Құжат тақырыбы



бет8/33
Дата07.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#18439
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
ексел тапсырмалар

Т А П С Ы Р М А Л А Р

Нұсқа 1

Қаладағы сүт өнімдері заводы сүт, айран және қаймақ шығарады. Сүттің, айранның және қаймақтың әрбір тоннасы үшін сәйкесінше 1010, 1020 және 9450 кг сүт қажет болады.

Сүт өнімдерінің (сүт, айран , қаймақ) әрбір тоннасынан түсетін кіріс пайда сәйкесінше 30000, 22000 және 136000 тенгені құрайды. Завод тәулігіне барлығы 123 тонна сүт, 342 тонна айран, 256 тонна қаймақ дайындады.

Электрондық кестені пайдаланып, әрбір өнім түрінен түскен тәуліктік кіріс пайданы, жалпы кіріс пайданы, әрбір өнім түрінен түскен кіріс пайданың жалпы кіріс пайдаға шаққандағы үлесін (процентпен) және сүттің жалпы шығынын есептеңіз.


Нұсқа 2

Кітап қоймасына 3түрлі кітап түсті:сөздіктер, кулинарлық кітаптар және тоқыма өнері туралы кітаптар. Олар қаладағы үш кітап дүкеніне бөлінді: «Астана кітап», «Экономикс» и «Глобус». «Астана кітап» дүкеніне сөздіктер – 10400 экземпляр, кулинарлық кітаптар – 23650 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар – 1500 экземпляр; «Экономикс» дүкеніне - 10300 сөздіктер, 22950 кулинарлық кітаптар және 1990 тоқыма өнері туралы кітаптар; ал «Глобусқа» сәйкесінше 9100, 23320 және 2500 экземпляр жөнелтілді.

Бірінші дүкенде сатылған сөздіктер – 8945 экземплярды, кулинарлық кітаптар – 19865 экземплярды, тоқыма өнері туралы кітаптар– 873 экземплярды құрады; екінші дүкенде сатылған сөздіктер– 9300 экземпляр, кулинарлық кітаптар - 21900 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар– 1020 экземпляр болды; ал үшінші дүкен сәйкесінше 8530, 18100 және 2010 экземпляр кітап сатты.

Электрондық кестені пайдаланып, кітап қоймасына түскен әрбір кітап түрінің жалпы санын, әрбір дүкендегі сатылған әрбір кітап түрінің үлесін , сатылмай қалған кітаптар санын есептеңіз.


Нұсқа 3

Мекеме қызметкерлерінің оклады келеі түрде анықталған:бөлім бастығы– 100000теңге., инженер 1 кат. – 86000теңге., инженер – 68700теңге., техник – 31500теңге., лаборант – 22400тенге.Мекеменің екі филиалы бар:оңтүстікте және климаты қатаң солтүстікте .Барлық қызметкерлер жалақысына жұмыс зияндылығына байланысты окладтың10%құрайтын үстеме,окладтың 25%көлемінде айлық премия үстеме қосылады.Әрбір қызметкерден 20%міндетті салық (подоходный налог), 3%кәсіподақ жарнасы (профсоюзный взнос) және1%зейнетақы қорына (пенсионный фонд) ұсталады.Оңтүстікте орналасқан филиал қызметкерлеріне15% ,солтүстіктегілер үшін 70% жергіліктікоэффициент қосылады.

Әрбір филиал қызметкерлерінің жалақысын есептеуді екі кесте түрінде бөлек жасаңыз.



Нұсқа 4

Цехта үш түрлі өнім шығарылады: П1, П2жәнеП3.Әрбір П1, П2және П3 өнім бірлігіне кететін шығын сәйкесінше 70, 150және100теңгені құрайды.

Бір ғана өнім бірлігінен түсетін кіріс, өнім түрлеріне сәйкес 200, 160және 250теңге болды.Жоспар бойынша ай сайын , П1 өнім– 200482 дана., П2 – 43292дана , П3 – 1463012дана шығарылуы қажет. Қаңтар айында П1 – 135672 дана, П2 – 60712 дана, П3 – 1456732 данаөнім шығарылды.

Электрондық кестені пайдаланып (теңгемен және доллармен ), өнім өндіруге кететін жоспарлы шығынды, әрбір өнім түрінен түсетін кірісті, мекменің қаңтар айындағы кірісін , әрбір өнім түріне сәйке жоспардың орындалу үлесін есептеңіз.


Нұсқа 5

Кондитерлік фабриканың шығаратын өнімдері А, В, Скарамельдері және оларды жасауға кететін шикізаттар (1 тоннасына) келесі кестеда берілген:

Шикізат түрлері (тоннамен)

Карамель

А

В

С




Қант

0,6

0,5

0,6

Патока

0,2

0,4

0,3

Жеміспюресі

0,2

0,1

0,1

Фабрикадағы шикізат түрлерінің қоры, сәйкесінше 1500, 900және 300 тонна.Осы айда фабрика А – 820, В – 900, С – 400 (тонна) карамель дайындады.

Электрондық кестені пайдаланып , шикізаттың әрбір түрінен жұмсалған шығынды, қалған шикізат мөлшерін, қалған қант мөлшеріне сәйкес жасалатын А карамелінің мөлшерін есептеңіз.



Бақылау сұрақтары:

  1. Кестелық процессорлардың негізгі қызметі қандай?

  2. Ұяшықтарға мәліметтер жазудың әдістерін түсіндіріңіз?

  3. MS Excel программасындағы құжат қалай аталады?

  4. Ұяшық адрестерінің түрлері қандай?

  5. Ұяшықтарды қалай біріктіреді?

Зертханалық жұмыс №6 Тақырыбы: «Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері.

Графиктер мен диаграммалар тұрғызу»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет