шет мемлекеттермен екі жақтық қол қою жоспарлары мен қол қойылған келісімдер негізінде;
халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру.
Саясат пен мәдениеттің арақатынасы қандай? Әрине, бұл екеуінің терең негізіндегі бірқатар бірлігі мен өзара ұқсастықтары бар: екеуі де билік етудің өлшемі ретінде әрекет етеді. Мәдениет адамның табиғатқа үстемдігінің нәтижесі, оның субъективті өзіндік әлемі болса, саясат адамдардың қоғамдық қатынастағы басқа адамдарға үстемдігінің нәтижесін көрсетеді. Мәдениет билікті ақтару тәсіліне әсер етеді, ал оның дамуы өзгерістерге тәуелді. Мәдениеттің саясатқа әсер етуінің негізгі саласы ретінде саяси өмірге қатынасуға мүмкіндік беретін адамдарды әлеуметтендіру, құндылықтар жүйесін жасау және енгізу, жүріс-тұрыс үлгілерін, институт бітімдері мен әлеуметтік жүйелерді қалыптастыруын көрсетуге болады. Дегенмен, бұл екі құбылыстар әрекет ету мен қызмет атқару салаларына қарай бөлінеді саясаттың мәні билікті дамыту мен өзгерту болса, мәдениеттің мәні тұлғаны дамыту мен өзгету болып табылады. Екі ұғымының өзіндік өзгешеліктері мен сәйкес
еместігін ескере отыра, олардың бірлігі саяси өмірді реттеу тәсілінің тарихи дамуға тәуелділігін, олардың адамның іс-әрекеті нәтижесінде пайда болуын көрсететін «саяси мәдениет» ұғымымнан көрінеді. Саяси мәдениеттің мақсаты қоғамдық ғылымдардың саяси белсенділігін арттыру немесе, шартты түрде айтқанда, демократиялық саясатты басқа елдерге тарату және осы негіздегі құндылықтарға тәрбиелеу арқылы оны орнықтыру болып табылады. Адамның саяси санасындағы көріністер өз уақытында шынайы әлеуметтік-саяси салдарға байланысты бастайды. Қазіргі жастар санасының жай-күйін әлеуметтік әдіспен зерттей келе, олардың рухани өмірін, жастар түсінігінің деңгейі мен аясына назар аудара отырып, олардың кел ешектегі әрекетін сенімділікпен болжауға болады. Жастар арасындаөткізілген әлеуметтік зерттеулер жастардың саяси санасын құрайтын элементтерді ашуға мүмкіндік береді.
Қазақстан саясаттанушысы С.А.Дьяченконың пікірімен келісуге болады:
«Бүгін, қазақстандық қоғам өмірінде адам санасы мен тәртібі жеке көріністер ерекше маңыздылыққа ие болғанда, әлеуметтік саяси құрылымның өзі рухани әлем, үрдістердің жағдайына байланысты болады. Уақыт талаптарына сай тұлғаның саясатқа қатынасын, ол қатынаста нақты саяси құндылықтар, нормалар жекелеген ғдабраламалар болуы жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуының өзекті мәселелері әрі қарай ұғынуды талап етеді [147].
Бүгінгі күні Қазақстанда түрлі бағыттағы 720-дан артық жастар ұйымы қызмет етеді, олардың жұмысына 1,2 млн. жас азаматтар араласады. [148]
Жастар ұйымдарының дамуында келесі үрдістер байқалады:
біріншіден, соңғы уақытта байқалып жатқан қарқынның төмендеуіне қарамастан, жастардың саяси ұйымдарының сандық өсу үрдісі орын алып отыр. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық өмірде аталғ ан ұйымдарға қажеттіліктің бар екендігін және олардың ролінің артқандығын дәлелдеген болатын;
екіншіен, жастардың саяси ұйымдарына қызметіне араласатын азаматтардың санының артуы;
үшіншіден,жастардың саяси ұйымдарының сапалық жағдайы түбегейлі өзгере бастады.
Жастардың саяси ұйымдарының қызметінде бірқатар өздеріне тән ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:
Аталған ұйымдардың көпшілігінің атқаратын қызметі конъюнктурлы сипатқа ме болады. Олардың белсенділігі тек ірі саяси сипатқа ие болатын оқиғалар алдында (сайлау және т.б.) ғана басталмай, сонымен қатар елде орын
алатын үкрделі саяси үдерістер басталуы кезінде де (ұлттық бірлік
Доктринасын, ҚР Кедендік одаққа кіруін және басқа да оқиғаларды талқылау ) көрінетіні бетке ұстар қабілеті бола алады. Өз іс әрекетін перманентті көрсететін жалғыз ұйым бұл «Жас Отан» ЖҚ;
Көптеген ұйымдардың жастар арасында танымлдылығының төмен болуы. Бұл аталған ұйымдардың жастардың күрделі әлеуметтік сұрақтарына жауап қайтаруына қажетті құралдарының болмауымен түсіндіріледі;
Жастар ортасында,
үбкіл ел аумағында танымал болатын, айтарлық
көшбасшыларының болмауы.
Сонымен қатар бірнеше кемшіліктерді де атап өтуге болады:
Ірі саясиұйымдардың доминантты болуы және жаңадан пайда болып жатқандардың өміршендігінің қысқа болуы (жыл сайын көптеген бір күндік жастардың саяси ұйымдары құрылады);
Жастар ұйымдарының саяси партиялармен әлсіз байланысы, нәтижесінде олардың өз қызығушылықтарын шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру кезеңіне дейін лоббилау мүмкіндігінің болмауы;
Жастардың ұйымдары әлеуметтік
ұтрақтандыру мен жастардың
қызығушылықтарын итермелейтін қызметтерді атқаратын, жүйелі интеграцияланған қоғамдық құрылымдар сипатын алмайды.
Ірі жастардың ұйымдары қаржыландырудың негізгі бөлігін «алып қояды»;
Жастардың саяси ұйымдарының белсенді мүшесі – студентттік жастардың өкілдері, ал ауыл жастары өз кезегінде қатыспай сыртта қолады.
Негізіне келетін болқс, а жастардың ұйымдары жастармен болсын, мемлекетпен деөзара араласу деңгейі төмен. Жастрадың саяси ұйымдары қоғамның шынайы әлеуметтік құрылымын көрсетпейтіндігін атап өтуімізге тура келеді; жастардңы саяси ұйымдарының көбісі жастардың көпшілік бөлігінің қызығушылықтарын көрсетпейді, өз іс әрекеттірінің нақты бағыт бағдарларын құрмаған, біреудің мақсатына жету жолындағы құрал болып қала береді.
Қазақстан үшін өткір проблема — жастармен жұмыс істейтін кадрларды даярлау және қайта даярлау. Әңгіме мақсатты бөлімшелердін қызметкерлері туралы ғана емес, сонымен қатар өздерінің негізгі бағыттары тұрғысында
мемлекеттік жастар саясатын үжзеге асыратын министрліктер мен
ведомстволардың қызметкерлері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер туралы, сондай-ақ әлеуметтік қызметтердің қызметшілері туралы болып отыр. Жастар көшбасшыларын да, белсенділерін де оңыту талап етіледі. Бұл орайда шетелдік тәжірибені, әсіресе Ресей мен Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесін пайдалану қажет болады. [149]
Жастармен жұмыс үшін база қүрайтын тағы бір схеманы таңдап алуға болады. Мәселен, ірі қалалардың әрбір ықшамауданында жас тармен тұрғылықты жері бойынша жүргізілетін жұмыстың барлық түрлерімен: мәдени- бұқаралық және спорт шараларын өткізу, жорықтар, экспедициялар ұйымдастыру және т. б. шұғылданатын жастар-жасөспірімдер клубын ұйымдастыруға болар еді. Мұндай клубты жергілікті жұртшылыққа, жастар бастамашылык,тарына, учаскелік милиционер мен осңышамыауданда орналасқан мекемелердің қолдауына сүйенетін ұйымдастырушы-педагог басқарғаны дұрыс.
Екінші басқыш: әрбір аудан орталығында (ауданға бөлінбейтін болса — қалада ) ең болмағанда жастардың кешенді бір орталығын құру кажет. Оның құрамына жастарға арналған ақпарат және қүжаттама орталығын, жастар еңбек биржасын, әлеуметтік -пси хологиялык консультациялың пунктті, жастардың
мәдениет орталығын, сондай-ақ жастар саясатын жүзеге асыратын баска да бөлімшелерді енгізген жөн.
Аудандық не қалалық әкімшіліктің құрылымында жастар істері жөніндегі комитет болғаны дұрыс, ол жергілікті деңгейде жастар саясатының жүзеге асырылуын басқарумен, барлық ведомстволардың бұл мәселедегі жұмысын үйлестірумен шұғылданады. Негізгі міндеттердің бірі жалпықалалық және жалпыаудандық жастар іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, бұл жұмысқа жастар ұйымдарын тарту болар еді [150].
Шағын қалаларда жастармен жұмыс елеулі проблема болып отыр. Өндірістің күйреуі бірталай проблемалар әкелді. Көші-кон үдерістері тағы бір жағдайды да асқындырды. Шағын қалаларда еңбекке қабілетті халык саны едәуір азайды. Казакстан Үкіметі “Шағын және орташа қалаларды дамыту
проблемалары туралы” каулы кабылдады. қАтйамрдаа перспективасыз
ңалалардың төңірегіндегі жұмыс жанданды. Әйтсе де шағын қалалардың бәрінде бірдей тіршілік жолға қойылды деуге әлі келмейді. Қайта өрге бастыру үшін уақыт пен каржы ғана емес, сонымен бірге соны идеялар мен көзқарас түрғылары кажет. Жергілікті ресурстарды пайдалану өндірісгі әртараптандыру ңажет және осының бәрінде жастар туралы ұмытуға болмайды [151].
Мемлекеттік жастар саясатын үжзеге асыру үшін сындарлы органдар қажет. Ұлттық жалпымемлекеттік деңгейдегі жастар саясатымен қатар аймақтық жастар саясаты тетіктерінің икемді де барынша тиімдіүйжесін өрістету қажет. Республикалық деңгейде жетілдірілгеннен кейін жастар саясаты біртіндеп жергілікті жер ге баруы тиіс. Жекелеген аймақтар мен облыстардың дамуының ерекшеліктері, олардың дербестігінің, соның ішінде қаржы дербестігінің артуы осындай көзқарасты талап етеді. Жастар ортасындағы өзгерістерді, осыған сәйкес жігіттер мен қыздарға қатысты жұмысқа әртүрлі мүдделі қүрылымдардың жаңа көзқарастарын жедел аңғарып отыру, олардың қызметіне ықпал жасау, әрбір жас адамның өз даму жолын дербес таңдауы үшін жағдай жа- сай отырып, жастармен тікелей байланыстардыүзежге асыру мүмкіндіктері нақ осы жергілікті жерлерде болады.
Мемлекеттік жастар саясатыүнзегже асырудағы неғүрлым өткір мәселелердің бірі оны ңаржыландыру болып отыр. Бюджеттік ңаржыландыру әр кезде бірдей тұрақты емес, бөлінетін қаржылардың көлемі жеткіліксіз. Мемлекеттік жастар саясатының қаржыландырылуына және оның материалдың базасын дамытуға жағымсыз ықпал етіп отырған факторлардың бірі жастар саясаты шығын көп жұ мсалатын, бөлу саясаты, ол жас адамдарды өзін -өзі қамтамасыз етуге және өндірістік қызметін дамытуға ынталандырмайды дейтін қоғамдық пікір бар. Сондықтан мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру мәселесі арнайы және терең зерттеуді талап етеді. Бюджеттік қаржыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес негіздердің қаржыларын тарту, жастарды кредиттеудің толың жүйесін жасау қажет болады. Бұл кредиттеу жүйесі түрғын үйге, баланың тууына, білім саласына ғана емес, сонымен қатар жас үрпақтың өмірлік қарекетінің басқа да маңызды құрамдастарына қатысты болуы тиіс.
Жастар ұйымдарын жүйелі де пәрменді қолдау мәселесі зерттеуді талап
етеді. ңЕ бастысы жастар ұйымдарының жұмысы мемлекеттік жастар
саясатының шеңберіне етене кірігіп, республикадағы қолданымдағы заңнамаға
қайшы келмеуі керек. Мемлекеттңі бұл бағыттағы қызметі тек пайда ғана
әкелмек деп ойлаймыз. Бұны диссертациялық жұмыста келтірілген халықаралық тәжірибе көрсетеді.[152]
Соңғы жылдары жастар проблемалары мемлекеттік органдар мен үкіметтік
емес ұйымдарда жиі талқыл анатын болды. Біздңі көзқарасымызша, мұндай
жағымды өзгерістер тыңғылықталып, ережеге айналуға тиіс. Жастардың жағдайы мен олар жөніндегі саясат туралы баяндамалардың мемлекеттік деңгейде талкыланып, орындалуға тиісті пәрменді шешімдер қабылдануын тұрақты практикаға енгізу кажет. Мұндай шаралардың республика аумағында жүзеге асырылуы жастардың жағдайы және жастар саясаты туралы жыл сайынғы баяндамаларды дайындау мен тиісінше талқылауды республиканық аудандары, қалалары, облыстары деңгейінде жүргізуге және о сы үдерісті бұқаралық аппарат құралдарында көрсетуге мүмкіндік береді.
Жастарды дамыту, мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру проблемаларын талқылауға арналған, жұрт шылықтық көрнекті өкілдері,
ғалымдар, практикалық қызметкерлер және сөзсіз жас адамдардңы ездері
қатысатын ғылыми конференцияларды, симпозиумдарды, басқа да шараларды жүйелі түрде өткізіп отырған жөн.[153]
Республика жастарының жағдайын, мемлекеттік жастар саясатының нәтижелерін үнемі талдап, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, бұл саладағы проблемаларды анықтау қажет. Жастарға және мемлекеттің жастар саясатына, осы саладағы халықаралық ынтымақтастыққа арналған жарияланымдарды, радио- және телевизия бағдарламаларын жүйелі түрде дайындау қажет. Орталық баспасөз органын және жастарға арналған телевизия арнасын құру, республика жұртшылығын жастар туралы және олармен жұмыс ту ралы ақпараттандырудың басқа да мүмкін болатын арналарын пайдалану керек. Мұндай көзқарас тұрғысы мемлекеттік органдардың жастарға қатысты саясатты жүзеге асыру с аласындағы істің жайын, жастардың әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсы білуге мүмкіндік береді. Ұтымды басқару үшін объектінің, соның өзінде өскелең ұрпақ секілді күрделі де өзгермелі объектінің жай- күйін ерекше тыңғылықтап, егжей-тегжейлі білу қажет болатыны белгілі.
Қазақстандағы жастардың саяси мәдениетін зерттеуде осы тәсілдер әсіресе кеңінен пайдаланылады. Қазақстанның 2011-2012 жылдары аралғыындағы динамикалық саяси жағдайын ескере отырып, Қазақстандағы жастардың саяси
белсенділігіне мониторинүгр
ж гізілді[154].
өпКтеген халықаралық
сарапшылардың пікіріне сүйенсек әлемде жастардың саяси белсенділігінің бәсендеуі үрдісі орын алуда, сондықтан қазақстандық жастардың мемлекеттік органдарға деген сенім денгейін анықтау мақсатында аталған мәселе бойынша мониторинг жүргізілді.
Зерттеу барысында респонденттер мемлекеттік органңдарждәыне мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына; қазақстандық жастардың ҚР
Президентінің жылсайынғы Жолдауларының танымалдылығына баға беріп; сонымен қатар қазақстандық жастардың электоралды санасын және протесттік потенциалы деңгейінің өзгеру динамикасын зерттеді.
Біздің жазып жатқан ғылыми мақаланың негізгі мақсаты аталған зерттеуді сараптап, қазақстандық жастардың саяси санасының қалыптасу барысындағы теріс үрдістерді анықтауда жатыр.
Жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелері:
Қазақстандық жастардың 80% астамы ҚР Президентінің жұмысын тиімді деп бағалайды, сонымен қатар қыркүйек айымен салыстырғанда қазан айында сенімділік көрсеткіші жоғары деңгейді көрсетіп отыр;
Жастардың 70% астамы ҚР Үкіметінің жұмысына жағымды көз қараспен қарайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсіп, жастардың өкіметтің жұмысына риза екенін көрсеткелі жатыр;
Қазақстан Республикасының Парламентіне білдірген сенімділігі 60% құрап отыр, бұл заңшығарушы биліктің жасардың жартысынан коп бөлігінің назарын тыс қалдырмай отырғанын көрсетеді.
Жастардың жартысынан көбі Елбасының жылсайынғы Жарлығының мазмұнымен таныс;
Жастардың саяси қарсылық көрсетудің негізгі түрлері болып митингтер мен шерулерге қатысу, мемлекеттік жергілікті органдарга хат жазу, БАҚ мақалалар жариялау, халықаралық құқыққорғау ұйымдарына ұсыныс тастау болып қалып отыр;
Жастардың жартысынан көбі өткен сайлаулар тураы хабардар болып, оларға қатысып, өздерінің саяси сауаттылығын көрсетті.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде келесі амал шарттарды қолдану керек деп қорытынды шығардық:
Мемлекет тарапынан жастарменүржгізіліп жатқан жұмысты сол бағытта жалғастыра беру, бұл бағдарламаның нәтижесі жоғарыда келтірілген жастардың саяси санасы мен белсенділігінің өсуінде көрініс тауып отыр;
Қазақстандық жастардың қарсылық көрсету мүмкіндігін азайту мақсатында, алдын алу шараларын жүргізу, сонымен қатар саясатқа деген кері көз қарастары бар жастардың көп шоғырланған, шеттетілген аймақтарға ерекше назар аударып, қозып кетуі мүмкін шиеленістің латентті түрлерін анықтау үшін алдын алу шараларын жүргізу қажет;
Жастардың саяси белсенділігін зерттеу мақсатында жүргізілетін бағдарламалар мен жобаларды әрі қарай жалғастырып, ғылыми көз қарас пен эмпирикалық зерттеу нәтижелерін қоса ала жүру қажет, бұл еліміздің азаматтық қоғамға жету жолындағы үлкен қадам болады.
Қазіргі заманғы қазақстандық саяси мәдениетті динамикада қарастыра отыра келесі қорытынды жасауға болады, кеңестік саяси мәдениет өз арт ынан мықты және күрделі саяси сананың саяси мәдениетке ықпал етуін қалдырды. Өкілділіктің әлсіз және тиімсіздігін, саяси қатысудың төмен деңгейін, авторитаризм мен бюрократизм сол саяси мәдениеттің көріністері болды. [155]
Осы және басқа да қасиеттерді жаңа қалыптасқа қазақстандық саяси мәдениет сіңіріп алды. Бірақ уақыт өтіп заман өзгерді, дегенмен де сол мәдениеттің ықпалы әлі де сезіліп отыр. Қазіргі заманғы Қазақстанның саяси мәдениетінің жағдайын либералды демократиялық үлгілерге жатқызуға болмайды, оны авторитарлы – ұжымдық саяси мәдениет қатарына жатқызғанымыз дұрыс болады. Мемлекетқазақстандықтың қоғамдық өмірінде жетекші орынға ие болып отыратыны сөзсіз.
Жастардың саяси мәдениетінің жағдайы, жалпы қоғамның жағдайы сиақты, өте жоғары дәрежеде бөлшекті. Жастардың жеке дара топтары бір бірінен саясатқа деген қызығушылығымен, саяси өмірге араласу деңгейімен,
қазіргі Қазақстанның түрлі идеялы-саяси ғыамдарға берілгендігімен
ажыратылады. Бірақ аталған айырмашылықтар бүгінгі күні аса антаганизм сипатында емес және асыра түскен саясаттанулануға әкелмейді.
Жастардың саяси санасын суреттеу үрдісінде басты назар оның саяси құндылықтарына аударылды. Саясиғылымда саяси құндылық деп көптеген факторлардың әсерінен салынатын: қоғамның көпшілігіне бөлінетін құндылықтар, жекеқарапайым өмірлік тәжірибе; шындықты өз бетінше сараптау; тәрбие және білім беру жүйелері бағалылық бағдарын жобалайды. Тұлғаның құндылық бағдары өмірдің сол не басқа жақтарын маңызды немесе жанама, жақсылық пен жамандық сияқты қабылдауын анықтайды. Олар нақты саяси жағдай мен жалпы (абстракты) идеалдардың қалыптасуының соңғы бекеті ретінде қызмет етеді.
Жастық шақ—мақсаттары мен міндеттерін, адамгершілік нормаларын, қоғамдық тәртіп үлгілері мен құндылық бағдар жүйесін қалыптастыратын және анықтайтын кезең. Соңғысы тікелей түрде жастардың әрі қарай әлеуметтенуіне, әлеуметтік ортаға бейімделуіне мамандық таңдауына әсер етеді. Жас адамның санасында қалыптасқан құндылықтар жүйесі оның кейінгі жағдайын анықтайды.