Клетканың созылып өсуіне, біріншіден, осмос эсер етеді. Ауксиннің эсерінен клетканың қабығы созылғыш болады, оның протоплазмаға эсер ететін қысым (Р) күші азаяды. Клетканың су сорғыш күшінің формуласы:
S= к - Р,
к - осмостық қысым, Р - тургор қысымы. Тургор қысымы азайып, клетканың сорғыш күші (S) ұлғаяды. Клеткаға кірген су үлкен вакуоль құрайды. Клетканың қабығы созылады.
Ауксин целлюлозосинтазаға жэне басқа ферменттерге эсер етіп, клетка қабығының синтезін ынталандырады.
Ауксин целлюлозосинтазаға жэне басқа ферменттерге эсер етіп, клетка қабығының синтезін ынталандырады.
Клетканың созылып өсуіне фитогормондар да эсер етеді.
Клетканың созылып өсуінен кейін жіктелу (дифференциациялдану), даму процестері жүреді.
Дәнді-дақылдардың тамырларында және колеоптильдерде эмбриондъщ аймагы жэне созылып өсу аймагы анық көрінеді. Сабақтың ұштарында осы аймактар анық бөлінбеген.
Протоплазманыц өсуі.
Клетканың қүралдары (пропластидтер, митохондриялар), мембраналар жэне клетканың заттары (ДНҚ, РНҚ, белоктар, липидтер, т.б.) екі есе көбейеді. Протоплазманың өсуі келесі процестерден тұрады:
ДНҚ репликациясы —*■ РНҚ —> фермент (белок) —* өнім. Өнім дегеніміз - протоплазманың заттары мен құрылымдары.
Өсу төбешігінде
Протоплазманың өсуі 15-20 сағат жүреді. ДНҚ репликациясы 4-8 сағат жүреді. Протоплазманың өсуі тоқтағанда клетка бөлініп, эмбриондьіқ болып қалады немесе созылып, өсіп бастайды да тиянақты (ұдайы), белгілі ұлпаның клеткасына айналады. Эмбрионды клетка бөлінген жағдайда протоплазманың өсуі екі митозбен тежеледі. Екі митоздың арасындағы фаза интерфаза деп аталады. .
Клетканың дифференциациялануы, жіктелуі
Даму барысында біртекті клеткалардан құрылуы, құрамы жэне қызметі эртүрлі клеткалардың, соның негізінде эртүрлі ұлпалардың, мүшелердің пайда болуы, эмбриондық клетканың тұрақты, белгілі ұлпаның клеткасына айналуы. Клетканың специализациясы ұлпалардың жэне мүшелердің биохимиялық жэне құрылымдық ерекшеліктерімен байланысты