Жасуша өсуінің ерекшеліктері



бет3/5
Дата11.02.2023
өлшемі0,69 Mb.
#66999
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 срс Бекетова

Дедифференциациялдану

  • Клетка дифференциациялданған күйінен тағы да бұрынғы эмбриондық қалпына келеді, каллус түзіледі. Бұл қасиет ұлпа өсіруде (ұлпаны жасанды ортада өсіру) пайдаланады. Оқшауланған клеткалар мен ұлпалар арнайы ортада ғылыми зерттеу жэне шаруашылық мақсатта өсіріледі. Бір клеткадан өсімдік өсіруге болады. Бірақ кейбір клеткалар дедифференциациялануға келмейді, мысалы, ядросы жоқ өткізгіш шоқтардың клеткалары.

Өсуге сыртқы ортаның әсері.

  • Жер шарының әр түрлі аймақтарында климаттық жағдайлар, топырақ құрылыстары мен химиялық құрамдары, жылдың жылы және салқын маусымдарының ұзақтығы мен ара-қатынасы, температура айырмашылықтары, т.б. біркелкі емес алуан түрлі болып келетіндігі белгілі.
  • Осыған байланысты жер бетінің әр түрлі аймақтарында өніп өсетін жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде көптеген ерекшеліктер байқалады.
  • Өсімдіктердің табиғатта таралуы олардың шыққан тегіне байланысты. Мысалы оңтүстік аймақтарда жылу сүйгіш қысқа күндік өсімдіктер, солтүстік аймақтарда ауа райының салқындығына бейімделген ұзақ күндік өсімдіктер тараған.Белгілі географиялық аймақтың бөлшектерінде өсімдіктің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты ылғал сүйгіштер су қоймаларына жақын, көлеңкеге төзімділері орман шымылдықтарында өніп өседі.

Фитогормондар, өсімдіктер гормондары

  • өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар. Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды шығаратын арнайы органдар болмайды. Соған қоса өсімдіктердің кейбәр бөліктерінде гормондардың мөлшері айрықша көп болады; мысалы, ауксиндармен сабақтың жоғары меристемалары бай, гиббереллиндармен – жапырақтары, цитокининдармен – тамыры мен дәні.
  • Фитогормондар әртүрлі өсу процестеріне себеп болады, бұл процестерге өсімдіктердің белсенді өсуі, генерациялық дамуы, тропизмдер, регенерация және т.б. жатады.

Жалпы классификацияда гормондарды 6 басты топтарға бөледі. Әртүрлі өсімдіктердің гормондары әртүрлі болып келеді, сондықтан оларды өсімдікке тигізетін физиологиялық әсері мен химиялық құрамы бойынша топталған. Соған қоса кейбір физиологиялық белсенді гормондар ешбір топқа жатпайды. Әр топ өзіне гормондармен бірге ингибиторларды жатқызады. Көпшілік жағдайда фитогормондардың басым бөлігі ингибиторлармен жұптасып жұмыс жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет