Жастардың саяси мәдениеті Қазақстандағы азаматтық қоғамды


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ МӘДЕНИЕТІНІҢ ОРНЫ



бет14/28
Дата24.04.2023
өлшемі484,48 Kb.
#86097
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
Диссертационная работа Рыстиной И.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ МӘДЕНИЕТІНІҢ ОРНЫ





    1. Азаматтық қоғамның қалыптасу факторы ретіндегі жастардың саяси мәдениетінің орнығуының тарихи шарттары және эволюциясы

Европадағы азаматтық қоғамның қалыптасуының алғышарттарын тек феодализмде, аграрлық қоғамнан индустриалды қоғамға өту аралықтарында іздеу ғана мағынаға ие болады. Тек қана осы уақыт аралығында, яғни әр бір қоғамның өзіне сай, қайталанбас өтпелі кезеңде ғана индивид көлденең және
тік мобильділікке ие болады. ғОан таптық басымдылық, феодалдық
экономикалық қатынастардың дағдарысы, сауданың, өндіріс пен кәсіпкерліктің дамуы серпін болады. [92].
Саяси және экономикалық біркелкілігіннен қоғамның бір бөлігі оларды межелеуге тырысты. Жеке меншіккеәнже тәуел сіз шаруашылық қызметке деген қажеттіліктің тууынан, биліктің асыра түсуінен және орталық билік субъектілерінің әрекеттерінің қорғану күшейе бастады.
Европада қалыптасқан азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi т ұлғасы мен субъектiсi ретiндеөз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге тұлға болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әр алуандылығын көрсетедi.
Қоғам демократиялық, құқықтық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл- ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.
Әрбір елдің, тұтас алғанда бүкіл әлемдік қауымдастықтың болашағы жастармен тікелей байланысты. “Жастар меқноғам үнемі өзгеріп отыратын өзара байланыста. Бүгінгі жастар өмірлік тәжірибе жинақтай отырып ертеңгі күні белсенді жасампаз күшке айналады, сейтіп өзінің өмірлік даналығын жаңа ұрпақтарға береді. Сондықтан да болашақтағы ересектер — бүгінгі жастар әрбір қоғамның ең бағалы құндылығы болып табылады. Әрбір өміршең дамушы қоғам үшін барлық ұрпақтардың үзілмейтін байланысы, өзара түсіністігі мен өзара әрекеттестігі өзгеше маңызды. Коғамның тұрақтылығы мен қазіргі ұрпақтардың болашақ алдындағы жауапкершілігінің кепілі де осы” [93].
Жастар қоғамның сақталуы мен дамуы үшін, оның мәдениеті мен тарихының сабақтастығы үшін, аға ұрпақтардың өмірі мен келесі ұрпақтардың өсіп-өрбуі үшін басқа әлеуметтік топтар алмастыра алмайтындай өзгеше жауапты. Олар — экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени дамудың етене субъектісі. Жастарды әлеуметтендіру мен интеграциялау тұрғысында қоғам тап болатын проблемалар жедел өзгеріп отырған әлемдегі жастардың қажетсінулері мен құлшыныстарының арасындағы, қоғамның жастарға ұсынатыны мен одан
талап ететінінің арасындағы үйлеспеушіліктен пайда болады. Бұл қайшылықты шешу үшін жас ұрпақтың өзін жүзеге асыруы үшін, қоғамның даму үдерісіне осы дамуға қатысу арқылы өз үлесін қосуы үшін қажетті жағдай жасау керек. Білім беру мен тәрбие арқылы қоғам жастарды әлеуметтендіріп қана қоймайды, сонымен қатар жаңа идеялар мен көзқарастарды ұстанатын жастар да өз кезегінде қоғамды өзіне бейімделуге мәжбүрлеп, қоғамды өзгертіп және дамытып отырады [94].
1997 жылы Еуропа Кңесі жас азаматтардың қатысуы және азаматтық қоғамның болашағы туралы № К (97) 3 ұсынысты қабылдады. Онда Кеңеске қатысушы мемлекеттер үкіметтері ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейлерде жастар ұйымдары мен билік органдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, жас азаматтардың ерікті қоғамдық қызметке қатысуын көтермелеуге, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде қолданымдағы еуропалық бағдарламалар шеңберінде жастар мен жергілікті және жалпы мемлекеттік жастар құрылымдары арасындағы ынтымақтастыққа септесуге шақырылған [95].
Жастарды қоғамды дамытуға неғүрлым белсенді қатыстыру, жас азаматтардың бастамашылдықтарын көтермелеу мақсаттарында мемлекеттер жастар ұйымдарының қызметін соның ішінде қаржыландыру арқылы қолдап отыруға ұмтылады. Жастар ұйымдарын қаржыландыру жүйелері әр алуан, олар экстремистік және лаңкестік топтардан басқа ұйымдардың алуан түрлерін қамтиды. Бұл мақсаттарға арналған қаржының негізгі бөлігі көбіне мүшелерінің саны мен тармақталғандығына байланысты мүшелік ұйымдар арасында кейін бөлінетін болып жастар ұйымдарының ұлттық комитеті секілді органға беріледі.
Жастар ұйымдарын қаржыландыру саласындағы классикалық үлгі ретінде швед тәжірибесін атауға болады. Мұнда ілгеріде аталған өлшемдермен қатар ұйымның жалпыұлттық басқару органының болуы, символдық түрде болса да өз бюджетінің болуы, ұйымдық толық дербестігі болуы есепке алынады. Жалпы сома жыл бойында өтрт мәрте: бірінші жолы 40% -ы, бұдан кейін үш мәрте 20%-дан беріледі. Каржының жұмсалуын Жастар істері жөніндегі кеңес бақыламайды. Жұмсалуы туралы есеп беру ақша жұмсаудағы мақсаттар мен міндеттер және бұл кызметтің нәтижесі көрсетіліп жылдың аяғында бір мәрте жүзеге асырылады. Жастар ұйымдары ең алдымен істерін көрсетіп есеп береді. Пайдалы істері болмаған жағдайда оларды қаржыландыру тоқтатылады [96].
Жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларын жүргізу саласында халықаралық қауымдастықтың қызметіне тән басқа да мәселелер сараланады. Мемлекеттер жас азаматтарңды саяси мәдениетін көтеру шараларының құқықтық негіздерін құру қамын ойластырады. Жас ұрпаққа қатысты заңдық нормалар жас ұрпақтың қоғамдағы өмірлік қарекеттерінің мәселелерін ең болмағанда қайсыбір дәрежеде қамтитын әртүрлі құжаттарда болады. Сонымен қатар жастар заңнамасының арнаулы бөлігі де біршама белсенді түрде жасалуда. Онықұрайтын заңдар ең алдымен мемлекеттік жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларының негіздеріне, жастар істері жөніндегі
мемлекеттік органдардңы қызметін анықтауға, жастар ұйымдарын
қаржыландыру тәртібіне және т. б. арналған. Жастар заңнамасы Германияда және басқа мемлекеттерде дамытылған.
Германияда жастар заңнамасын дамыту тарихының терең тамырлары бар. Сонау 1839 жылы Пруссияда Жас азаматтардың фабрикадағы еңбегіне қатысты регулятив пайда болды. 1922 жылы жас азаматтңардиыгілігі туралы заң қабылданып, ол бүдан кейінгі жылдардағы заң шығару үдерісін дамытуда үлкен рөл атқарды[97].
Соғыстан кейінгі ГДР-да жастар зңанамасын қалыптастыру іс жүзінде жаңадан басталды. 1950, 1964 және 1974 жылдары үш заң қабылданды. 1950 жылғы заң 1922 жылғы құжаттан өзгеше Ерікті неміс жастары одағының (ЕНЖО) бірінші съезінде 1946 жылы белгіленген жастарқұқықтарын баянды етуге негізделді. Сңоғы заң 1990 жылы қыркүйекте ГДР -дың емір сүруі тоқтағанға дейін күшінде болды. Ол жас тұлға үшін және ЕНЖО үшін кең ңұқықтар мен мүмкіндіктер беретін, ірі әлеуметтік жеңілдіктер беруді көздейтін, онда мемлекеттік органдардың жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларын жүзеге асыру жөніндегі жауапкершілігіне қатысты арнайы нормалар болды.
ГФР-де жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларының негізіне 1922 жылғы заң алынды. Осы заң жастар туралы одан кейінгі 1953, 1957, 1986 жылғы заңдардың бәріне негіз болды. 1990 жылы маусымда балалар мен жастарға көмек туралы заң қабылданды. Ол кең көлемді және балаларға, жастарға, жас отбасыларға, тәрбиешілерге, жастар мен балалар ұйымдарына және т. б. арналған. Заң ең алдымен жастарды дамытуға, тәрбиелеуге және 18 жастан 27 жақса дейінгі аралықта барынша көмек беруге қатысты жастар құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған және білім алудың аяқталып өз алдына еңбек қарекеті баста лғанға дейін қолданылады. Көмектің көлемді формаларының бірі бастау кезіндегі көмек болып табылады, оған қажетті қаржыны жастар қызметі негізінен бюджеттік қаржыдан бөліп отырады[98].
Бүған қоса заңда отбасына көмектің түрлері, балаларға арналған күндізгі мекемелердің жұмысы мен баланы күту, балалар және жастар ұйымдарының қызметі, олардың жұмысының мәні мен жағдайлары белгіленген. Жасөспірімдер мен жастарға көмектің сипатын неғүрлым толық анықтау үшін заңға “жастармен жүргізілетін жұмыс” және “жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс” деген ұғымдар енгізілген. Жастармен жүргізілетін жұмыс мектепте және мектептен тыс білім беру, спорт, бос уақыт, қоғамдық пайдалы еңбек, балалар мен жас азаматтардың демалысы, консультациялық қызметтер, халықаралық байланыстар салаларын қамтиды. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әлеуметтік түрғыдан кеммін деп сезінушілікті, ықтимал қолайсыз ахуалдарды болдырмау үшін көмек пен қолдауды қажет ететін жастарға арналған.
Жастармен жүргізілетін жұмыстың заңнамалық негізі тура лы айтқанда Германиядағы қазіргі Әлеуметтік заңдар кодексін (1993 ж.) атап айтпауға болмайды, оның сегізінші томы бала лар мен жастағра көмек мәселелеріне
арналған. Германияның заңнамасында жас азаматтардың құқықтары мен кепілдіктерінің толықтығы мен нақтылығы назар аудартады [98, р.12].
Жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларын мемлекеттік басқару органдарын құруға үнемі назар аударылып отырады, оның формалары сан алуан — бұлар министрліктер, комитеттер, комиссиялар. Бірқатар елдерде жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларына министрліктер құрылымындағы департамент, баскарма, бөлім және т. б. секілді арнаулы бөлімшелер басшылық жасайды, осының өзінде бұл бөлімшелер көбіне әлеуметтік камсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет, отбасы, әйелдер, білім беру, спорт проблемаларымен үшғылданатын министрліктердің құрамында жұмыс істейді.
Мемлекеттердің жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларына көңіл бөлуді күшейтуі, жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шаралары
туралы арнайы ңдзармен катар жасұрпақтың жағдайын жақсартуға
бағытталған ұлттық бағдарламалар кабылдауы әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың, қоғамның басқа құрылымдарының күш-жігерлері мен ресурстарын үйлестіруді барған сайын көбірек талап етіп отыр. Жас
азаматтардың саяси әмдениетін көтеру шараларын басқаратын жоғары
мемлекеттік органдар ведомствоаралық құрылымдар құру жолымен де жүзеге
асуда. әМселен, Испанияда 1986 жылы жас тар істеріөнінждегі
министрлікаралық комиссия, 90-шы жылдары Арменияда Ведомствоаралқы кеңес, Болгарияда Ұлттық жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларын үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комитет құрылды. Үйлестіруші органдардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қосылуда. 90-шы жылдары Албанияда жастармеүнргіжзілетін жұмысты үйлестіру жөніндегі Мәдениет, жастар және спорт министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысатын Бірлескен консультациялық комитет, Литвада үкіметтік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілі болып табылатын Жастар істері жөніндегі мемлекеттік ке ңес, Словенияда үкімет пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кірген Жастар істері жөніндегі біріккен комитет құрылған[99].
АКШ-та Конгресс пен Президент ңдгейінде мезгіл -мезгіл түрақты не уақытша комиссиялар құрылып отырады. Олар жоспарлаушы және үйлестіруші қызметінде мемлекет қаржыларын басымдықты жастар бағдарламаларына бөлуге ықпал жасап, жастар проблемаларын шешуге мүдделі министрліктерді, ведомстволар мен ұйымдарды қатыстырып отырады [93. р, 160].
Жастар ел халқының үштен бірін құрайтын Индияда Жастар істері мен спорт жөніндегі министрлік бар. Елде көптеген әртүрлі жастар бірлестіктері, студент жастар және аймақтық жастар орталықтары, бойскауттық топтар және басқалар жұмыс істейді. Жастар ортасын дамыту мақсатында 1988 жылы мұнда Ұлттық жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шаралары қабылданған, оның принциптерінің қатарында білім алу күкықтарын қамтамасыз ету және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау, жауапкершілік сезімін дамыту, елдің тарихи мұрасының маңыздылығын түсіну принциптері бар.
Алға койылған міндеттерді жүзеге асыру үшін министрлік іс жүзінде елдің барлық аймақтарында филиалдары бар Джавахарлал Неру атындағы жастар ұйымын құрды. Оның шеңберінде 180 мыңға жуық жастар клубтары жұмыс істейді, олардың қызметінің негізгі бағыттары оқу -білім беру орталықтарын құру, кәсіпкерлік қабілеттер мен спортты дамыту болып табылады. Жастар ұйымының шеңберінде Жастарды жұмыспен қамтудың ұлттық бағдарламасы жұмыс істейді. Оқу-білім беру орталықтарында фермер шаруашылығы, теле және радиотехника, бағдарламалау және т. б. салалар бойынша кадрлар даярлау ұлғайтылуда. Елдің үкіметі жас азаматтардың жекелей қабілеттерін дамытуына қажетті жағдайларды жасау және қолдау үшін мақсаткерлік қаржы бөлуді жүзеге асырып отырады[90, р.46].
Түркияда жастар мәселелерімен өздерінің білім беру, денсаулық сақтау, еңбекке орналастыру, зиянды әдеттерге қарсы күрес және т. б. секілді өзгеше міндеттеріне сәйкес 14 министрлік пен ведом ство шүғылданады. Бос уақыт проблемасымен Жастар мен спорт жөніндегі бас басқарма айналысады. Оның жұмысы негізінен әртүрлі жастар лагерьлерін, орталықтары мен халықаралық ұйымдар ұйымдастыруға және оларды үйлестіріп отыруға бағытталған.
Жастар орталқытары жастар мен спорөтнінждегі провинциялық басқармалармен ынтымақтастықта бос уақытты спортта, әлеуметтік және мәдени салаларда өткізуге қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін мәдени институтгар. Орталықтар жастарға арнап әртүрлі шаралар мен оларды толғандыратын мәселелер бойынша консультациялар ұйымдастырып отырады. Бұл орталықтардың жұмысының жағымды нәтижелері жігіттер менқыздарды өзіне тартып отыр. Орталықтармен Қатар жастар ақпаратының консультациялық бюросы жұмыс істейді. Жас азаматтардың халықаралық ұйымдармен тәжірбие алмасу жөніндегі бағдарламаларға қатысуын Түркия үкіметі көтермелеп отырады [58, р. 160].
Жастар туралы арнайы ңзнаың жоқтығына қарамастан Англияда жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шаралары белсенді түрде жүргізіледі. Онда, бір жғаынан, жас тұлғаның жеке тұлғасы қалыптасуы үшін қажетті жағдай жасауға, ал, екінші жағынан, қоғам қазіргі даму кезеңінде қажет етіп
отырған азаматты тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар өкзделген. Бұл
мемлекетте Жастар қызметі жұмыс істейді. Ол XIX ғасырдың аяғында құрыла бастаған болатын. Сол кезде жеке тұлғалар мен шіркеулердің күш салуы арқасында әр алуан клубтар желісі дамып, оларда жеткіншектер мен жастар демалып қана қоймай, материалдық көмек, жұмысқа орналасу жөніндегі көмек секілді әр алуан көмек алып отыратын.
Алайда мұндай қарекет жеткіліксіз болғандықтан жас азаматтардың бос уақытын ұйымдастыруға жергілікті білім органдарын жұмылдыра бастады. 1918 жылғы заң бойынша бұл органдарға жас тұлға мектепте оқитын - оқымайтынына қарамастан жасы 18-ге дейінгі жастарды, сондай-ақ кешкі оқу орындарында оқитын неғүрлым ересек тұлғаларды әлеуметтік және физикалық даярлау” міндеті жүктелді. Дене тәрбиесі мен демалыс туралы 1937 жылғы заң арқылы мемлекет халықтың бос уақытын ұйымдастыруға басқа да жергілікті
билік органдарын тартуға әрекеттенді, алайда екі жылдан кейін жасы 20 -ға дейінгі “жас азаматтаңрдыталап -тілектерін қанағаттандыру әдістерін іздестіруді” ағарту органдарына түпкілікті жүктеді. Осылайша іс жүзінде ешқандай жаңа қосымша мемлекеттік құрылым жасамай- ақ Үлыбританияда 1939 жылғы қарашада Жастар қызметін (ЮС) құра бастады. Ондағы мақсат “бос уақыт кезінде отбасы, формальды білім беруәнже жұмыс жасайтын жағдайларға қосымша жас азаматтардың дене, акыл-ой және рух-күшін ашып, дамытуға көмектесетін, сөйтіп оларды азаматтық міндеттерін орындауға даярлануға септесетін жағдайлар жасау” болды. Осы қызмет шеңберінде Білім министрлігі мен жергілікті ағарту органдары ерікті жастар ұйымдарына арнап қаржы бөліп, меншікті (мемлекеттік) жастар клубтары мен орталықтарын құра бастады.
Жастар қызметінің бюджеті көлемді емес, өйткені оған жергілікті білім беру органдары қаржысының шамамен 2%-ы бөлінеді. Ерікті жастар ұйымдары алатын мемлекеттік демеуқаржылар бюджеттің оннан бір бөлігінен аспайды. Алайда бұл ұйымдар жастар көшбасшыларын дайындауға, олардың еңбегіне ақы төлеуге ақша жұмсаудан толық, ал үй-жайлар салуға немесе оларды жалға алуға қаржы жұмсаудан ішінара босатылады. Жастар қызметінің штаты да үлкен емес: басқа жұмыстан босатылған жастар ұйымдастырушылары мен көшбасшыларының саны шамамен 2,5 мыңдай тұлға. Бірақ жалпы алғанда ЮС- ыда жарты миллионға дейін ерес ек тұлға жұмыс істейді, олардың шамамен жартысы ақысыз еңбек етеді. Коғамдық негіздегі қызметпен қатар қоса атқару да (көбінесе мұғалімдер) тараған: мемлекеттік қызметте жастар мен 10 мыңға жуық қоса атқарушылар жұмыс істейді. 14—20 аралғы ндағы жас азаматтардың шамамен үштен бірі үнемі жастар қызметінің ықпал аясында болады [65, р.187].
Тұтас алғанда жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларының ұлттык органдарын құру үдерісі 1985 жылы Халыкаралык, жастар жылын өткізумен байланысты едәуір жеделдеді. Бұл саладағы ізденістердің негізгі бағыттарының бірі ұлттың жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларын қалыптастыру кезінде жас азаматтардың және олардың мүдделерінің теңбе-тең өкілдігі болу проблемасы болып табылады. Мемлекеттің кызметін аймактық және жергілікті деңгейге көшіру маңызды болып отыр. Мұның өзі атап айтканда аймаңтардың ңаржылай дербестігінің артуымен, мемлекеттік биліктің орталықсыздануымен, ал ең бастысы мүдделі ңүрылымдардың жастарға, оның жекелеген топтарына нақты жетуге ұмтылуымен байланысты.
Жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларын да қысқа мерзім ішінде көп ілгерілеген Испания мен Португалияның тәжірибесі тартымды. Жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларын белгілеп, жүзеге асыру
тетігінің негізгі буындары Португалияда муниципалдқы округтер, ал
Испанияда автономиялы облыстар болып отыр. Ал аумақтық -базалық деңгейде
оны тікелей үжргізушілер тиісті округтер мен облыстардың басшылығы
қалыптастыратын комиссиялар мен жастар істері жөніндегі басқармалар. Бұл
елдердің Жастар істері жөніндегі мемлекеттік комиссия (Пор тугалия) және
Жастар институты (Испания) болып табылатынқ ортгалныдары
жалпыұлттық зерттеулер мен әртүрлі шараларды үйлестірумен, өткізумен, жас азаматтардың құқықтарын заңнамалык қамтамасыз етумен шұғылданады. Мұның өзі аймактардың тән сипатын, өзгешеліктерін, экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлерін неғұрлым толық ескеріп, жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шараларын көпсалалы және нақты етіп қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеру шаралары субъектісінің рөлін жас азаматтардың өзі атқарады: жас азаматтардың бұл мәртебесі республикалардың конституцияларында заңдық тұрғыдан бекітілген және олардың қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларына қатысуының сипатымен және маңыздылығымен дәлелденеді [60, р.53].
Әрбір қоғамның ілгерілеуі реформалардың жүзеге асырылу үдерісіне жастар өкілдерінің қатысу дәрежесімен анықталады.
Әлемдік қоғамдастық өткен ғасырдың 80-ші жылдарында тап бғоалн дағдарыстық ахуалдарды еңсерудің жолдары мен амалдарын іздестіру барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралың гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясы өзгерістер факторларының арасында (жаңа мемлекеттермен, қоғамдық, қозғалыстармен, казіргі технологи ямен, трансұлттық кооперациямен және т. б. қатар) ілгерілеудің нақты және елеулі күші деп алғаш рет жастарды атап керсеткені әлдеқалай емес. БҰҰ құжаттарында ғаламшарда жастар санының көбеюіне орай олардың қоғамның калыптасуының ең қуатты факторы болатыны, жас азаматтардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымдарды құрайтыны, мәдениетті дамытудың факторы болатыны атап көрсетілді. Мұнымен катар Комиссия жастарды әлемдік қоғамдастықтағы ықпалы неғұрлым кем және өзгеше осал, өміріне қауіп, ал игілігіне қатер төніп отыратын топтардың бірі деп мойын - дады. Жастарды өз айла -шарғысына пайдаланушылық бар. Әлемнің көптеген елдерінде жас азаматтардың қоғамнан, мемлекеттен, саясаттан жатсынуының айғақтары аз емес. Олардың катарында түңілушілік, ашу-ызаның күшеюі, агрессияшылдык байқалады. Мұның өзі әлемнің көптеген аймақтарында саяси орнықтылық пен қоғамдық тәртіпке елеулі катер болып табылады [88, р.130].
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.
Европада азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен тұлғаи жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.[91]
Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi.
Билiк пен азаматтқы қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.
Демократиялық, құқықтық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi.
Қоғам демократиялық, құқықтық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл- ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.
Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуымен тұлға, жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.
Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi.
Билiк пен азаматтқы қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады. [92].
Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор» елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi. Мемлекеттiң демократиялық, құқықтық жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осы бейүкiметтiк ұйымдар арқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады.
Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс
тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жағластыру керек. Біздің пікіріміз — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:

  • экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас;

  • тұлғалардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;

  • заңды, демократиялық, құқықтық билік;

  • ақпаратқа бостандық беру;

  • заңның, соттың алдында тұлғалардың теңдігі болу;

  • таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;

  • тұлғалардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту [93].

Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде- мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - тұлға. Тұлға - қоғам кұрылымының негізгі элементі - діңгегі. Тұлғалардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың ара қатынастары — азаматтық қоғамның элементтері.
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе - объективтік ұтрғыдан қалыптасқан тұлғала рдың
бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — тұлғалардың өзара, бір-бірімен байланысық,атынасы; үшінші тобы — қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.
Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылқытар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке тұлғалар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу те к заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.
Рухани-мәдени жүйесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, тұлғалардың денсаулығы.
Ақпараттық жүйе - осы қапараттық бағыттағы барлық ұйымдар,
бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілуі кажет.
Осы көрсетілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құкық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғарғы дәрежеде болуы.
Азаматтық қоғамның белгі - нысандары: [94]

  • тұлғалардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының қамтамасыз етілуі;

  • қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық кұқықтарының болуы;

  • азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде- мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға кұқықтарының болуы;

  • жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;

  • азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.

Сонымен азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамы п, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына тқолымүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - тұлға және тұлғаның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Тұлға қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай, бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Тұлға Смит, Давид Рикардо, ал оған саяси сипаттама берген Гегель. [95] Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша — қоғам саналы тұлғалардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі тұлғалардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке тұлғаның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде тұлғалардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке тұлғаның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К. Маркс қысқаша: «Қоға м — тұлғалардың өзара еңбек жасауының одағы»,- дейді. [96]
Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам - саналы тұлғалардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде
ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Тұлға - қоғамның бірінші клеткасы.Қоғам - тұлғалардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл
бірлестік, ұбл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-
қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып тұлғалар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды. «Тұлғалар өз тарихын өздері жасайды, - деп жазды Маркс, - бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады» [97].
Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:

  • саналы тұлғалардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;

  • қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы;

  • тұлғалардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;

  • қоғамдық мүдде-мақсат, тілек арқылы қарым-қатынастарды реттеп -

басқару;

  • қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.

Демократиялық, құқықтық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi.
Азаматтық қоғам демократиялық, құқықтық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық, құқықтық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi.
Демократиялық, құқықтық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) тұлға мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау болып табылады [98].
Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке тұлға мен мемлекет арасында делдал болу.
Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Тұлға әлеуеттi, азаматтардың iскерлiгiн жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрi қалыптастыру негiзiнде ғана Қазақстанды өмiр сүру сапасының стандарттары жоғары, қ азiргi заманғы, серпiндi мемлекет ретiнде дамытуға болады.
Саяси мәдениеттің өзгешелігі қоғамдық топтардың экономикалық және әлеуметтік құрылымдарының жағдайларының өзгешелігінде, білімділік, жас
өзгешелік және тағы басқа да белгілеріне байланысты. Мысалы, кейбір өзгешеліктер әйелдердің субмәдениетіне тән. Сонымен қатар әдебиеттерде байқалғандай Батыс елдерде бұл субмәдениетті сипаттайтын консервативті бағыттар ұйым мен партиясын қолдауға бағытталған осындай көп таралған құбылыс, сондай-ақ қоғамдық қозғалысқа қатыстырылған еркектермен салыстырғанда әйелдердің әлеуметтік түйісуінің біржақтылығының аздығы айқын дәрежеде ескертіледі.
Жастар субмәдениеті біраз өзгешелікпен өзгешеленеді. Жастарға өзгеше әлеуметтік топ ретінде эмоционалдыұртақсыздық, максимализ м, көтеріңкі қозғыштық пен жете түсініксіз психологиялық реакцияларға шалдыққыштық, өзін-өзі бағалау мен бақылау функция жүйесінің аяқталмағандығы тән. Кімнің мінез-құлқы немесе партиялық-саяси ұқсастығы төтенше ширақтықпен болжай алмайтын қабілеті болса, сондай психологиялық өзгешеліктер оны ең «қиын» саяси субъектіге айналдырады. Жастар жңеіл сендіру ықпалына түседі, саяси саудагерлік пен манипуляциялықтың құрбаны болады. Жастар субмәдениетіне
нонконформизм, радикализм, үкштің, діннің басымшылық болуы, өм ірдің
сапасы менқатысу мүмкіндігі ретінде құндылықтардың басым болуы тән қасиет. Аға буынға ең үлкен құндылық тұрақтылық, дәстүр, тәжірибе, материалдық молшылық пен ауқаттылық болып табылады [99].
Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп - білуге тұлғалардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саясиғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық – саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттық сыр – сипатын, басқа тұлғалардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат – мүддесін білдіріп, онықорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық, құқықтық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді.
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық, құқықтық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық тұлға түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды.
Десе де, мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат

  • мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналығы мен белсенділігіне байланысты. Тұлғалардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен - өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды қоып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды сындарды сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің субъектісі болуүшін жүйелі түрде саясат теорияс ын игеріп, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып – үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Біздің заманымызда кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр

тұлғаға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрақты тіршілік еткендіктен басқа тұлғалармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ тұлға саяси істерде амал – айла, қулықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Азаматтардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір тұлғаның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адами қабілеттерге қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен
сақтандырады. Сондықтан ұтлғаларды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде
өркениетті өмір сүруге тек жеке тұлға ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс. [100]
Жеке тұлғалардың саяси белсенділігі мен ықпалы әр түрлі. Жеке тұлғаның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Тұлғаның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық – құқықтық заңда айқындалады. Тұлғаның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттан қарапайым демократиялық, құқықтық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдың әлеуметтік – мәдени, саяси – құқықтың алғы шарты қажет. Ең алдымен, тұлғаның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Білімді тұлғаның мәдениеті жоғары болады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғышарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық, құқықтық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саясатта жеке тұлғаның мәдениетінен басқа негізгі орын алатын жән е мәні өте зор мәселелердің бірі – жеке тұлғаның құқығы мен бостандықтары. Жеке тұлғаның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамассыз ететін тұлғалар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке тұлғаның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен тұлғалардың арақатынасының принциптері жатады. Мәдени құқық тұлғаның рухани дамуынөрбітіп өрістеуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.
Тұлға құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет.
Жас азаматтардың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы тұлғазаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, елге қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси
мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, мемлекетіміз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз тұлғалардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласыпқ, оғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да тұлға құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тұлғаның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық, құқықтық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады.
Жеке тұлғаның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жақтан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.
«Қазақстан азаматтарының хал-ахуалын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Елбасының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына

жолдауында ел Президенті
ӘН.Н.
азарба ев былай деп атөатпеді - «Жас

кәсіпқойлар елде болып жатқан процестерде өз орнын табуы, болашақтың құрылысына белсенді қатысуы тиіс» [1]. Мемлекет істерін басқарудағы жастардың кәсібилігі мен белсенділігінің жоғары маңыздылығы, оны саяси жүйені және азаматтық қоғамды дамыту процесіне қосу тұрғысында әрі қарай маңызды рөл беріледі.
Қазіргі жастар – бұл егеменді Қазақстанның толығымен қалыптасқан бірінші ұрпағы, ол 1980 жылдардың соңы – 1990 жылдардың басындағы кеңес жастарынан маңызды сапалы түрде ерекшеленеді. Осы кезең ішінде жастарға қойылатын талаптар да өмір шарттары да өзгерді. Егер 1990 жылдардың
басында-ортасында өкпшілігі үшін тірі қалу бастысы болса, бүгінде –
қазақстандық қоғамды игеру және оның даму мүмкіндіктері туралы сөз болады. Осының барлығы жастар және жастар саясатын зерттеу стратегиясын түзеу қажеттілігін айтады. Бұдан басқа, саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тек түзеуді талап етпейді, керісінше жастарға қатынастың жаңа үлгісін және азаматтық қоғам жүйесіндегі жастар саясатын дамытудың жаңа нысандары саласындағы зерттеулерге де сәйкесінше жаңа үлгіні талап етеді. Бұл ретте жастарды қолдау ересек өмірге бейімделуі деп аталады, онда әркім өзі үшін, өзінің жақындары және өзінің елі үшін жауапты – ол мемлекеттің негізгі міндеті.

Зерттеу әмселелерін өзектілендіруді растауға отандық саясаттану,
әлеуметтану және тарихтағы аталмыш мәселені сол немесе өзге дәрежеде
зерттеуді өрксететін отандық ғалымдардың ғылыми диссертацилары
талқыланды. Бұл негізінен жастар саясаты және саясаттану саласындағы ғылыми еңбектер. Л.Ю. Зайниева «Мемлекеттік жастар саясаты: әлемдік тәжірибе және Қазақстан», Д.А. Калетаева «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру контексінде жастар бірлестіктерімен мемлекеттің өзара байланысы», Ш.О. Омарова «Жастар ортасындғаы саяси үдерістер», А.А. Нұрмағамбетова «Жоғары білім беру жүйесінің контексіндегі Қазақстан Республикасындағы білім беру саясаты», Г.Н Шойкина «Қазақстан жастарының саяси мінез-құлқының ерекшеліктері», А.Х. Габжалилова
«Қазақстандық қоғамды демократияландыру контексіндегі тұрғындардың азаматтық мәдениетінің қалыптасуы», Л.И. Пухович «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпараттың баспа құралдарындағы патриотизмді қалыптастырудың мемлекеттік саясаты»; әлеуметтануда:
Г.С. Әбдірайым ова Қ«азақстандық қазіргі қоғамдағы жастардың
құндылықтық бағдарлары жүйесі; әлеуметтік талдау», Ш.Н. Жаманбалаева
«Қоғам және жасөспірім; девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік аспектісі»; К.А. Жакенова «Қазақстандағы мемлекеттік емес жоғары білім берудің да муы; әлеуметтік талдау»; тарихта: М.З. Нигматулина «Республикадағы демократиялық түрленулерді жүзеге асырудағы Қазақстан жастарының рөлі (1991-1995 жж.)», О.А.Құрамысова «Қазақстанның жастар саясаты: тарихы, тәжірибесі, қазіргі уақыты» және т.б. Аталмыш ғылыми жұмыстарды талдау отандық болсын, шетелдік ғылыми саяси ой болсын дамуына жастардың қосылу аспектісі толығымен зерттеліп, ұсынылмағанын растайды.
Бұл отандық және шетелдік саясаттану зерттеушілер кадрларының және жастар және жастар саясаты мәселелер іне зерттеулердәі зірлеушілердің жеткіліксіздігінің орын алуымен түсіндіріледі. Дегенмен кейбір оппоненттер
жастар саясатынңы зерттеушілерін әлеуметтік -гуманитарлық бағыттағы
ғылымның дербес құрылымы еместігін сынға алады, осы саладағы кәсіпқойлардың жоқтығы саясаттанудың аталмыш бағытының ғылыми идеяларының ала теріс екендігі байқалады.
Трансформациялық процестер қарқынды келе жатқан қазіргі шарттарда саяси жүйе модернизацияланады, жаңа азаматтық қоғам, жастар саясаты саласындағы мамандармен өзіндік ғылыми мектептқі алыптастыру және дамытудың мәні қалыптасады, ол уақытпен берілген, ойлау тәсілі бойынша интеграцияланған. Ал бұл үшін кейбір ғалымдардың, мамандардың, практиктердің пікірімен келісе отырып, ғылымдағы ұрпақтар сабақтастығындағы алшақтықты болдырмауға жағдай жасайтын барынша маңызды зерттеу және практикалық тәжірибесі керек. Елде мысалы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы стратегиялық бағыттар және жастар мәселесін зерттеу бойынша тұрақты орталықтандырылған қаржыландырумен, мысалы Жастар институтын құру, сондай -ақ оны азаматтық қоғамға қосу
оларды өркениетті шешуді қамтамасыз етудің, жас ұрпақтың көптеген мәселелерін шешудің барабар қадамы болып табылады.
Осындай институттардңы халықаралық тәжірибесі бар. Әсіресе
Еуропадағы жастар мәселелерін шешу, атап айтқанда Германия және Ирландия тәжірибесі тартымды болып отыр. Жастар мәселесі бойынша Дүниежүзілік баяндамада келесі бақйалады «соңғы онжылдықта үш есте қаларлық оқиға болды, ол жастардқыоғам өміріне және оларды оған қатысуындағы өзгерістерге алып келді. Біріншіден, қоғамдағы жастардың рөлі жаңа жаһандық жастар саясатының ықпалымен өзгерді, олардың ішіндегі маңызды күштердің бірі бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады және бұл мәдениет өзінің

туындауымен жңа дамуына міндетті.
ақпараттық -коммуникациялық технологиялардың тез

Екіншіден, сонымеқнатар ұлттық және халықаралық қарулы жанжалдардың үлкен саны орын алған, оған жастардың көпшілігі қатыстырылған. Және ең соңында, тұрғындардың қартаюы ұрпақтар арасындағы қатынастар үшін маңызды салдарларға ие.» [102]. Аталмыш

факторлар жастарды азаматтқы өзектілендіреді.
қоғамның жүйесіне тиімді қосу мәселесін

Осы тарау жастарды азаматтқы қоғамның және оның институттарының дамуына қосу (қатыстыру) мәселелерін зерттеуге, сондай -ақ аталмыш мәселелерде оны өзектілендіру бойынша ғылыми негізді ұсыныстарды әзірлеуге арналған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет