Табиғи сұрыпталуорасан ұзақ уақыт аралығында тұқым қуалайтын өзгергіштік берген шексіз көп материалдардың алуан түрлі өзгеріс, ауытқуларынан тіршілік ортасына сай түрлерін ғана қалдырып, қалғандарын жоя отырып, анағұрлым жетілдірілген жаңа бейімділіктер мен қасиеттерді жарыққа шығарады.
Ч.Дарвин тіршілік үшін күресті даралардың сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым – қатынасы деп түсіндірді.
Өзгергіштік - тірі организмдердің жалпы қасиеті. Организмдердің тікелей сыртқы орта жағдайларының әсерінен өзгеруі - модификациялық, ал ген мен хромосоманың өзгеруі мутациялық өзгергіштік(тұқым қуалайтын өзгергіштік) деп аталады.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік (Мутация )- генотиптің өзгеруіне байланысты болатын жеке организмдердегі өзгергіштік. Сондықтан ол тұқым қуалайды әрі бейімделушілік қасиеті болмайды.
Табиғи сұрыпталу табиғатта ғасырлар бойы үздіксіз жүреді. Табиғаттың жағдайына бейімделе алған организмдерде жаңа белгілер пайда болады. Организм мен орта арасында өзара бірлестік қалыптасады. Ч. Дарвин табиғи сұрыпталуға "табиғатта бір даралардың жойылуы, екінші даралардың орта жағдайына бейімделіп, көбейіп ұрпақ қалдыруы" деген анықтама берді.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасына бейімделіп, өзгеріп отырады. Міне, бұл – Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары.
Натуралистер мен философтардың ішінде эволюция проблемаларын бірінші болып жан-жақты зерттеген Жан Батист Ламарк болды. Ж.Б. Ламарктың эволюциялық концепциясы ХVІІІ ғ натуралистері мен философтарының органикалық дүниенің даму проблемаларын түсіну үшін жүргізген ізденістерінің қортындысы болып табылады.
Өзінің философиялық көзқарастары бойынша Ж.Б. Ламарк деист (лат дейст –құдай) болды. Дүниені құдай жаратқанымен, ол табиғатпен адамның өміріне араласпайды деген түсінікті ұстанды. Тіршіліктің әртүрлі құбылыстарының қозғаушы күші, бастамалары болады, ол қоршаған ағзаларға өтіп оған жан бітіреді деп есептеді. Тіршіліктің әртүрлі құбылыстарының қозғаушы, бастамалары болады, ол қоршаған ортадан ағзаларға өтіп оған жан бітіреді деп есептеді. Тіршіліктің бұндай ерекше бастамасын ол «флюидтер» деп атады. «Флюидтер тірі материяға сыртқы ортаның әсеріне жауап қайтара алатындай зат алмасу, тіршілігін сақтау, даму және өзгеріске түсе алатындай организмге тән қасиет береді деген ілімді насихаттады.
Ж.Б. Ламарк градация принципін қабылдап, күрделену процессінің сатылы болатындығын тек үлкен систематикалық топтарды салыстырғанда байқауға болатындығын анықтады. Градация процессіндегі организмдердің төменгі сатыдағы формалардан жоғары сатыдағы формаларға дейін күрделеніп дамуының басты себебін, Ламарк, тірі табиғатқа тән өз құрылысын жетілдіру мен күрделенуге бағыттаған ұмтылысының нәтижесі деп түсіндірді. Градация процессі қоршаған ортаға тәуелсіз автономды болып келеді, ал қоршаған орта градация процессін бұза алғанымен оны анықтай алмайды.
Ж.Б. Ламарктың ілім бойынша дамудың екінші қозғаушы күші сыртқы ортаның организмге тигізетін әсері болып табылады. Сыртқы орта өзгеруінің нәтижесінде түрлер жаңа жағдайларға бейімделіп олардың белгілері жіктелінеді де, градация бұзылады. Түрлердің өзгеруі не өзгермей сол күйінде сақталынуы тек сыртқы ортаның әсерімен анықталынады, сыртқы орта өзгермесе түр тұрақты, ал ол өзгерсе түрде өзгереді. Қоршаған ортаның өзгеруі өсімдіктер мен төменгі сатыдағы жануарлар түрлерін тікелей өзгертеді. Ал жоғарғы сатыдағы жануарлар үшін сыртқы ортаның өзгерісі оларға жанама түрде әсер етіп, олардың эволюциялық өзгерісі төменгідей болады; сыртқы ортаның өзгеруі жануарлардың қажеттілігін өзгертеді, қажеттіліктің өзгеруі осы қажеттілікті қанағаттардыратын әдеттерді өзгертеді, әдеттің өзгеруі оның кейбір мүшелерін жиі пайдалануына не мүлде пайдаланбауына әкеледі де, бұл мүше не қарқынды дамып немесе әлсіреп мүлде жойылып кетеді. Ал бұндай жолмен түзілген жаңа белгілер тұқым қуалайды. Сөйтіп бір түр екінші түрге айналады.
Ж.Б Ламарк өзіне дейінгі жаратылыстанушылар тәрізді түрлердің өзгергіштігі туралы жеке дара пікір ғана айтып қоймай, бірінші болып біртұтас эволюциялық концепция құрастырды. Бірақ эволюциялық ілімнің негізгі мәселерін ғылыми фактілермен дәлелдеп бере алмады.