Бақылау сұрақтары:
Деректер базасы, ДББЖ деген не?
MicrosoftAccess ДББЖ қандай объектілердден тұрады?
Объектілерді жасаудың қандай тәсілдері бар?
Деректердің қандай типтері, қандай байланыс типтері бар?
Кестелер арасындағы байланысты орнату үшін қандай талаптар қойылады?
Зертханалық жұмыс №12 Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»
Мақсаты: Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access-те пішін жасау әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтырумен танысу.
Негізгі ұғымдар:
Деректер базасын жасаушы (разработчик БД) кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.
Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.
Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көру үшін) экранның арнаулы пішімі (формат) болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.
Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).
Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде немесе форма режимінде.
Достарыңызбен бөлісу: |