Функцияның аргументтерін Функция шеберін пайдаланып енгізу. Функцияны Функция шеберін пайдаланып жазғанда, егер оның аргументі бар болса, онда келесі 4-суреттегідей терезе пайда болады. Бұл терезе функция аргументтерін енгізуге арналған. Мұндағы,
4-сурет
1 – Функцияның аты;
2 - аргументтерді енгізу жолақтары;
3 – терезені кішірейту батырмасы ,
бұл батырмаға қайта шерту терезені
бұрынғы қалпына келтіреді;
4 - аргументтің мәндері ; 5 – функцияның сипаттамасы; 6 – анықтаманы шақыру.
Функция аргументтерін енгізуде келесі тәсілдер қолданылады:
а) қажет адрестерді (ұяшықтың немесе диапазонның) пернелік тақтадан теруге болады;
б) қажет ұяшықтар мен диапазондарды жұмыстық беттегі кестедан белгілеу арқылы жазуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |