ол әрекет арқылы өзін және айналасын өзгеріске түсіреді. Адамның сұлулыққа деген қатынасы еңбек барысында пайда болады. Еңбек барысындағы қимыл-әрекеті мен рухани қызметінен адамға пайдалы, қажетіне жарайтын әсем дүние жасалады, яғни еңбек арқылы жеке тұлғаның эстетикалық талғамының негізі қалыптасады.

Бала еңбектен тез жеріп кетпеуі үшін, оның атқаратын жұмысының қоғамдық мәні жоғары тұрғыдан түсіндіріліп, ептілік қимыл-әрекетпен, аз уақыт аралығында көтеріңкі көңілмен әсем нәрсе жасалуы шарт. Дене әрекетінің үйлесімді қимылы оқушының ішкі дүниесінде рухани сұлулықты тудырып, белгілі екпін, епті қимыл-әрекет арқылы өз еңбегінің нәтижесін көріп, қуанышқа бөленуі тиіс. Еңбектің нәтижесін бала үлкен эстетикалық құндылық деп қабылдап бағалайды.

Оқу барысында түрлі сабақ мазмұны арқылы оқушы эстетикалық сезімге бөлінеді. Мәселен, математикадан есеп шығару негізінде үйлесімділік жатыр. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасы, үлкен-кіші арасындағы адамгершілікке негізделген қатынастары да балалардың эстетикалық талғамына, нәзік сезімін оятады. Отбасындағы қарапайым, мейірімсіз, қатал қарым-қатынас бала жүрегін жаралайды. Балаларға әділ талап қойып, адамгершілік қатынас құру, жоғары эстетикалық талғам мен моральдық сезімді, ар-ұят, намысты дамытады.

Баланың тәрбиелік ортасы, оқитын және үйдегі сабақ даяарлайтын орны эстетикалық тұрғыдан жабдықталуы, оның сұлулық сезімінің дамуына ықпал етеді.

Оқушылар кез келген тәрбиелік ортада: мектепте, үйде, бос уақыттарын өткізетін, тынығатын орындарында үнемі әсемдікті сезінуі тиіс. Сондықтан да оларды сыныпты, мектепті, пәтерді эстетикалық тұрғыдан жабдықтауға қатыстырудың маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет