2.1.1.3.** Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
2.5.2.1. Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені қолдану.
Сабақтыңмақсаты
Барлық оқушылар екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады. Көптеген оқушылар екі таңбалы сандардың разрядтар кестесін қолданады, ең кіші және ең үлкен екі таңбалы сандарды анықтайды, оларды ондық пен бірі таңбалы санның қосындысы түрінде, яғни ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеуге болатынын түсінеді, білімін қолданады.
Кейбір оқушылар екі таңбалы санның разрядтық құрамы туралы білімін тапсырмалар орындау барысында тиімді қолдана алады, басқаларға да түсіндіре алады.
Сабақтыңкезеңі/уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтыңбасы
Кіріспе-қызықтырушылықкезеңі «Өрмекші» әдісі Оқушылар өрмекшіні өздері сызып, оқытушы ортасына өткен тақырып жазады.Өрмекшінің аяқтарына берілген тапсырманы орындайды.
1-сыныптағы білімі пысықталады.
Ондықтармен және бірліктермен санау, мұнда 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың бір ондықтан және бір немесе бірнеше бірліктерден тұрады, оларды ондық пен бір таңбалы санның қосындысы түрінде, яғни ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеу пысықталады.
20 көлеміндегі екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау пысықталады.
20 көлеміндегі екі таңбалы сандардың разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу пысықталады.
11-ден 20-ға дейінгі сандар үшін «ондыққұрам» мен разрядтық құрам» терминдері –синонимсөздер.
«11-ден 20-ға дейінгі сандарды разрядтыққосылғыштарға жіктеу» мен «сандыразрядтық қосылғыштарға жіктеу»тапсырмаларыбірдейәрекетті анықтайды.