Құжат атауы


Түстік модель (color model)



Pdf көрінісі
бет11/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Түстік модель (color model)нақты бағдарламады немесе 
жүйеде түсті орналастыру және беру тәсілі. Компьютерлік графикада 
қолданылатын барлық түстік модельдерді монохромды және түрлі-түсті 
деп бөлуге болады.
Модельдердің негізгі үш түрі бар: 
1. RGB (Red-Green-Blue) 
түстік моделіRGB түстік моделі аддитивті 
болып табылады, яғни кез-келген түс әр түрлі деңгейде үш негізгі түстің – 
қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) қосындысынан тұрады. Ол – 
электрондық түрде көрсетуге арналған (мониторда, телевизорда) 
компьютерлік график құру мен оны өңдеуде негізгі қызмет атқарады. 
Негізгі түстің бір компонентін, екіншісінің үстінде қолдануда сәулеленудің 
сомалық жарықтығы ұлғаяды. Үш компоненттің араласуы, жарықтығын 
ұлғайтқан кезде ақ түске жақындайтын ахроматикалық сұр түсті береді.  
2. 
СМYK (Cyan, Magenta, Yellow, Black) түстік моделі. CMYK түстік 
моделі субстрактивті болып табылады және оны жарияланымды баспаға 


13 
дайындауда қолданады. СМҮK-тің түстік компоненттеріне ақ түстен 
бөлініп алынған негізгі түстер қызмет етеді. 
· көгілдір (cyan) = ақ – қызыл = жасыл + көк 
· күлгін (magenta) =ақ – жасыл = қызыл + көк 
· сары(yellow) = ақ – көк = қызыл + жасыл 
Мұндай әдіс түпнұсқадағы баспадан шағылған сәуленің физикалық 
табиғатына сай келеді. Көгілдір, күлгін және сары түстерді толықтырушы 
деп аталады, себебі олар негізгі түстерді ақ түске дейін толықтырады. 
Бұл үш түсті тең көлемде араластырсақ қара түс пайда болады. 
Полиграфияда қара түс үшін бөлек краска пайдаланылады. Оны «К» 
әрпімен белгілейді. Сондықтан полиграфияда субтрактивті модельді 
СМYК деп атады. Ол RGB моделіне ұқсас болып келеді. 
3. HSB (Hue, Saturation, Brightness) (HLS (Hue, Lightness, Saturation)) 
түстік моделі. Сәулелену спектрі таза болған сайын түстік тон қанық 
болып көрінеді. RGB моделінің базалық түсінде қанықтылықтың жоғарғы 
сапасы бар. Жарық шығару амплитудасы түс жарықтығын анықтайды.
Осыған орай түстің үш параметрі бар: 
1. 
Түстік тон - Hue (түстік тон-цветовой фон) 
2. 
Қанықтылық - Satiation (қанықтылық-насыщенность) 
3. 
Ашықтық - Lightness (ашықтылық-светлота) 
HLS
–дің бір түрі HSB (brightness) ол жерде ашықтықтың орнына 
жарықтың (brightness) параметрі қолданылады. HSB үш каналдың түстік 
модель. Ол түстің параметрін сипаттайды,яғни түстік тон, ашықтылық, 
қанықтылық. 
Интернет әлемінде барлық браузерлер үшін стандартты екі 
графикалық формат GIF және JPEG қолданылады. GIF-суреттер веб-
беттің элементтерін жылжыту және фон үшін қолданылады, ал JPEG- 
жоғары сапалы түрде пайдалану үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет