Құжат тақырыбы



бет25/61
Дата23.06.2023
өлшемі1,18 Mb.
#103188
түріПрограмма
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Байланысты:
informatika-pnnen-zerthanaly-zhmystar

Бақылау сұрақтары:



      1. Кестелық процессорлардың негізгі қызметі қандай?

      2. Ұяшықтарға мәліметтер жазудың әдістерін түсіндіріңіз?

      3. MS Excel программасындағы құжат қалай аталады?

      4. Ұяшық адрестерінің түрлері қандай?

      5. Ұяшықтарды қалай біріктіреді?



ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №8


Тақырыбы: «Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері.


Графиктер мен диаграммалар тұрғызу»


Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін графиктер мен диаграммалар тұрғызуда пайдалана білуге үйрету.
Негізгі түсініктер:
Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоритм бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады. Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады немесе Функция шебері (Вставка-> Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fx батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады.
Excel программасында, күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл қосымшада қолданушының Excel-дің програмалау мүмкіндіктерін (VBA) пайдаланып өзіне қажет функцияларды да құрып алуына жағдай жасалған.

Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статистические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.


Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы:
=СУММ(А5:А9)мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді;
=СРЗНАЧ(G4:G6)мұндағы СРЗНАЧ функциясы G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.
Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады , мысалы: =ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет