ХХ ғасырдың 80 -жылының соңында қоғамды демократияландыру процесі жүріп жатқан кезде елдегі экономикалық-әлеуметтік ахуал да өзгере бастады. Осы кезңеде тарихи жағдайларға негізделген жастар мәселесін зерттеуге
арналған жұмыстар жазылды. Бұл жұмыстардың кемшілігі бола ұтрғанымен
әлеуметтік қарым-қатынастар қайта жандана бастаған кездегі оқиғалар мен процестерге түсінік беруге тырысты. Сондай -ақ, авторлардың тақырыптың зерттеу аясын кеңейтіп, жастардың әлеуметтік ахуалына терең үңілгенін атап өткен жөн. Жастардың саяси мәдениетін зерттеу кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады.Қазақстан тәуелсіздігін алысымен жастар мәселесімен қатар, саяси мәселелерге жаңа қырынан қарап зерттеу кең өріс алды. Жастар саясаты тақырыбы саясаттану, философия, педагогика , тарих,әлеуметтану ғылымның түрлі салаларында зерттеу негізі болып табылады.
Кеңес Одағында құрылған арнайы ғылыми институттар ірі зерттеушілерге жастардың мәселелерін теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізу негізінде мемлекеттік жастар саясатықнұру дың негізгі заңдылықтарын көрсетуге мүмкіндік берді. Олардың ішіндегі белгілі зерттеушілер: В.Н.Боряза, В.Т.Лисовский, И.С.Кон[4].
ХХ ғасырдың 80 -жылдары жастар мәселесіне әлеуметтану тұрғысынан
зерттеу үжргізуге көп күш жұмылдырылды. Жастардың әлеуметтік
көрсеткіштеріне де үлкен назар аударылды. Бұған дәлел ретінде Кеңестік
Социалистік Республикалар Оғыда Ғылым Академиясының әлеумет тік
зерттеулер институтында орындған «Әлеуметтік дамудың көрсеткіштері»
(Г.В.Осипов жетекшілігімен), Ө«мір сүрудің көрсеткіштері» (И.Т.Левикина
жетекшілігімен) атты қтыа рыптағы ғылыми жұмыстарды атауға болады.
Әлеуметтік жүйе көрсеткіштері мен жастардың әлеуметтік құрамын зерттеуге бағытталған С.Н.Быковтың, А.А.Матлуенистің, А.А.Мансуровтың, Л.Я.Рубинаның, З.А.Саардың, М.Х.Титманың, Т.А.Чередниченконың, В.А.Шубкинаның еңбектерін мысалға келтіруге болады. Н.М.Блинованың, С.Н.Иконникованың, Л.Н.Когеннің, В.Г.Лисовскидың, В.Л.Оссовскийдің және тағы да басқа зерттеушілердің еңбектері жастардың әлеуметтік бейімделу процестеріне арналған.
Қазіргі ресей ғылымы осы дәстүрді басшылыққа ала отырып, жастардың мамандандырылған институты шеңберінде осы бағытта өзінің зерттеулерін тереңірек дамытты. Соңғы онжылдықта мына төмендегі авторлардың жастар тақырыбына арналған көптеген жұмыстары басылды. Олар: С.И.Левикова, Б.А.Ручкин, Е.А.Гришина, В.ВПавловский, А.А.Семенов, А.И.Ковалева, В.А.Луков, Ю.Д.Шевченко, В.Л.Шейнис, Н.ВКапранов, Н.П.Пищулин, Ф.Э.Шерега, О.П.Кудинов, П.А.Шипиловңбектері сайлау кезінде саяси партиялардың қызметін зерттеді.
Жастар дамуының түрлі аспектілерін оқып үйренуде кеңестік, кейіннен ресейлік ғалымдар өзіндік үлесін қосты. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары КСРО-да жастардың саяси мәселелерін оқып үйренуде белсенділік танытқаны байқалады. Бұл кезеңде Г.Х.Шахназаров, В.Н.Топорнин, Е.М.Чекарин, Е.М.Тяжельников, И.М.Ильинский, В.А.Сулемов, Е.Г.Комаровтарңесктеік қоғамның саяси жүйесіндегі жастардың ролі, оның ішінде комсомолдардың орны, жаңа ұрпақтың саяси мәдениеті, жастар арасындағы идеологияның жұмыстың ерекшеліктеріне сараптама жасады.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақтың ұлттық демократиялық бағыттағы саяси-ағартушы қайраткерлері жастар мәселесіне барынша назар аударып, көңіл бөлген.
Жастардың біліміне, кәсіби дағдыларды игеруіне, тәрбиеге, әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы рөліне, бос уақытын тиімді өткізу мәселелеріне арналған жұмыстардың орны ерекше.
Жастар мәселесі сол уақыттағы саяси үрдістер тұрғысынан, яғни Коммунистік қоғам орнатуда жастарды коммунистік рухта тәрбиелеу, қоғамның саяси жүйесіндегі Бүкілодақтық Ленин Комсомол Жастар Одағы жастардың саяси ұйымының рөлі мәселелері қарастырылған .
Қазақстандық зерттеушілер жастар мәселелері бойынша саяси ғылымға айтарлықтай үлес қосты. Ш.О.Омаров пен Н.З.Нығматулиннің диссертациялық жұмыстары шеңберінде 1990 жылдардың ортасына дейінгі мемлекеттік тәуелсіздік алудағы тарихи кезеңді қамтитын республикадағы демократиялық жаңаруды іске асыратын Қазақстандық жастардың ролі мен жастар арасындағы саяси үрдістер зерттелді[5]. Біздің еліміздің тарихындағы ол кезеңдегі жағдай қазіргі кезден ерекшеленеді және жас буынның саяси мінез-құлқы мен жастар арасындағы саяси үрдістерде көрініс тапты.
Соңғы жылдары Л.Ю.Зайниева[6], Ж.Қ.Симтиков[7], Д.А.Қалетаев[8], Н.П.Калашникова[9], Ш.О.Омаров[10], Т.К.Бғиожанов[11], В.И.Зырянов[12], М.Қ.Бексұлтанов[13], Г.С.Абдраимова[14], Е.М.Баймуханов[15], Р.Т.Джаппарова[16], Исаев А.У.[17], , Б.Б.Бюлегенова[18], С.Ш.Мусатаев[19], Г.Н.Шойкин[20], В.А.Жексембекова[21], М.О.Иманбаев[22], К.И.Оспанов[23], К.Ж.Нугманова[24], О.А.Курамысов[25] диссертақциялжыұмыстары орындалды. Бұл ғылыми жұмыстар мемлекеттік әлемге оның тәжірибесін тарату, бала құқығын қорғ ауда мемлекеттік саясатқа, жастар ортасында саяси - мәдениеттің қалыптасуы, жастар мәселесінің саяси аспектісі тақырыбына арналған. Сонымен қатар, А.Н.Тесленко еңбегінде жастар саясатының
педагогикалық аспектілері, ал А.С.Сәрсенбаев, Г.Т.Телебаев, А.Т.Шайкенованың ұжымдық монографиялары мен мақалаларында жастарды әлеуметтік зерттеу нәтижесі қарастырылған.
Зерттеліп отығран мәселенің күрделілігін ескере отырып, зерттеуге арналған материалдар мен әдебиеттерді негізгі топтарға бөлуге болады: Бірінші топқа саяси мәдениеттің концептуалды негіздерін салған ғалымдардың еңбектерін. И. Гердер, Г. Алмонд[26], Л. Пай, Верба, Дж. Пауэлл[27], Р. Роуз, Д. Каванах, У. Розенбаум, М. Дюверже и Р.-Ж. Шварценберг[28] сиқаты ғалымдар саяси мәдениеттің құрылымын, қызметін, типологиясын сараптады, саяси мәдениет акторларының бағытын, жүріс -тұрысын және ұйымдасуын зерттеді.
Екінші топқа жастар субмәдениетінің мәселелерін зерттеген ғалымдарды жатқыздық. Шетелдік ғалымдардың ішінде Коэн, К. Мангейм, М. Мердок, У.Б. Миллер, А. Токвиль, Дж. Локк, Ч. Рейч, Даймонд, Р. Дучке, Д. Кон-Бендит еңбектерін ерекшелейміз, олар саяси және әлеуметтік жүйелердегі жастар субмәдениетінің орны мен ролін қарастырды.
Үшінші топқа Қазақстанның жастар саяси мәдениетінің мәселесімен айналысатын ғалымдардың еңбектерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы жастар саясатының қалыптсуы мен жүзеге асыруын зерттеген еңбектерді жатқызамыз. Симитков Ж.К., Бексултанов М.К., Шойкин Г.Н., Зайниева Л.Ю., Исаев А.У., Қалетаев Д.А., Бигожанов Т.К., Омаров Ш, Зырянов В.И.
Зерттеушілердің төртінші тобы аз мөлшерде зерттелген жастардың саяси мәдениетінің азаматтық қоғам институттарына және олардың жастардың саяси мәдениетіне әсерін зерттейтін саясаттанушылардың еңбектері. Нугманова К.Ж., Калашникова Н.П., Иманбаев М.О., Оспанов К.И., Шалабаев Ж.А.