16
Заставка Негізгі бет
Сайттың жаңалықтары
1-
Бөлім 1-Бет 2-Бет
2-
Бөлім 1-Бет 2-Бет
Өңдеушілер туралы ақпарат Контактты мәліметтер Сайттың
картасы
Сайттың физикалық құрылымы компьютер дискісінде файлдар және
бумалардың орналасуын бейнелейді.
4) Web-
сайтты жариялау.
Сайт құрылған соң, оны Web-серверде жариялау керек. Оның үш
тәсілі бар:
1. Бұл ең қарапайым тәсіл. Сайттың барлық файлдары диск немесе
басқа ақпарат тасушыға жазылады. Оны Web-сервер администраторына
апару керек. Администратор сіздің дискіңіздегі бумаларды сервердің
қажетті бумасына жазып, бағдарламалық қамтамассыздандыруды
баптайды.
2. Бұл
тәсіл өте аз тараған. Кейбір тегін Web-серверлер
пайдаланушыға оның сайтының файлдарын Web-обозреватель арқылы
жүктеуге
мүмкіндік
береді.
Бұл
тәсілдің
жетістігі-
жүктеу
қарапайымдылығы болып табылады. Пайдаланушы енгізу өрісіне қажетті
файлдардың атауларын жазып, Submit (жіберу) батырмасын басу керек.
Кемшіліктері: файлдарды жіберу саны берілген лимиттен аспайды,
файлдар жіберілуін бақылай алмайсын, байланыс нашарлағанда тоқтап
қалады.
3. Бұл ең кең тараған тәсіл. Web-сервер администраторы FTP-сервер
бағдарламасын орнатады. Содан соң автордың сұранысы бойынша осы
сайт үшін бума құрады және авторға тек осы бумаға ғана кіру мүмкіндігін
береді. Сайттың авторы FTP-клиент бағдарламасы арқылы FTP-
серверге қосылып, құрылған түпкі бумаға сайтының файлдарын
көшіреді. Содан соң администратор Web-серверде жаңа сайттың бар
екенін жариялайды. Егер авторға кебір файлдарды жаңарту керек болса,
ол қайтадан FTP-серверге қосылып, ескі файлдарды жойып, жаңа
файлдарын көшіреді.
Достарыңызбен бөлісу: