1:N: «Бірдің-көпке» қатынасы.Мысалы: Бір тауар әкелуші...а) ... бірнеше тауар әкелуі мүмкін, ...б) ... бірақ, әрбір тауардың тек бір әкелушісі болады. Осы сияқты қатынас Топ- -студенттер арасында да болады.
N:M:«Көптің-көпке» қатынасы. А кестесіндегі бір жазбаға В кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес болуы мүмкін, ал В кестесінің бір жазбасына А кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келуі мүмкін. Мысалы: Студенттер-олардың тыңдайтын Курстары, Авторлар-Кітаптар, Тауар әкелушілер-Тапсырыс берушілер.
Байланыстырылған кестелерді жасауға қойылатын талаптар:
Деректердің тұтастығы (целостность) Access деректер басқару жүйесінде байланыстырылғанкестелердегі жазбалар арасындағы байланыстарды қолдау үшін қолданылатын ережелер жүйесін білдіреді. Деректердің тұтастығын бақылау үшін мына шарттар орындалу керек:
Бір кестенің байланысқан өрісі кілттік өріс болады немесе қайталанбас дара индекс болады.
Байланысқан өрістердің деректерінің типтері бірдей болады. Ескерту: Алайда, Санауыш (Счетчик) өрісі сандық өрісімен байланыса алады, егер сандық өрістің типі ұзын бүтін (длинное целое) болса.
Байланыстырылатын кестелер Access-тің бір деректер қорында болуы тиіс.