1.Созылмалы ауруларға тән жеке бір адамның ауру белгілерін, емін, физикалық және психологиялық салдары және өмір салтын өзгерту мүмкіндігі :
Жауабы:-Өзін өзі басқару
2. Жұқпалы ауруларды зерттеу үшін қандай құжат қолданылады ?
Жауабы:-жедел хабарлау
3. Көк тамыр ішілік инъекция жасау алдында байлам салу дұрыстығының белгілері:
Жауабы:-білек артериясында пульстің болуы
4. Жүрек қан тамыр ауруы, ентігу бар науқастарға жартылай отыру қалпын қабылдау, мына мақсатпен тағайындалады:
Жауабы:-кіші қан айналым жүйесіндегі кептелуді (қан іркілісін) азайту
5. Дәрілік заттарды көк тамырға енгізудің артықшылығы :
Жауабы:-жедел көмек кезіндегі тиімділігі
6. Науқасқа ректоромоноскопия тағайындалған. Сапалы зерттеу жүргізу үшін науқасқа Сіз жасайсыз:
Жауабы:-таңертен және кешке тазалау клизмасын
7. Жүректің ишемия ауруына шалдыққан науқасқа №10 емдік диета тағайындалған. Науқасқа тамақтану бойынша кеңес беріңіз:
* Жауабы:-ас тұзы мен жануар майларын шектеу
8. Салмақты қан кетудеинфузионды– трансфузиондытерапияныңбастапқы міндеттері:
Жауабы: Қан айналымды орнына толтыру
9. Қан мұрынның шырышты қабатына тиген болса:
Жауабы:-1%протаргол ерітіндісімен өңдеу
10. Миокард инфракті кезіндегі некроз аймағын ЭКГтісше көрсетеді:
ЖАУАБЫ: Q
11. 35 жасар науқас «Созылмалы гломерулонефрит» диагнозымен диспансерлік есепте. Бүйректіңконцентрациялық қабілетін зерттейтін әдісті көрсетіңіз:
Зимницкий сынағы
12. Қақырықты сапалы жинауға ең маңызды болып табылады:
қақырық жинау ережелерінің сақталуын қадағалау
13. Дуоденальды зондтау кезіндегі порция Б дегеніміз:
Өт қабының ішіндегі өт
14. Асқазанды шаю үшін зондты енгізу қажет ара қашықтық формула бойынша анықталады: бойы (см-мен) – х, мұндағы х тең:
100
15. 48 жастағы ер кісі стационарғақұсық «кофе тұнбасындай», бас айналуға, бірден әлсізденуге, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен соңғы 5 жылда асқазан жара ауруымен зардап шегеді. Қарау кезінде тері жабындылары бозғылт, АҚҚ 90/50 мм.с.б., тамыр соғуы минутына 110 рет. Пациентте қандай шұғыл жағдайды болжауға болады:
Асқазаннан қан кету
16. Ер адам 67 жаста ұлымен ұрысқаннан кейін өзін нашар сезінді төс артында күйдіріп ауыратын сол иық пен сол жауырынға берілетін 30 минуттан артық созылған ауырсыну сезімі,қорқыныш сезімімен әлсіздік. Қарағанда терісі бозғылт суық жабысқақ тер АҚ100/60мм.с.б.Алғашқы медициналық көмекке не кіреді?
Нитроглицерин 1таб тіл астына, ацетилсалицил қышқылы 375мг және ПИТ палатаға шұғыл түрде жеткізу
Достарыңызбен бөлісу: |