Функцияның аргументтерін Функция шеберін пайдаланып енгізу. Функцияны Функция шеберін пайдаланып жазғанда, егер оның аргументі бар болса, онда келесі 4-суреттегідей терезе пайда болады. Бұл терезе функция аргументтерін енгізуге арналған. Мұндағы,
1 – функцияның аты;
2 - аргументтерді енгізу жолақтары;
3 – терезені кішірейту батырмасы ,
бұл батырмаға қайта шерту терезені
бұрынғы қалпына келтіреді;
4 - аргументтің мәндері ; 5 – функцияның сипаттамасы; 6 – анықтаманы шақыру.
Функция аргументтерін енгізуде келесі тәсілдер қолданылады:
а) қажет адрестерді (ұяшықтың немесе диапазонның) пернелік тақтадан теруге болады;
б) қажет ұяшықтар мен диапазондарды жұмыстық беттегі кестедан белгілеу арқылы жазуға болады.
Функциялардың негізгі категориялары.
«Математические» категориясы функцияларының сипаттамасы:
ABS (сан) – санның модулі;
COS(сан) – косинусты табу;
EXP(сан) – ех функциясының мәнін есептеу;
LN(сан) – логарифмді есептеу;
SIN (сан) – синусты есептеу;
TAN (сан) – тангенсті есептеу;
КОРЕНЬ (сан) – квадрат түбір табу (оң мәнін);
ПИ () – санының 15 цифрға дейінгі дәлдікпен алынған мәнін береді;
СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) – дәрежелеу амалын береді;
СУММ (сан1; сан2; ...) – аргумент тізіміне кіретін барлық сандардың қосындысын есептейді;
«Статистические» категориясы функцияларының сипаттамасы:
МАКС(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің үлкенін анықтайды;
МИН(аргумент1; аргумент2;…) - аргументтердің кішісін анықтайды;
СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің орташа мәнін табады;
СЧЕТЕСЛИ(диапазон; шарт) – диапазондағы берілген шартты қанағаттандыратын аргументтер санын анықтайды .
Арифметикалық амалдар (операциялар):
Достарыңызбен бөлісу: |