Таза тақта.
Оқушылар ӛткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар
немесе ережелер жазып
тақтаны толтырады, содан кейін әр
сұраққа жауап беріп, ӛшіріп отырады. Соңында барлық
сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.
Ыстық орындық
Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық.
Оған ӛз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы
отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар
қояды. Кей жағдайда ыстық орындыққа мұғалім де
отыруға
болады.
Миға шабуыл
Ӛткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.
Оқушылар
тез жауап беруі керек. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға
болады.
Сұрақтар қобдишасы
Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады.
Оқушылар
кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда
оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған
жауап бергізуге де болады.
Құндылықтар спектрі
Ӛтілген материалдар бойынша сӛздер, түсініктер, суреттер
және т.б. Оқушыларға беріп оны құндылығы жағынан
орналастыруды сұраңыз. Оқушы түсінігін тыңдаңыз
Әңгімелесетін әріптестер (жұппен жұмыс)
Ӛткен сабаққа сілтеме жасауды кӛздейтін бастапқы немесе
бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар
әріптестерімен:
жаңа оқылған 3
факті туралы;
оларға жеңіл болып кӛрінгендер
туралы
оларға қиын болып кӛрінгендер туралы
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат
алмасады.
БББ
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан
тұратын сурет(кесте)
салады
Олар нені біледі;
Олар
нені білгісі келеді;
Олар нені білді.