Логикалық тест тапсырмасы 3 – сынып
1.Тиісті санды қой ( +369)-456=(316 - 248)+99
А. 68 В. 106 С. 167 Д. 254
2. Салыстыр қайсысына < таңбасы қойылады?
А. 7 апта 1 ай 6 күн В. 6 сағ. 120 мин.
С. 5 кг. 100 г. 5 кг. 50 г. Д. 63 күн 2 ай 1 апта 3 күн
3. Периметрі 24 см болатын шаршының ауданын есептеп тап:
А. 30 см² С. 36 см²
В. 24 см² Д. 40 см²
4. Есепті шығар:
Бақшадан әрқайсысы 40 кт-нан 6 қап картоп, әрқайсысы 24 кг-нан 3 қап сәбіз және сәбізден 2 есе кем пияз жиналды. Бақшадан барлығы қанша көкөніс жиналды?
А. 240 В. 336 С. 348 Д. 312
5. 2, 3 және 4 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші санды тап:
А. 10 В. 11 С. 14 Д. 13
6. Данияр тұратын көшенің бойындағы үйлердің нөмірлері 1-ден 24-ке дейін. Осы нөмірлерді жазғанда 2 цифры неше рет қолданылады?
А. 2 С. 8
В. 4 Д.16
7.Ауладағы 6 қойдың әрқайсысының қасында 5қой бар. Аулада неше қой бар?
А. 30 В. 11 С. 6 Д.10
8.Аулада бірнеше қоян мен қаз жүр. Олардың аяқтарын санағанда тең болып шықты. Қоян мен қаздың қайсысы көп. Қанша есе көп?
А. қоян 3 есе В. қаз 2 есе С. қаз 3 есе Д. қоян 2 есе
9. Шаруа ауылдасымен саудаласып одан түйе, жылқы, сиыр алды.
Түйенің әрбір жілігіне 2 қой, жылқының әрбір жілігіне 1 қой, сиырдың әрбір аяғына 1 қой сұрады. Шаруа барлығы неше қой беретін болды?
А. 30 В.36 С.38 Д.40
10. Ағашта 5 қарға, 3 сауысқан қонып отыр еді. Барлық сауысқан және сонша қарға ұшып кетті.Неше қарға қалды?
А. 3 В.1 С.2 Д.4
11. (х─56)─28=84 теңдеуінің жауабын белгіліңіз:
А. 168 В. 112 С. 84 Д. 28
12. 7 ондықтан 3 мыңдықтан, 5 бірліктен 1 жүздіктен құралған санның жауабын табыңыз:
А. 7351 В. 3751 С. 3175 Д. 3571
13. Төмендегі сандар тізбектей жазылған. Соңғы санын тап: 6, 8, 12,18,26, 36?
А. 45 В. 40 С. 50 Д. 48
14. Мақсат оң сан таңдап алып, оны өзіне көбейтті, одан шыққан санға 1-ді қосты, нәтижені 10-ға көбейтті, шыққан санға 3-ті қосып, нәтижені 4-ке көбейтіп, 2012 санын алды. Ең басында Мақсат қандай сан таңдап алған еді?
А. 11 В. 9 С. 8 Д. 7
15. Наурыз мейрамында 15 үстелге гүл қойылды. 6 үстелге 5 гүлден, ал қалғандарына 3 гүлден қойылды. Мейрамда барлығы қанша гүл қойылды?
А. 45 В. 50 С. 57 Д. 60
16. Сарбаздар әр қатарға 5-тен бөлініп, 7 қатарға сан түзеп тұрғанда, соңғы қатарға 1 сарбаз жетпей қалды. Барлық сарбаз нешеу болғаны?
А. 36 В. 35 С.34 Д. 37
17. Есепке құрылған теңдеудің дұрысын анықта:
Бірінші күні бірнеше кг, ал екінші күні 20 кг бал сатылды. Бірінші күні 4 кг артық сатқанда, екі күнде бірдей бал сатылған болар еді. Бірінші күні неше кг бал сатылды?
А. 4 + х = 20 В. 20 ─ х = 4 С. х + 4 = 20 Д. 20 ─ х = 4
18. Айдын әжесінен 42 жас кіші, ал әжесі атасынан 5 жас кіші. Айдын атасынан неше жас кіші?
А. 37 жас В. 40 жас С. 47 жас Д. 50 жас
19. Қай теңдікте теңдік тура болатындай етіп жақша қойылған:
А. (90─30):3∙5=400 В. (90─30:3)∙5=400
С. 90─30:(3∙5)=400 Д. 90─(30:3─5)=400
20. Заттың бағасы мен заттың құны белгілі болса, заттың санын қалай табамыз?
А. құнын заттың бағасына көбейтеміз құнын заттың бағасына бөлеміз
В. заттың бағасын құнына көбейтеміз
С. құнын заттың бағасына бөлеміз
Д. заттың бағасын құнына қосамыз
Математика жауаптары: 3 сынып логикалық тест
1-д 11-а
2-д 12-с
3-с 13-д
4-с 14-д
5-д 15-с
6-с 16-с
7-с 17-с
8-в 18-с
9-д 19-в
10-с 20-с
Жауабы: математика 4-сынып логикалық тест
В
Б
Б
Г
А
А
В
В
Б
Б
А
В
Б
Б
А
Жауап парағы 2 сынып
1-в 2-а 3- б 4 в 5-б 6-а 7- в 8-а 9-а 10- в
11-а 12-ә 13-а 14- в 15- г
Логикалық тест тапсырмасы 4-сынып
1.Келесі саны алдыңғысынан екі есе үлкен үш орынды санды таңда.
А) 136 б) 236 в) 248 г) 421
2.Ең үлкен бір таңбалы,екі таңбалы,үш таңбалы сандар және ең кіші төрт таңбалы сандар қосындысының мәнін тап.
А) 1000+(9+99+999) =2107 Б) (9+99+999)-1000 =107
В) (999-99-9)+1000 =1891 Г) 1000-(1+10+100) =889
3.Заңдылықты анықта.Берілген қатардың келесі саны қандай? 3,4,7,12,19,28
А) 29 б) 39 в) 3 г) 38
4.Сүтті екі бидонға құйды.Екінші бидонға біріншіден 2 есе артық құйылды.Әр бидоннан 10 литрден құйып алғанда екінші бидонда біріншіден 3 есе артық сүт қалды.Әр бидонда қанша литр сүт болған еді?
А) 30 л және 60 л Б) 40 л және 80 л
В) 10 л және 20 л Г) 20 л және 40 л
5. 25 ұқсас қосылғыштардың қосындысы 1000-ға тең. Қосылғыш нешеге тең?
А) 40 б) 50 в) 100 г) 20
6.1,2,4,5,6 және 9 сандарын бір рет пайдалана отырып ,бірі екіншісінен 5 есе артық үш таңбалы екі сан құра
А) 129 және 645 в) 156 және 942
Б) 124 және 569 г) 125 және 649
7.Балалар ағашты метрлік бөліктерге аралады. Бір бөлікті аралауға 1 минут жұмсалды. Олар 5 метр бөренені кесуге қанша уақыт жұмсайды?
А) 5 минут Б) 10 минут
в) 4 минут г) 6 минут
8. Бір кітапты нөмірлеу үшін 187 сан қажет болды.Кітапта қанша бет бар?
А) 93 б) 187 в) 98 г) 89
9. Ұлы 10 жаста ,ал әкесі 46 жаста.Қанша жылдан соң әкесі баласынан екі есе үлкен жаста болады?
А) 13 жыл б) 26 жыл в) 10 жыл г) 25 жыл
10.Жәшіктің лимонымен қоса алғандағы салмағы 25 кг. Жартысын сатқаннан кейін таразыға салған кезде 15 кг тартты .Жәшіктің салмағы қанша?
А) 10 кг б) 5 кг в) 1 кг г) 8 кг
11.Санның екі таңбасының қосындысының мәні ең кіші екі таңбалы санға тең. Ал оның ондығын көрсететін сан бірлігін көрсететін саннан 4 есе артық.Бұл қай сан?
А) 82 б) 64 в) 91 г) 28
12.Жіпті бес жерден түйді.Әр түйіннің арасы 1 дм.Екі шеткі түйіннің арасы қанша дм?
А) 5 дм б) 2 дм в) 4 дм Г) 3 дм
13. Екі қайыққа 12 адам отырды, біріншісіне екіншісіне екі есе артық отырды. Әр қайыққа неше адам отырды?
А) 12 және 6 б)8 және 4 г) 6 және 3 д) 10 және 5
14.Азатта Маратқа қарағанда 3 есе көп кітап бар.егер Азат өз кітаптарының 16-сын досына сыйласа ,олардың кітаптарының саны тең болады. Азатта қанша кітап бар? Маратта қанша кітап бар?
А) 32 және 16 Б) 48 және 16
в) 48 және 32 г) 30 және 10
15. Атамның 5 түйесі бар. Жылқысы одан 9 бас артық,ал қойы жылқысынан 42 бас артық. Атамның барлығы қанша малы бар?
А) 70 б) 56 с) 75 д) 72
Лездеме сұрақтар 3 сынып
1.Егер бір дәптер 7 тг тұрса, 3 дәптердің бағасын тап?
2.Кез келген санды 1-ге көбейткенде (сол санның өзі шығады)
3 Қабырғасы 15 м болатын шаршының периметрін тап 60 м
Табақта 8 шабдалы , ал себетте одан 2 есе көп шабдалы бар. Себетте неше шабдалы бар?(16)
4.7 жүздік және 2 бірліктен тұратын санды белгіле. (702)
5. Шортан 60 жыл, табан балық 17 жыл өмір сүреді. Шортан табан балықтан қанша жыл ұзақ өмір сүреді (43 жыл)
6. Бірінші бумада 32 м мата, екіншісінде одан 4 есе аз мата бар. Екі бумада неше м мата бар? 32/4= 8 32+8 =40
7. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп сандар)
8.Бір бөлке нан, 24 теңге тұрады, 6 бөлке нан қанша теңге тұрады?
Достарыңызбен бөлісу: |