Жастардың саяси мәдениеті Қазақстандағы азаматтық қоғамды



бет13/28
Дата24.04.2023
өлшемі484,48 Kb.
#86097
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Диссертационная работа Рыстиной И.

Үшінші типті авторлар «рационалды-белсенді» деп сипаттайды, ол адамның саяси өмірге тікелей қатысуына негізделіп, айқын көрінген екі жақты бағыттылығымен, яғни output -қа ғана тоқталмай жүйенің input жағына да араласу, сонымен қатар өзін осы жүйенің белсенді акторы ретінде пайымдау.
Аталған түсінікке деген бұқаралық қызығушылық батыстық саяси ғылымда, және де саяси ортада осыдан бір жарым – екі онжылдық бұ рын басталып, өзінің жоғарғы шегіне өткен ғасырдың 80 -90 жылдарында жетті. Осыған, американдық социолог және политолог Г. С. Хьюз өзінің аталған мәселеге байланысты жазылған кітабында аса назар аударған [86]. Осындай қызығушылықтың басты себебі неде? Оның себептері өте көп. Бірақ олардың арасында бір себебі, КСРО-да және Шығыс Европа елдерінде сол уақытта орын алған оқиғалармен байланысты. Американдық политолог Рональд Ротберг өзінің 1999 жылы жарық көрген «Африка, Азия, Австралия және Европадағы әлеуметтік капитал және саяси мәдениет» атты еңбегінде зерттеушілерге «не себепті орыстар күнделікті саяси өмірде өзін ағылшындар немесе қытайлықтар сиақты ұстамайтынын» саяси мәдениет призмасы арқылы түсініп көруге мүмкіндік бар екенін ашып көрсетті[87].
Алайда бұл ұғымды қолдану ғылымда болсын, саяси тәжірибиеде болсын әлі күнге дейін осы түсініктің нақты анықтамасының жоқтығымен қиындатылып отыр. Флорида Университетінің (АҚШ) профессоры Рональд
Формизано былай деп қанйт: «1989 -1993 жылдағра келетін өздерінің
жұмыстарында, бірнешеғалымдар, атап айтсақ: Ричард Мерелман, Джон Гиббинс, Аарон Вилдавский, Рут Лейн, Пол Несбит-Ларкин және Стивен Уэлч

  • осы үтсініктің жан -жақтылығын түсіне отыра, оның мықты ой

қорытындыларын жасауға келмейтіндігін өкінішпен белгіледі» [88]. Олардың кейбіреулері саяси мәдениетті тек қана суггестивті (ойлауға итермелейтін), ғылымға жатпайтын дефиниция деп түсінеді, және де оны зерттеу мақсатында қолданудан бас тартады. Саяси мәдениет түсінігін қоршап тұрған белгісіздік әдетте ғылыми пәндер шекарасында жатқан ұғымдарға тән болып келеді, оған қоса дефиницияларының көбісі психологиялық диспозициялардан туындап, нұсқаулар, көзқарастар, ұйғарымдар мен құндылықтардан шығады[88, р.57]. Оған қоса аталған концепт өзіне мұқият көз қарастарды талап етеді, сонын ішінде билік формалары мен оның салдарын ашып көрсетеді[88, р.59].
Саяси әмдениет түсінігінің анықтамасы мен қолдану диапазонын
айқындаған кезде ресейлік саясаттанушылар да ұқсас көз қарасқа ұсталып отыр. Саясиғылымда «мәдениет» пен «саяси жүйе» түсініктерінің арасында орын алып отырған саяси мәдениет «ғылымдағы күрделі, әрі түсінуге қиын
ұғым» бола ұтра өте кең мағыналыққа ие болып артықша эмоционалдық келбетке бояйды деп айтады Н.Аберкромбе[90].
Алайда отандық ғылым мен саясаттың, сонымен қатар қазақстандық әлеуметтік тәжірибиенің қажеттіліктері отандық саясаттанушыларды Қазақстандағы саяси мәдениеттің мәселелерін жан-жақты зерттеп және оларды басқа елдердің тәжірибиесімен салыстыруды талап етеді. Соңғы жылдары отандық ғылыми қор саяси мәдениет мәселелерін қарастыратын бір қатар күрделі еңбектермен толықтырылды:

  • Аталған концептінің теориялық мәселелері мен ұлттық модельдері

  • Қазақстандық саяси ерекшеліктері

әмдениетте дәстүршілдіктің сипаттары мен

  • Кеңестік және қазақстандық ахуал сипатындағы өзіндік ерекшеліктері

  • Қазіргі заманғы Қазақстанда демократияның қалыптасуындағы саяси мәдениеттің ролі.

Саяси мәдениет түсінігін зерттеген кезде А. И. Соловьевтың еңбектерін ерекше айтып кету керек, онңыжұмыстарында саяси мәдениетті зерттеуде қолданылатын концептуалды тәсілдердің жүйелілігі көрсетілген. Құрылымдық жағынан Соловьев саяси мәдениет ұғымын әлдеқайда кең болып келетін азаматтық мәдениет түсінігінің бір түрі ретінде көрсетеді, ал азаматтық мәдениет өз кезегінде адамның қоғамдық өмірдің түрлі салаларында өзінің құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыру кезіндегі биліктің көріністеріне деген құндылықтық қатынастары негізінде қалыптасады. Мазмұндық жағынан Соловьев саяси мәдениетті индивидтің және белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси жүріс -тұрыстарының рухани және тәжірибиелік, индивидуалды және нормативтіқайнар көздерінің органикалық біртұтастығын білдіретін саяси іс- әрекеттің өзіндік «стилі» ретінде көрсетеді. Саяси мәдениет қалыптасуының негізгі қайнар көздері арнайы сарапталып, оның үш кезеңі шыға рылады (дүниетанымдық, азаматтық және саяси), әр кезеңге сәйкес индивидтің ерекшеліктері менқұндылықты бағдарларының ішкі сипаты ашылады.
Ғалымның пайымдауынша, пост кеңестік саяси мәдениетте әлі күнге дейін
дәстүрлік сипаттағы құндылықтар басым болып отыр, ал ұбл өз кезегінде
азаматтық қоғам құрылымдарының қалыптасуына қолдау жасамайды.
Бастапқы ұғымның көптеген анықтамаларының арасында, саяси мәдениетті азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуының факторы мен алғышарты ретінде сараптауға сайма сай келетін түсінік болып Э. Я. Баталовтың тұжырымдаған дифинициясы алынды. Ол саяси мәдениетті
«индивидтер мен топтардың салыстырмалы түрде тұрақты репрезентативті («үлгілі») нанымдардың, түсініктердің, сана мақсаттарының, жүріс-тұрыс моделдерінің («үлгілер») тарихи қалыптасқан жүйесі, сонымен қатар өзінің бағыты мен пішіндерін анықтайтын, саяси үдерістің негізгі қатысушыларының іс-әрекеттерінде тікелей көрініс тапқан, саяси институттардың қызмет ету үлгілерінің және олардың құрған жүйесі» ретінде бейнелейді[91].
«Саяси әдмениет» түсінігінің жоғарыда келтірілген күрделі
анықтамаларына қарамастан, бүл ұғым индивидтің, белгілі бір қоғамдық

топтардың, әлеуметтік таптардың және қандай да бір қоғамның әлеуметтік- саяси институттарының «жекеленген азаматтардың, топтардың са насы мен тәртібіне және қоғамның саяси институттарының қызмет етуіне салыстырмалы түрде нақты келбет» беретін, қоғамның шынайы саяси өмірінің матрицасын, оның өзіндік саяси генотипін саяси мәдениет арқылы көрсете алатын,
әлеуметтік-саяси жүріс -тұрыс пен қоғамдық сана феномендерінңі көрініс
табатын үш деңгейі анық көрсетілген. Әлемдік қоғамдық пікір, мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттестігі мәнін сипаттаудың екі негізгі парадигмасын қалыптастырғаны жалпыға мәлім, ол туралы алдыңғы диссертацияда басқа байланыста сөз болды. Олардың біріншісі өзінің барынша аяқталған көрінісін Гегель және Маркстің еңбектерінде таба отырып, неміс интеллектуалдық дәстүріне сүйенеді. Онда қоғам алдында тұрған мәселелерге саяси тәсілде, яғни оларды бәрінен бұрын мемлекеттік институ ттар көмегімен шешуге назар аударылады. Қазіргі шарттарда бұл дәстүр өзін әлеуметтік -демократиялық қозғалыста көрсетеді, оның идеологиясы белсенді мемлекеттіліктің әлеуметтік және демократиялық белгілерін тиісті мойындаумен «мемлекет – түнгі күзетші» либералды идеясын терістеуге негізделеді. Екінші дәстүр либералдық емес құндылықтарға негізделіп, орталықты индивид еркіндігіне ауыстырады және оның азаматтық қоғамның өзіндік реттеу механизмдері арқылы осы құқықтар мен бостандықтарына мемлекеттің араласуынан сақталуының кепілдігі ретінде құқықтарын бұрыштың басына ауыстырады.
Айтылған парадигмалардың қайсысы болмасын социумның тарихи дәстүрлеріне және саяси мәдениетінің қазіргі деңгейіне сай келеді және сәйкесінше біздің елдегі азаматтық қоғамның қалыптасу үдерісіне негіз ретінде алына ала ма? Отандық саяси мәдениеттің қандай белгілері және ерекшеліктері біздің елдегі азаматтық қоғамды қалыптастыруға жағдай жасай алады, ал осы жолдағы кедергілер не болып табылады? Жалпы отандық ділдің, саяси мәдениеттің басым жақтарын белсенділендіруге жағдай жасау үшін және оның әлсіз бастамаларын белсенділендіру үшін не қажет?
Біздің алдымызда осы диссертацияда қойылған мәселелерді әрі қарай қарастыру барысында осы сұрақтарды шешу тұр.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет