Жасушаны сыртқы ортаның әсерінен қорғау, көршілес жасушалармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету



бет2/3
Дата24.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#45121
1   2   3
Байланысты:
Жасушалық биология тест.7-10кл

1 А (ангстрем) =0.1 нм.(нанометр)

  • Замманауи құралдардың Си жүйесінің өлшем бірлігін автоматты түрде ауыстыру қызметі: Конвертер

  • Бейорганикалық заттар: су, минералды тұздар, химиялық элементтер

  • Ең жақсы еріткіш: су

  • Су молекулаларының өзара қосылуы байланысты: тартылу, тіркесу қабілетіне

  • Медузаның денесіндегі су : 99.9%

  • Үш күндік адам ұрығында: 97%су

  • Ересек адамның денесінде: 60-80%су

  • Тірі организм өлімге ұшырайды: 10-20%су жоғалтқанда

  • Судың ұсақ бөлшектерінің бір-біріне тартылу қабілеті: беттік керілу

  • Судың қайнау температурасы: 100 С

  • Судың қату темп: 0 С

  • Судың маңызды ерекшеліктері: жылусыйымдылығы, өзін-өзі тазарту қабілеті, ең жоғары тығыздық, еріткіш

  • Нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді: Азот N

  • Хлорофилл түзуге қажет: Азот

  • Тамыр түзуге және жеміс пісіп жетілуге қажет: Фосфор Р

  • Жануар жасушасындағы электр құбылысы үшін қажет: Калий К

  • Сүйекке, тіске, теңіз бақалшақтары мен үлу қабыршағына қаттылық ұасиет береді: Кальций Са

  • Жетіспесе қан ұйымайды, бір жеріңді кесіп алғанда тоқтамайды: Кальций Са

  • Хлорофилл құрасына кірмейді, бірақ түзілуі үшін қажет: Темір Ғе

  • Қаны қызыл түсті барлық жануарлардың құрамында болады: Темір Ғе

  • Тірі организмдердің 98%ы тұрады: оттек, сутек, көміртек, азот

  • Макроэлементтер 1,9%: оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, калий, хлор, натрий, кальция, темір

  • Микроэлементтер 0,01%: мырыш, молибден, мыс, фтор, бор, марганец, алюминий

  • Топырақта жетіспесе, өсімдіктерде жемісмтер мен тұқым түзілуі кешігеді: Бор В

  • Жетіспесе зоб ауруына әкеледі: йод І

  • Өсімдіктің тыныс алуы мен фотосинтез процесінің жүруіне жағдай жасайды: Марганец

  • Жануарларда жас организмдердің өсуін күшейтіп, қан түзіліміне әсер етеді: Марганец

  • Марганец жетіспеуінен құстарда болатын ауру: Перозис

  • Жетіспесе өсімдік баяу дамып, жасыл бөліктері өңсізденеді, солып қалады: Мыс

  • Топырақта және өсімдік организмінде артық мөлшерде болуы жануарларда асқорыту жолдарының бұзылуына әкеледі: Молибден

  • Селен артық мөлшерде болса: Жануралардың жүндері түседі, тұяқтары өсіп, бұзылады.

  • Органикалық заттар: нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылдары

  • Бейорганикалық заттар: су, минералды тқздар, химиялық элементтер

  • Көмірсу көп мөлшерде болады: жүзім, қауын, қарбыз, өрік, алмұрт, алма сияқты тәтті жемістерде; Күріш, бидай, сұлы, арпа, жүгері дәндерінде

  • Көмірсу мен нәруыз ыдырағандағы энергия мөлшері: 17,6кДж

  • Адамға тәулігіне қажет көмірсу: 400-500гр

  • Нәруыз көп мөлшерде болады: асбұршақ, үрмебұршақ, қытайбұршақ

  • Ересек адам үшін күнделікті рационда орташа есеппен болу керек нәруыз мөлшері: 100-118гр

  • Майлар ыдырағанда бөлінетн жылу мөлшері: 38,9 кДж

  • Адамға тәулігіне қажет май: 80-100гр

  • Май көп мөлшерде болады: мақта, күнбағыс, рапс, қыша (горчица), сафлор

  • Майдың жетіспеушілігінен: Орталық жүйке жүйесінің, көбею мүшелерінің қызметі бұзылады

  • Аминқышқылдары бөлінеді: алмастырылатын, алмастырылмайтын

  • Бие сүтінен әзірленетін шипалы сусын: қымыз

  • Түйе сүтінен ашытылады: Шұбат

  • Сиырдың немесе қодың сүтінен ұйытылады: айран

  • Ұйытылған қой сүтінің айраны: қатық

  • Жетіспесе, өсімдіктің өсуі тоқтайды: калий

  • Өсімдікте судың таралуына, тамыр мен сабақтың тіректік элементтерінің қалыптасуына әсер етеді: калий

  • Хлорофилл құрамына кіреді: Магний

  • Құрамында өсімдікке қажет қандай да бір элемент бар, химиялық өндірісте жасанды жолмен алынатын заттар болады: бейорганикалық (минералды) тыңайтқыштар

  • Тірі ағзалар тіршілігінің әрекеті нәтижесінде түзіледі: Органикалық тыңайтқыштар

  • Органикалық тыңайтқыштар: компост, қи, қарашірік, құс саңғырығы,, шымтезек

  • Минералды тыңайтқыштар: Суперфосфат, калий хлориді, мочевина (несепнәр), аммоний сульфаты, селитра

  • Тыңайтқыштарды дұрыс қолданса, өнімділікті арттырады: 30-70%-ға дейін

  • Тарының атасы: Шығанақ Берсиев: 1943ж. Әр гектардан 201 центнер өнім алды

  • Күріштің атасы: Ыбырай Жақаев, Шиел ауданы, ҚызылТу ұжымының звено жетекшісі, Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері 10 СЫНЫП

  • Қосмембраналы органоидтер: пластид, ядро, митохондрия

  • Бірмембраналы органоидтер: ЭПТ, лизосома, Гольджи жиынтығы, вакуоль

  • Мембранасыз органоидтер: жасуша орталығы, рибосома, талшқтар, кірпікшелер

  • Жасуша қабырғасы тұрады: целлюлоза, гемицеллюлоза, пектиндер

  • Жасуша қабырғасының қызметі: қолайсыз жағдайлардан қорғау, тіректік, тасымалдық, буферлік

  • Вакуоль мембранасы: тонопласт

  • Ядроның қызметі: зат алмасу, энергия алмасу, көбею, тұқымқуалаушылық ақпаратты тасымалдау

  • Лейкопласт қорға жинайды: крахмал

  • Хлоропласт қатысады: фотосинтез

  • Хромопласт қорға жинайды: каротиноидтерді

  • Жасуша орталығы тұрады: центриоль және микротүтікшелер

  • Жасуша орталығының қызметі: жасуша бөлінуіне қатысу, цитоқаңқаны қалыптастыру

  • Гольджи жиынтығы қызметі: жасушада синтезделген заттарды жинақтайды, жасуша ішінде тасымалдайды

  • Жасуша қабырғасы тән: өсімдік, бактерия, саңырауқұлақ

  • Бактерияның жасуша қабырғасы: муреин

  • Саңырауқұлақтың жасуша қабырғасы: хититн, глюкандар

  • Бактерия штаммдары қатты қабықшасына байланысты бөлінеді: грамм оң, грамм теріс

  • Диатомды балдырлардың жасуша қабырғасы: кремнеземнен синтездейді

  • Өсімдіктің жасуша қабырғасының негізгі компоненттеріне жатады: қаңқа, матрикс, құраушы заттар

  • Целлюлоза молекулалары түзеді: микрофибрилдер

  • Жасуша қабырғасының матриксінің негізін құрайды: гемицеллюлоза, пектин

  • Қысқа және тармақталған мономерлер тізбегінен құралған полисахарид: пектин

  • Пектин көп мөлшерде болады: өсімдік жемістерінде

  • Целлюлоза талшықтарын өзара біріктіретін цемент сияқты зат: лигнин

  • Өсімдіктің сүректенуіне жауапты: Лигнин

  • Жасуша қабықшасының сыртқы бетіне жинақталаады: суберин, кутин, балауыз

  • Жасуша қабықшасының ішкі қабатында тоздану нәтижесінде пайда болады: суберин

  • Жасушаны инфекциялардың енуінен қорғап, судың булану деңгейін төмендетеді: Балауыздық заттар және кутикула

  • Мембрана тұрады: фосфолипид, гликолипид, холестерол

  • Көмірсу қосылған липид: гликолипид

  • Липидтердің гидрофобты құйрықшалары арасындағы бос орынды толтырып, оларға иілуге мүмкіндік бермейді: холестерол

  • Мембраналарға беріктік, иілгіштік қасиет береді, полярлы молекулалардың жасушадан жасушаға өтуіне кедергі келтіретін «қақпа» түзеді: холестерол

  • Мембрана нәруыздары қызмет атқара алмайды: аннулярлы липидтерсіз

  • Жасуша мембранасының маңызды бөлігі: фосфолипидтер

  • Фосфолипидтер қатысады: майларды, май қышқылдарын, холестеринді тасымалдауға

  • Коллаген синтезін бәсеңдетіп, коллагеназаның белсенділігін арттырады: фосфолипидтер

  • Жасуша мембранасының қызметі: тосқауылдық, тасымалдаушы, матрицалық, механикалық, энергетикалық, рецепторлық, ферментативтік, таңдамалы өткізгіштік

  • Әртүрлі атомдар мен молекулалардың көлеміне, электрлік зарядына, химиялық құрамына байланысты мембранадан өтуі: таңдамалы өткізгіштік

  • Жасушада оптималды рН көрсеткішінің және жасуша ферменттерінің жұмысына қажетті иондар концентрациясының ұсталып тұруын қамтамасыз етеді: тасымалдаушы қызмет

  • Концентрация градиенті бойынша диффузия жолымен өтеді: Пассивті тасымал

  • Концентрация градиентіне қарама-қарсы жүріп, энергия шығындайды: Активті тасымал

  • Мембраналық нәруыздардың белгілі ретпен орналасуын, бейімделуін қамтамасыз етеді: матрицалық қызметі

  • Жасушаның автономдылығын, оның жасушаішілік құрылысын, басқа жасушалармен байланысын қамтамасыз етеді: Механикалық қызмет

  • Механикалық қызмет атқаруға қатысады: Өсімдікте-жасуша қабырғасы, Жануарларда-жасушааралық заттар

  • Жасуша мембранасында «антенналар» рөлін атқарады: гликопротеиндер

  • Мембрананы таңдамалы өткізгіштігі пасссивті тасымал кезінде қамтамасыз етіледі: интегралды нәруыздармен

  • Органоидтер мен қосындыларынан айырылған цитоплазма бөлігі: гиалоплазма

  • Гиалаплазаның дисперсті ортасы: су

  • Гиалоплазаның дисперсті фазасы: нәруыз, май, көмірсу, бейорганикалық қосылыс түрінде бола алатын қалқыма бөлшектер

  • Цитоқаңқаның маңызды компоненті: микротүтікшелер

  • Тубулин нәруызы жіпшелерінен түзілген, цилиндр пішінді іші қуыс түтікше: микротүтікшелер

  • Микротүтікшелердің қызметі: тірек, тасымалдаушы

  • Микротүтікшелердің моторлы нәруыздары: кинезин (+), динеин(-)

  • Микротүтікшелердің әлдеқайда жұқа жіңішке нәруыз талшықтары: микрофиламенттер, диаметрі 4-6нм

  • Цитоплазманы тесіп өтетін, қатты және берік нәруыз талшықтары: аралық филаменттер

  • Аралық филамент көп кездеседі: Эпителий, бұлшықет жасушалары

  • Микротүтікшелер түзілетін орталық: Жасуша орталығы

  • Оның қызметінің бұзылуы жасуша циклінің аномалиясына (ауытқушылығына), ұлпалардың дамуының бұзылуына алып келеді: центросома (жасуша орталығы)

  • Интерфазалық жасушада органоид бір-біріне тікбұрыш жасап орналасқан 2 центриольден тұрады: диплосома

  • Диплосомада центриольдер құрылысына қарай бөлінеді: аналық немесе жетілген, қосалқы немесе жетілмеген

  • Эукариоттағы рибосоманың көлемі: 30-32 нм

  • Прокариоттағы рибосома көлемі: 25-29нм

  • Рибосома тұрады: үлкен, кіші суббөліктен

  • Полисома: рибосоманың топтары

  • Жасушаның «экспортты жүйесі»: Гольджи жиынтығы

  • Гольджи аппаратының екі түрлі жағын ажыратады: қалыптастырушы, жетілген

  • Гольджи аппаратының құрылымдық-функционалдық бірлігі: диктиосома

  • Лизосомалар жіктеледі: біріншілік, екіншілік

  • Бірінішілік лизосомалар: асқорыту вакуольдері

  • Екіншілік лизосомалар: автофагиялық вакуоль

  • Қажетсіз жасуша құрылымдарын жою процесі: автофагия

  • Жасушаның өздігінен жойылуы: автолиз

  • Автолиз: жасушаның түрөзгерісі, өлексенің ыдырауы

  • Құрылысы лизосомаға ұқсайтын, көпіршіктерінің диаметрі 1,5 мкм, құрамында 50-ге жуық ферменті бар: пероксисома

  • Пероксисоманың маңызды ферменттері: оксидазалар

  • Пероксисомалар ірі және көп болады: бауыр жасушаларында

  • Отттекті тотықтырғыш ретінде белсенді пайдаланады: митохондрия, пероксисома

  • Митохондрияға дейін пайда болған органоид: пероксисома

  • Ірі пероксисомада тығыз өзек байқалады: нуклеоид

  • Вакуольді толтырып тұратын сұйықтық: жасуша шырыны

  • Жасуша шырынының құрамы: органикалық жіне бейорганикалық тұздар; моносахарид, дисахарид, аминқышқылдары, зат алмасудың соңғы немесе токсинді өнімдері, кейбір пигменттер(антоциан)

  • Вакуольдер сусызданып айналады: алейрон түйіршіктері

  • Біржасушалы жануарларда осмореттеуші және бөліп шығарушы қызметін атқарады: жиырылғыш вакуольдер

  • Бірыңғай вакуолярлы тор түзеді: ЭПТ, Гольджи аппараты, лизосома, пероксисома, вакуольдер

  • Митохондрияның пішіндері: сфера, жіп, гранула, таяқша тәрізді

  • Жіп тәрізді митохондрия: мидың жүйке жасушалары

  • Бұтақтанған митохондрия: ашытқылар мен кейбір саңырауқұлақтар

  • Мит-ң сыртқы және ішкі мембранасын бөліп тұрады: мембранааралық кеңістік, митохондрияның ішкі жағы(матрикс)

  • Сыртқы және ішкі мембраналардың біріккен жері: жабысу аймағы

  • Мит-ң түтік тәрізді өсіндісі: криста

  • Мит-ң ішкі мембранасының өткізгіштігі төмен болуының себебі: кардиолипин фосфолипиді болуына байланысты

  • Мит-ң ішкі мемб. Құрамы: 75% нәруыз

  • АТФ синтездеуші фермент: АТФ синтетаза

  • Мит-ң ішкі кеңістігі: Матрикс

  • Пластидтерді алғаш рет анықтады: 1678ж, А.Левенгук

  • Пластидтердің шыққан тегі: пропластидтер

  • Пластидтердің ішіндегі мембраналық жүйе мен біртекті заттар: матрикс, немесе строма

  • Лейкопластар: пропластидтердің ішкі мембранасы сәл ғана еніп өсіп, стромаға кіріп тұрады

  • Этиопластар: түтікті мембраналардың жинақталуымен қалыптасады

  • Пластидтердің соңғы формасы: хромопластар

  • Хлоропласттар пішіні: диск тәрізді, сопақша, тостаған, таспа тәрізді

  • Хлоропластардың ішкі мембранасының бір бөлігі стромаға қарай өсіп, жалпиған қапшық түрінде түзеді: тилокоидтер

  • Тилокоидтар бір-бірінің үстінде қатарласа орналасып, түзеді: грана

  • Граналар арасында жеке созылып орналасқан тилакоидтер: строма ламеллалары

  • Жасушасында тилокоидтар кездесіп, граналық жүйесі болмайды: хромопластар

  • Екіядролы ағза: кірпікшелі кебісше

  • Көпядролы ағза: опалина

  • Ядроның қос мембранасының арасында болады: нуклеарлық кеңістік

  • Ядро пішінін сақтауға, ядро ішінде хроматиндердің ретпен орналасуына, ядро саңылауын ұйымдастыруға қатысады: ядро ламинасы

  • Ядро шырыны: кариоплазма, нуклеоплазма

  • Ядроның сыртын шектейтін екі мембранасы: кариолемма

  • Ядрошықта қалыптасады: рибосома, РНҚ құрылысы туралы ақпарат сақталады

  • Ядроның ішкі нуклеопротеидтік құрылымы: хроматин

  • Ядрода жүретін маңызды үдеріс: Репликация (ДНҚ екі еселенуі)

  • Хроматиннің химиялық құрамы: ДНҚ (30-40%), гистонды нәруыздар (30-50%), гистонды емес нәруыздар (4-33%), хроматин дезоксирибозануклеопротеидтік кешен (ДНП)

  • Хроматин функционалдық күйіне қарай бөлінеді: гетерохроматин, эухроматин

  • Генетикалық белсенді: эухроматин

  • Генетикалық белсенді емес: гетерохроматин

  • ДНҚ жіпшелерінен және нәруыздан тұратын ядроның аса маңызды бөлігі: Хромосома

  • Хромосоманың химиялық құрамы: 40%-ДНҚ, 60%-Нәруыз

  • Нуклеосоманың әр глобаласы тұрады: 8 гистон нәруыздан

  • Гистон: хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз

  • Хромосома тұрады: екі хроматидтен

  • Хромосоманы ортасынан бөледі: центромера

  • Екінші реттік кермемен бөлінген хромосоманың ұшындағы кішкентай бөлік: серігі

  • Екі иығы тең не ұзындығы бірдей хромосома: метацентрлік

  • Иығының ұзындығы әртүрлі хр: субметацентрлі

  • Жетілмеген иықты, яғни центромерасы хр-ң бір ұшына қарай ығысқан: акроцентрлік

  • Бір иықты хр: телоцентрлік

  • Митоздың профазасы не мейоздың І профазасында хромосома түзілу процесі: хромосома конденсациясы

  • Дене жасушаларындағы жұп хр: Диплоидты (2н)

  • Жыныс жасушаларындағы хр. Жиынтығы: гаплоидты (1н)

  • Нақты түрге тән, метафазалық хромосомалар белгілерінің жиынтығы: кариотип

  • Кариотиптің графикалық бейнесі: идиограмма

  • Аталық,аналық кариотиптері бірдей болатын хромосомалар: аутосомалар

  • Аналық жыныс хр: ХХ

  • Аталық жыныс хр: ХУ

  • Жасушалық теория: Т.Шванн,, М.Шлейден

  • Биологиялық катализаторлар: ферменттер

  • Майтәрізді заттар: холестерин, кейбір гормондар, лецитин

  • Затттар мембрана арқылы басқа қосылыстарға тәуелсіз тасымалданса: юнипорт

  • Бір заттың тасымалдануы басқа затпен бірге жүрсе: котранспорт

  • Заттың тасымалдануы бір бағытта жүрсе: симпорт

  • Заттың тасымалдануы қарама-қарсы бағытта жүрсе: антипорт

  • Мембрана құрылымы:Биқабаттан

  • Мембрана тұрады: екі фосфолипидті қабаттан

  • Қос қабаттың гидрофильді(еритін) бөлігі: сыртқа бағытталған

  • Қос қабаттың гидрофобты(ерімейтін)бөлігі: ішке бағытталған

  • Жануар жасушасының беткі қабаты: гликокаликс

  • Гликокаликс тұрады: түрлі полисахаридтер, нәруыздар

  • Мембрананың сұйық мозоикалық моделі: Сингер, Никольсон, 1972ж

  • Фосфолипид молекуласының құйрықшасын түзеді: май қышқылдары, липидтер

  • Мембрана құрамындағы холестрол: иілгіштік, беріктік қасиете береді

  • Фосфолипидтер бөлінеді: глицерофосфолипид, сфингофосфолипид

  • Жүйке талшықтарының миелинді қабықшасының негізгі липидтері: Сфингомиелиндер

  • Гликолипидтердің гидрофобты бөлігі: церамидтер

  • Өсімдікте холестерол орнына болады: ситостерол, стигмостерол

  • Мембрана нәруыздары: интегралды, шеткі

  • Мембрана арқылы заттардың концентрация градиенті бойынша өтуі: диффузия

  • Жасуша мембранасы зақымдануы мүмкін: жасуша мембранасының жыртылуынан, протеолитикалық ферменттер арқылы зақымданудан, АТФ тапшылығынан, нәруыздар коагуляциясынан, цитоплазмалық мембрана компоненттері синтезі бұзылуынан, Липидтердің асқын тотығынан

  • Сыртқы жасуша мембранасын жасушааралық мембраналар арасынан бөледі: цитоплазмалық мембрана, немесе плазмалемма

  • Мембрананың көрші цитоплазмамен қосылған жері: саңылау

  • Мембрананың негізгі қызметтері: жасуша құрамын сыртқы ортадан шектейді, әртүрлі әсерлерден қорғайды, жасушаның қозғалысына қатысады,жасушааралық байланысты жүзеге асырады, әртүрлі электрлік, химиялық тітіркендіргіштерді қабылдайды

  • Саңырауқұлақтың жасуша қабықшасы: целлюлозды-хитинді; хитинді-глюконатты

  • Жасуша қабықшасынан плазмолемма арқылы бөлінген: протопласт

  • Зат алмасуға белсенді қатысатын жасушаның тірі бөлігі: протопласт

  • Протопласт қызметі: жасушаға сыртқы ортадан ерітінділердің түсуін және кері шығуын реттеу

  • Гольджи денесі: диктиосомалар

  • Саңырауқұлақтың цитоплазмалық мембранасының маңындағы губка тәрізді электрондық-түссіз денешік: ломасом

  • Саңырауқұлақтардың ядро аппаратының ерекшелігі: қос ядроның болуы, дикарион

  • Талшығы болатын саңырауқұлақтар: хитридиомикоталар бөлімі

  • Бактерияда болмайды: Гольджи апп, мит-я, ЭПТ

  • Бактерия цитоплазмасы: 75% су

  • Бактерия рибосомалары: 30Sжәне 50S екі суббөліктен құралған мөлшері 20 нм рибонуклеопротеиндік бөлшектер

  • Мезосома: цитоплазмалық мембрана туындылары, мит-я рөлін атқарады бактерияда

  • Хлоропластардың түсінің жасыл болуы байланысты: л пигментіне

  • Жасушаның негізгі қасиеттері: зат алмасу, көбею, сезімталдығы

  • Көмірсулардың оттек қатыпай ыдырауы: гликолиз

  • Жасуша қозғалысының түрлері: амебоидті(жалғанаяқты); жылжығыштар, талшықтылар

  • Амебоидты қозғалыс: лейкоциттер, макрофагтар

  • Жылжығыштар: фибробластар

  • Талшықтылар: сперматозоидтар

  • Ұзындығы 1см-ден астам, диаметрі 1 мкм,бұлшықет талшықтарын бойлай шоғырланып орналасқан жіңішке жіпшелер: миофибриллалар 11-сынып

  • Жасушаға қатты бөлшектердің енуі: фагоцитоз

  • Жасушаға сұйық заттардың енуі: пиноцитоз

  • Жарық микроскопы: 2-3мың есе ұлғайтады

  • Жарық микроскопында бейне қалыптасады: жарық толқындарын таңдап сіңіруде (абсорбциялық контраст) және жарық толқындары фазаларының өзгеруі салдарынан (фазалық контраст)

  • Кез келген микроскоптың негізгі сипаттамасы: шешуші қабілеті мен контрасты

  • Микроскоппен көрсетілген қатар орналасқан екі нүктенің арасындағы минималды арақашықтық: шешуші қабілеті

  • Бейне мен фон түстерінің қанықтығының әртүрлілігі: Бейне контрасты

  • Жарықтың физикалық қасиеті: түсі, толқын ұзындығы, қанықтығы, толқын амплитудасы, фазасы, тығыздығы, толқынның таралу бағыты

  • Микроскоптың ұлғайтылуы анықталады: окуляр мен объектив ұлғайтылуын көбейту арқылы

  • Микроскоп бөліктері: жарық түсіретін, бақылау жасайтын

  • Жарық түсіретін бөлігі: жарықтандырғыш пен конденсор

  • Жай көзге көрінбейтін объектілердің ұлғайтылған бейнесін алуға арналған оптикалық құрал: оптикалық немесе жарық микроскопы

  • Микроскоптың оптикалық жүйесі: объектив, окуляр

  • Объектив пен окуляр бекітіледі: тубусқа (көру түтігі)

  • Микроскоптың аса қажетті бөлігі: жарықтандырғышы (айна )

  • Жарық микроскопының максималды ажырату қабілеті: 0,2 мкм

  • Тірі мөлдір объектіні анық бақылауға мүмкіндік береді: Фазасы қарама-қарсы микроскопия

  • Фазасы қарама-қарсы микроскопия көмегімен зерттеледі: жасушаның формалары, көлемдері, өзара орналасуы, қозғалысы, көбеюі, микроорганизмдердің спораларының өсуі

  • Қараңғы өрістегі микроскопирлеу: тірі және боялмаған биологиялық үлгілердің бейнесін алуға қолданылады

  • Микроорганизмдердің жасушасы боялатын бояу түрі(микроскоппен зерттеуге ыңғайлы болу үшін): флуорохромның күшті сұйылтылған сулы ерітіндісі

  • Электронды микроскоп: жарықтың орнына 200 эВ-400 кэВ энергиялы электрондар шоғы қолданылады

  • Электронды микроскоп: 5000-200000 есе ұлғайтады

  • Электронды микроскоптың ажырату қабілеті: 2нм

  • Бактерияларды қоршаған ортаның және ауыр металл тұздарының тозаңдарының көмегімен дифференциалданған электрондардың есебінен контрастау нәтижесі: терісконтрасталу 

  • Үлгі арқылы электрондардың өтуі нәтижесінде бейне қалыптастыратын электрондық микроскоп: жарықтандырушы микроскоп

  • Микроскопияның қазіргі жетістігі: ол рентгендік компъютерлік томография(РКТ),позитрондық эмиссиялық томография (ПЭТ) қалыпты жағдайдағы объектілерді анықтауға мүмкіндік береді

  • Микроскопиялық объектілердің сыызқтық көлемдерін өлшеу үшін қолданылады: МОВ 1-15х окулярлық бұранда микрометр

  • Окуляр микрометрі: 1-8 мм ге дейінгі шкалалы

  • Микрометрлік бұранда айналымы тең: 1мм

  • Бұранда барабаны: 100 бөлікке бөлінген

  • Объективтің сызықтық ұлғаю формуласы: окулярлық микрометр шкаласы бойынша екі екі есептеудің айырмасын объект микрометр шкаласының бөлшек шамасына бөлу арқылы



    1. Тамыр ұшы мен өркен ұшында тұратын жасушалар тобы

    1. негізгі

    1. Органикалық және бейорганикалық заттардың жерасты, жерүсті мүшелеріне тасымалдануын, өткізілуін қамтамасыз етеді:

    1. тірек

    1. Тері асты май жасұнығы түзіледі:

    1. тоз



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет