Тақырыбы: “Жауапсыздықтан қылмысқа бір қадам” Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру арқылы заң алдындағы жауапкершілікті көрсету. Конституцияны т.б құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа ,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен оқушылар. Бүгінгі жасөспірімдердің арасында жиі болатын қылмыстық жағдайларға байланысты өткізіліп отырған “Жауапсыздықтан қылмысқа бір қадам”атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Мемлекетіміздің ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық , құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. “Оның басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” деген қастерлі сөзді кіргізген.
1-жүргізуші: Иә, бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп , еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
2-жүргізуші: Арман қалай ойлайсың жасөмпірімдердің қылмыстық әрекетке баруына қандай себеп түрткі болды. Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Мектеп пе ? Әлде жүре түзеліп кетер деп қылмыстық әрекеттер істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма ?
1-жүргізуші: Қазіргі таңда зерттеушілер жасөспірімділердің қылмысқа баруының мынадай үш себебін ашып көрсетеді: Отбасылық жағдай, жасөсперімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы,тұрмыстық жағдай. Осыған орай “Мектептегі буллинг” атты көрінісімізді тамашалайық!
2-жүргізуші: Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.